Сабақ жоспары 2 сынып. "Сын есім"

6 сәуір 2016 - Айгуль Баешова

Сабақтың  тақырыбы: Сын есім          

Сабақтың  мақсаты: 

1.     Жаттығулар  орындай  отырып сын есім туралы түсінік беру, сын есімді таба білуге үйрету.

2.     Тілін, сөздік қорларын дамыту.

3.     Ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кесте, Матрица, таратпа материал, слайд, ноутбук, проектор.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Қызығушылықтарын ояту

-Біздің дарқан дала жеріміз бар, кең байтақ еліміз бар, шалқып тасып жатқан айдын көлдеріміз бар ,қазақ деген атымыз бар. Осындай байлықтырымызды бетке ұстар сендерсіңдер. Болашақ сендердің қолдарыңда. Көк туымызды көкке самғататын сендерсіңдер. Сондықтан сабақты мұқият тыңдап, білімдеріңді шыңдай беріңдер.

2. Психологиялық дайындық . Сабақтың көшбасшысы сөйлейді.
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
(оқушылардың көңіл-күйін бақылау, сабаққа дайындықтарын тексеру)

ІІ. Қайталау: «Матрица әдісі»

-         Сөз таптарына не жатады?

-         Заттың атын білдіретін сөз табы?

-         Зат есімнің сұрақтары?

-         Зат есім нешеге бөлінеді?

-         Жалқы есімге не жатады?

-         Жалпы есім деген не?

-         Зат есімнің көптік жалғауларын ата.

-         Етістік дешен не?

-         Етістіктің сұрақтары?

-         Етістіктің неше түрі бар?

-         Етістіктің дара түріне мысал келтір.

-         Етістіктің күрделі түріне мысал келтір.

-         Жұмбақ шешу:

Бұл не?                                 Қызыл         дәмді       

 

 

                               үлкен                 Алма            домалақ

                                       

                                             тәтті                    шырынды

-         Ол туралы не айта аламыз?

-         Бұл сөздер нені білдіреді?

— Сонда бүгінгі тақырып қандай?

-Сын есім.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сын есім. Бүгін біз сендемен сын есім жегеніміз не екенін, оларды сөздер  арасында табуға үйренеміз.

ІІІ. Жаңа сабақ. 1.

Сын есім

Заттың сынын білдіреді

Қандай?   Қай?

Қызыл, үлкен, аласа, жұмсақ.

2. Оқулықпен жұмыс:

а/ 407-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беретінін, нені білдіретінін түсіндіру.    

ә/ 408-жаттығу мақалды жатқа жаз. Сын есімдерді тап, қай сөзбен байланысқанын сызбамен көрсет.

б/ Ережені шығару, талдау.

Сергіту сәті

 

3.     «5+30» әдісі

Терме диктант

Мен де балғын гүлмін!

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім.

Қызыл, көкшіл, сары

Әп-әдемі бәрі.

Бірі сондай ірі,

Ал нәпнәзік бірі.

Дейтін көкем: Күнім,

Дейтін апам; Гүлім.

Енді ғана білдім

Мен де балғын гүлмін!

·         Сын есімдерді теріп жаз.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру.

1.     Жаттықтырғыш бойынша жұмыс.

2.      «Түстер» ойыны. Көрсетілген заттын түсін айту және оларды үш тілде айту

Алмұрт,   сары-желтый- yellow (йелоу)

Қияр,  жасыл- зеленый- green (грин)

Қызанақ,   қызыл- красный- red (рэд)

Бұлт ,  көк-синий- blue (блу)

Баялды,   күлгін-фиолетовый- purple (пепл)

ҮІІ. Бекіту: Сонымен сын есім тақырыбын қорытындылау үшін тест жазайық.

Сын есім нені білдіреді? 
а) заттың түрін, түсін, сапасын 
ә) заттың қимылын, іс-әрекетін 
б) қимылдың қашан, қайда болғанын 

2. Сын есім қай сөз табымен байланысады? 
а) етістікпен ә) сан есіммен б) зат есіммен 

3. Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап. 
а) жіңішке ә) жұқа б) жуан 

4. Сын есімнің сұрағын көрсет 
а) неліктен? қалай ә) қандай? қай б) қайтті? неғылды? 

5. Қайсысы сын есім? 
а) дала, құм ә) ертең, биыл б) жүйрік, әдемі

6. Сын есімді тап. 
а) қышқыл ә) әкел б) екі 

7. мына сөйлемде сын есім қайсы: Еріншек адам ештеңе істемейді

А) адам ә) еріншек б) істемейді

 

-         Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

-         Қандай тапсырмаларды орындадық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:  410-411-жаттығу,

Бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152367

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар