Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?

9 сәуір 2014 - aliya sartova

Дүниетану  2- сынып

Сабақтың  тақырыбы: Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?

Сабақтың  мақсаттары:

1)      Білімділік: Адам мен табиғат қарым-қатынасы туралы түсінік қалыптастыру, өздігінен оқу, мазмұндағы  құбылыстарды түсіну, өзін ойланту сияқты үрдістерге қосу.

2)      Дамытушылық: Сөздік қорларын  байыту,  терең ойлауға  және  еркін сөйлеуге үйрету. Шығармашылық  қабілетін  дамыту.

3)      Тәрбиелік: Отанды,  туған  жерді таныту, табиғатты  қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:плакат, күн.

Сабақтың  түрі:дәстүрлі сабақ.

Сабақтың   әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық  байланыс:әдебиеттік оқу, қазақ тілі.

                                  

                                    Сабақтың  барысы:

І Ұйымдастыру  бөлімі.

ІІ  Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша сұрақтарға беру, әңгімелеу, талдау жасату.

ІІІ  Жаңа  сабақ.

Күн-табиғаттың бір бөлшегі. Енлеше, адам жылуды күннен алады. Күн-табиғатқа жылу, жарық сыйлайды. Күзде, жазда, көктемде жылу жерге күннен мол тарайды. Адам, өсімдік, жанувр рақаттанып, тіршілік етеді. Күннен келетін жылу барлық тіршілік иелнріне, соның ішінде адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға да қажет. Мысалы ағаштар күннен алған жылудың артық мөлшерін денесінде сақтайды. Отынды жаққанда одан жылу бөлінеді, оған адам тамақ пісіруге, үйді жылытуға болады. Ендеше отын да табиғаттың заты, яғни өсімдіктер, жануарлар-бәрі-бәрі күн сияқты табиғаттың перзенті. Адам жылуды табиғаттан алады,- деген пікірдің бір дәлелі осы.Қыс кезінде адам өзі тұрған үйді от жағып жылытады. Адамдар жылы қыстық киімдер киеді. Жылы киімге керекті материалды мақтадан, аң мен малдың жүнінен, терісінен дайындайды. Адам үйді салғанда оған кірпіш, саз, құм, тас, ағаш, шыны, т.б құрылыс материалдарын пайдаланады. Бұл материалдар да табиғаттан алынады.

 

      1. Оқулықпен  жұмыс.  Мәтінді оқып, тапсырмалармен жұмыс жасау, сұрақтарға жауап беру.

1) Адамның жылуды, ауаны, жарықты, суды, тағамды табиғаттан қалай алатынын өз сөзіңмен әңгімеле.

2) Киім тігу үшін адамдар табиғаттан нені пайдаланады?

                    

      2.  Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

 

    3. Дәптермен жұмыс.Төмендегі сөздерді құрап оқысаң құрылыс материалдарының атауы шығады.

 

 

            
 
  Сердце: әк Сердце: құмм Сердце: бал Сердце: а Сердце: тас
 

 

 


                                         

 

    4. Жаңа  сабақты  бекіту: Табиғат адамға не береді? Сызба бойынша әңгіме құрастыру.

 

 

 

ІV  Оқушылардың  білімін  бағалау, мадақтау.

V   Үйге  тапсырма  беру: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151022

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар