Сұраулы сөйлем

20 мамыр 2014 - манат Тәжит

Қарағанды қаласы

№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі

Тәжит Манат Жанатқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ тілі. 2- сынып

Тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Мақсаты: Модулдік оқыту технологиясы арқылы сұраулы сөйлем туралы

білімдерін толықтыруға, тиянақтауға мүмкіндік жасау; өз

бетінше жұмыс жасауға баулу; оқушылардың оқу- әрекетімен

шұғылдануы арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін

дамыту; кез келген уақытта бір- біріне көмекке келуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: танымдық ойлау әдістері, көрнекілік, сұрақ- жауап.

Көрнекілігі: жеке суреттер, тірек- сызба, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты қапшықтан асықтарды таңдап алып, сандарға сәйкес 3 топ үстеліне /А, Ә, Б үстелдері/ бөліп отырғызу.

Үй тапсырмасын тексеру: 234- жаттығу. Сурет бойынша құраған сөйлемдерін оқыту. «Сұраған мен сұрау белгісі» өлеңін рөлге бөліп оқылады. /Сұрау белгісін бала қолына ұстап көрсетіп оқиды./

Сұраған: Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,

Саған осы не керек?

Сұрау белгісі: Маған ең алдымен, сұраулық шылау керек.

Олар жазылуға тиіс бөлек, екіншіден,

Сұраулық есімдіктер керек.

Олар қатысқан сөйлемдер соңында

Ойлашы өзің, не келеді?

«Киноға барамысың? Жаңа газет аламысың?»

Деген секілді сөйлемдерде, кей оқушы сен секілді,

Тыныс белгісін қоймай кетед. Өзің айтшы білсең,

Осылардың соңында, қандай белгі келеді?

Дауыс ырғағын да ескер деймін,

Жазғаныңды үнемі тескер деймін!

Мұны білмесең, бала, онда ісің шала!

(«Қызықты грамматика», 1984)

— Сұраулы сөйлем болу үшін қандай сұраулық шылау, сұраулық есімдіктер керек? /3 топтан мысал келтірту арқылы жауапты қорытындылау/

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары

Дауыс кідірісі Сұраулық шылау
Сұраулық есімдігі

ІІ.Жаңа сабаққа мақсат қою:

Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарымен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кітаппен жұмыс

235, 236- жаттығуларды орындау барысында сұраулы сөйлемде «неге, қандай, қалай т.б.» сұраулық мағына беретін сөздер қолданылатыны, сұраулы сөйлемнің өзіндік интонациясы болатыны меңгертіледі.

Дәптермен жұмыс (Дәптермен жұмыс ережесін еске салу)

238- жаттығу

Сабақтан кешікпе. Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы болма. Қар қалыңжауды ма?

Терме диктанты. Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз. Сұраулық есімдік пен шылауды тап. /әр үстелден 1 оқушы түсіндіріп талдайды/.

Шегене деген немене?

Соны білгің келе ме?

Шамалы, азды, шағынды

Бабалар деген шегене. (М. Әлімбай)

Сергіту сәті: Күннің көзі біздерді,

Жаттығуға тұрғызды.

«Бір» дегенде қолымыз,

Көтерілсін жоғары.

Ал төбеде көк шалғын,

Сыбдырлайды көңілді.

«Екі» деген кезде сен,

Түсіре қой қолыңды.

ІV.Бекіту:

А үстелі

Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Ақсары

Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе Ақсары бүркітке ұқсай ма Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап- сары. Ақсары- жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.

Ә үстелі

Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Әншi.
Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi. Балалар: “Бұл кiм ” деп таң қалды Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.

Б үстелі

Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

Қараторғайлар.

Жер тез кептi Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек. Ребус: 237- жаттығу

Жауабы: Кітапхана, қамқорлық. Сөйлемдер құрату.

Графикалық диктант. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.

V.Қорытынды:

Сұраулы сөйлем

Сұраулық шылау

Сұраулық есімдігі

VІ. Бағалау

Әр топ басшылары бағалау парақтарын толтырады.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні

№1

№2

№3

Қорытынды баға

1.

2.

VІІ.Үйге тапсырма



Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072340

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар