Сан есім

19 қазан 2014 - Хадиша Қойшибаева

Күні

16 cәуір   2014жыл    Қазақ тілі    2сынып

Саабақтың  тақырыбы

Сан есім

Жалпы  мақсаты:

 Сан  есімнің заттың санын, ретін  білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Міндеті

Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту,  қиялын  ұштау.Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, ығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін  нәтиже

Оқушылар  жаттығулар, әр түрлі тапсырмалар орындау мақсатында сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қойып үйренді

Сілтемелер

Қазақ  тілі  «Алматы  Атамұра» баспасы  2014жыл, интернет материалдары, ресурстар, суреттер, кестелер.

Тапсырмалар

1.«Иә, жоқ» ойыны

2.Дәптермен  жұмыс

3.Оқулықпен  жұмыс

4.Жатқа жазу

5.Сергіту сәті  «Шығарманың  тақырыбын тап»

6.Топтық  жұмыс

7.Ойын: «Ойнап отыр, ойлап отыр»

8.«Қабырғаға қарап  оқу» ,« Автордың  орындығы»

9. Тест

 

                                                       Сабақтың   жүру  барысы

Уақыты

                         Мұғалімнің  іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

 

I.Ұйымдастыру  бөлімі. Сәлемдесу. Сыныпты  сөз таптары   арқылы  топқа бөлу.

Психологиялық  дайындық

Мұғалім:- Екі көзің не үшін керек?

Оқушылар: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім:    — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар:  — Ақыл-кеңес тыңдау  үшін.

Мұғалім:  — Екі қолың не үшін керек?

Оқушылар: — Елге көмек беру  үшін.

Мұғалім:    — Екі аяғың не үшін керек?

Оқушылар:  — Шетте жүрсең,

 Туған жерге жету үшін!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.466-жаттығу. Ребусты шешіп, әңгіме жазу. Ереже сұрау.1) Сан есім дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
Дара, күрделі, есептік, реттік түрлерін еске түсіру ережелерін сұрау мысал келтіру.
 

 Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.
Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек. Мысалы, сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә), «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ) «сан есімнің сұрақтары Неше? Нешінші? Қанша? Ма?», Он  жеті күрделі сан есім бе?, «оқып отыр» етістік пе? етістіктің сұрақтары Кім? Не? ма?, «жүзіп жүр» дара етістік пе?,  б. сұрақтар қойылады.

II.Жаңа сабақ

Дәптермен  жұмыс

16 cәуір

Сан есім

III.Оқулықпен  жұмыс

467-жаттығу

Жұмбақесепті  оқып, шешуін тап.

Сан есімдерді тап, сұрақ қой. Олардың қай  сөзбен байланысып  тұрғанын айт.

 

 

468-жаттығу  Жатқа жазу

Жаңылтпашты  жатқа жазу

Сан  есім мен зат есімнің  байланысын  сызбамен  көрсет.

Құрық  дегеннің  не екенін  білесің бе?

IY.Сергіту сәті  «Шығарманың  тақырыбын тап»

1. «Бұлдыр бұлдыр  күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен...»  Бала Абай М.Әуезов

2. «Қағылды  зор қоңырау, күмбірледі,» Алғашқы қоңырау. Ғ. Қайырбеков

3. «Төле би: Бұл түбі  ел билейді екен,» Әбілмансұр М. Әуезов

4. «Бірде  Абайлардікіне екі  бөгде  қонақ келіп қонды:» Бала Абай мен Барлас ақын М. Әуезов

5. «Әлгі  Қоңыр қозымды  киіндірші»  Қоңыр қозы Т.Жұртбай

6. «Жанарында  ой нұры тұнып тұр екен. Еліңнің  үмітін ақтармысың! Шіркін, оқудың  соңына  түсермісің.»  Бала Мұхтар мен Абай Т. Жұртбай

7. «Аспара», «Қызыл жебе», «көке» бұл сөздер қай шығармада  айтылды Бала Тұрар Ш.Мұртаза

 

Y.Топтық  жұмыс

1-топ  Зат есім  туралы не білеміз?

2-топ  Етістік  туралы  не білеміз?

3-топ  Сын  есім  туралы не білеміз?

4-топ  Сан  есім  туралы  не білеміз?

 

YI.Оқулықпен жұмыс

469- жаттығу(өзбетімен орындау)

Берілген  сұрақтарға  жауап беру

 

YII.IX Ойын: «Ойнап отыр, ойлап отыр»
Ойынның мақсаты: Баланың таным қабілетін, зейінін дамыту, шапшаң ойлауға үйрету.
 

Оқушы, алма, домбыра, әдемі, оқулық

Қызыл, биік, алпыс бес, жуан,  таза, ащы.

Бес, он алты, жүзді, жиырма, отыз, екі

Оқып отыр, тақта, күреді, жазды, жүзіп жүр

470-жаттығу

Жұмбақесепті  оқып,  шешуін тап. Бала  санын дәлелде.

Төлептің  барлық  баласы  он екі болған.

 

IX .«Қабырғаға қарап  оқу»

12-cәуір  ғарышкерлер күні туралы әңгіме жазу

«Автордың  орындығы» оқушылар  жазған әңгімелерін ортаға шығып оқып береді.

 

YIII. Тест арқылы бірін — бірі бағалау.
1. Заттың санын білдіретін сөз табы –
А) зат есім     Ә) сын есім     Б) сан есім
 

2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.
А) Қандай? Қай?
Ә) Қанша? Неше? Нешінші?
Б) Не істеді? Қайтті?
3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) бесінші        Ә) бес        Б) бесеу
 

4. Сан есімді тап.
А) сана, оқы
Ә) жиырма, үш жүз
Б) биыл, былтыр
 

5. Сөйлемнен сан есімді тап. Олжас бірінші орын алды.
А) Олжас
Ә) бірінші
Б) орын
В) алды.
 

 X Сабақты қорытындылау

 

Бағалау. Үйге тапсырма

471-жаттығу   Туған жер тақырыбында әңгіме жазып келу

 

 

 

 

 

Сәлемдесу. Сыныпты сөз  таптары арқылы  топқа  бөлемін.

 

 

 

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын артыру мақсатында психологиялық  дайындық  жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

Өтілген материалдарды  ойын арқылы  қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақесептің шешуін тауып, ондағы сан есімдерді тауып сұрақ қояды, сан есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады.

 

 

 

Оқушылар  жаңылтпашты жатқа  жазып, сан есімді зат есіммен байланысын  сызбамен көрсетеді

 

 

Оқушыларды сергітіп және әдебиеттік оқу пәнінен өткен шығармаларды еске түсіру мақсатында  жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ оқушылары  өздеріне  берілген  сөз таптарын  талқылап, дәлелдеп тапсырманы орындап, ортаға шығып  айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақтада берілген сөздердің ішінен артық сөзді жылдам тауып қай сөз табына жататындығын анықтап, оны дәлелдеп айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  мазмұнына байланысты әңгіме жазып, оны автордың орындығына отырып оқып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың сан есім туралы

білімін анықтап  бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорытындылауғ бағалау, үйге тапсырма беру.

       

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124449

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар