Кестеден тыс қосу және азайту

21 қаңтар 2016 - Жанар Сакпегова

Кестеден тыс қосу және азайту
 

Сабақтың тақырыбы: Кестеден тыс қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін көрнекілікке сүйене отырып енгізу; сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету; Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін көрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету. Екі амалмен шығарылатын есепті (қосындыны, қалдықты табу, «сонша») шығаруды пысықтау. құрылымы күрделі санды өрнектер мен әріпті өрнектермен әр алуан іс — әрекеттер орындауға машықтандыру., ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым – қатынасқатәрбиелеу.
Барысы:
Ынтымақтастық ортасын құру:
— Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
— Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді.

Топқа бөліну:
— Топтарға бөлу;
— Оқушылар топқа бөлінеді.

Бағалау парағын түсіндіру:
— Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау. Толық орындалған тапсырмаға +, толық емес тапсырмаға « – « таңбасын қойып ортақ бағасын шығару.
— Оқушылар топтарға бөлінеді.+,- таңбаларын қою арқылы өздерін бағалайды.
Үй тапсырмасын сұрау:
117 беттегі 6 — тапсырма;

(48 + 2) + 5= 55
(57 — 7) – 2 = 48
(36 + 7) + 3 = 46
(65 — 7) + 4 = 62
Оқушылар берілген есептің шешуін оқиды.

«Кім жылдам» ойыны:
1. Шаршы дегеніміз?
2. Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
3. Кем десе не істейміз?
4. Периметр дегеніміз не?
Оқушылардың «Кім жылдам» ойыны арқылы көңіл күйлері көтеріледі.

1. Ой сергіту:
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг? (Сиыр екі аяғымен тұра алмайды.)
2. Дорбадағы он асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (Бір оқушы дорбасымен бірге алады.)

Математикалық диктант:
7 онд. = 70
1 онд. 2 бірл. = 12
3 онд. 9 бірл. = 39
1 сағ. 10 мин = 70
1 тәулік 2 сағ. = 26
9 онд. = 90
Оқушылар тақырыпты оқушылардың өздері ашуға жағдай жасау.
Ондықпен берілген сандарды бірлікпен жазады. Сағатты минутқа, тәулікті сағатқа айналдырып, сан түрінде жазады.

Тақтамен жұмыс:
№1 а. Мұғалімнің түсіндіруі.
26 + 7; 33 – 7 түріндегі қосу мен азайтуды түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс
№1 ә.
49 + 4
62 – 8
53 – 4
86 + 9
54 + 8
95 – 9
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
Тақтаға шығарады.
Есептер шығару
№2 Есепті шығар
Қоймада бірінші күні 20 қап, екінші күні одан 5 қап картоп артық іріктеді. Ал үшінші күні бірінші және екінші күні қанша болса, сонша картоп іріктелді. Үшінші күні қоймада неше қап картоп іріктелді?

Бірінші күні – 20 қап
Екінші күні -? 5 қап артық
Үшінші күні -?
Шешуі: (20 + 5) + 20 = 45 (қ)
Жауабы: Үшінші күні 45 қап картоп іріктелді.
Оқушылар ойланады, пайымдайды
Есепті шығарады.

Сергіту жаттығуы
оң  қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ.

Екі қолды қосқанда,

Болады екен 10 саусақ.
Оқушылар сергиді.
Топтық жұмыс:
№ 3
1 — топ. 83 + 7 = 80 + (3 + 7) = 90
83 + 9 = 80 + (3 + 9) = 93

2 — топ. 92 – 9 = 80 + (12 — 9) = 83
68 + 2 = 60 + (8 + 2) = 70

3 — топ. 74 – 4 = 70 + (4 — 4) = 70
74 – 8 = 60 + (14 — 8) = 66

4 — топ. 8 + 85 = (8 + 5) + 80 = 93
93 – 3 = 90 + (3 — 3) = 90
Оқушылар ойланады, пайымдайды, талдайды.

Есеп шығару. Тақтамен жұмыс.


№ 5
Бірінші күні – 36 сәбіз
Екінші күні –? — 6 сәбіз кем
Үшінші күні -?
Шешуі: (36 – 6) + 36 = 66 ©
Жауабы: Үшінші күні 66 сәбіз жинады.

Қорытынды:
Топтық жұмыс:
№ 6
1 — топ. 50 + (6 + 7) = 63
2 — топ. 40 + (13 – 9) = 44
3 — топ. 30 + (8 + 10) = 48
4 — топ. 60 – (15 – 8) = 53
Орындарында отырып топпен жұмыс жасайды. Топ басшылары тексереді.
Бағалау

Оқушылар тапсырманың орындалуына байланысты өз — өздерін бағалайды

Үйге тапсырма беру:
119 — бет, 7 — тапсырманы шығару

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103577

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар