26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту.

20 ақпан 2015 - Құралай Рапихова

Математика 2 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы: 26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 26+42, 68-42 түріндегі қосу және азайтуды меңгерту.

    Оқушыларды алгоритмге машықтандыру, екі амалмен бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтай түсу. Оларды салыстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

    Шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімге деген құштарлықтарын ояту.

    Көрнекілік: өлеңдер, слайд 1,2

Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру

    Cабақтың барысы

    I. Ұйымдастыру кезеңі: Құтты қонақ келіпті,

    Төрімізге еніпті.

    Амандасу үлкенге,

    Тәрбиенің ізеті

    Сәлем дейік үлкенге

    Сәлеметсіздер ме апайлар!

    Сәлеметсіздер ме ағайлар!

    Психологиялық дайындық

    Бір, екі, үш,

    Сынып іші тып- тыныш

    Жалқаулықты тастаймыз

    Сабақты біз бастаймыз

    II.Үй тапсырмасын тексеру (дауыстап оқытып тексеру)

    1слайд бойынша орындау

    Ширату:

    Математика -қызық пән,

    Бәріміз оны білеміз

    Қызықты есеп шығарып,

    Тез жауабын береміз

    14+9= 56+7= 90-36= 55-9= 66+5=

    28-6= 60-6= 48+7= 39+6=

    2 слайд III Жаңа сабақ

    Түсіндіру: Қосындының мәні қалай табылған?

    Шешуі: 26

    +42

    68

    ондықтар

    бірліктер

    2

    6

    4

    2

    айырманың мәні қалай табылған?

      Шешуі: 68

      — 42

      26

      3 слайд

      Ереже: 1. бірліктерді бірліктердің астына, ондықтарды ондықтардың астына жазамыз.

      2. бірліктерді қосамыз (азайтамыз) нәтижелерін астына жазамыз.

      3. ондықтарды қосамыз (азайтамыз)

      4. жауабы ...

      IV. Оқулықпен жұмыс.

      4 слайд

        ондықтар

        бірліктер

        6

        8

        4

        2

      • Балалар, бұл тапсырманы орындамас бұрын жолда жүру ережелеріне тоқталайық.

        — Қоғамдық көлікке қай жерден отырамыз?

        -Аялдамадан.

      • Дұрыс, ендеше аялдамадан автобусқа отырайық та келесі есепті шығарайық

        3. түсіндіре отырып, шығар.

      34 46 67 78 25 59

      +12 -34 +32 -34 +43 -27

      46 12 99 44 68 32

      5 слайд

      — Есебіміз дұрыс шықты келесі сұраққа көшейік

      -Бағдаршам дегеніміз не? -Оның пайдасы қандай?

      № 6. есепті екі тәсілмен шығар:

        Б – 48 ж. Ш: 1) 48 – 12 = 36 2) 36 -8= 28

      Е — 12 ж. немесе

      Б — 8 ж. Ш. 48 — (12 +8) =28

      Қ —? Жауабы: жолаушы қалды.

      6 слайд

      V. Cерріту сәті

      7 слайд — Жүргіншілер қандай жолмен жүру керек?

      -Бағдаршамнан басқа қандай шартты белгілерді білеміз?

      5. Есептерді салыстыр және оларды шығар.

      1. І ұ – 36 ж. Ш: 36 – 24 = 12

      ІІ ұ –? 24 ж. арт. Ж: 12 жолаушы артық

      1. І ұ – 36 ж. Ш: 1) 36 + 24 = 60 2) 36 + 60 = 96

      ІІ ұ –? 24 ж. арт. Ж: барлығы 96 жолаушы болды

      8 слайд -Мына суретте бейнеленген оқиғаларды сипатта, балалардың іс- әрекеті дұрыс па?

      8. Өзіндік жұмыс.

      3 дм. 5 см. * 36 см. 45 сағ. * 56 сағ. — 11 сағ.

      18 м. * 40 м. — 10 м. 39 мин. + 1 мин. * 45 мин.

      9 слайд Есіңе сақта! (Әр ережені дауыстап оқыту)

      — Жолда велосипед теппе!

      • Жолда ойнама!
      • Жолдан жүгіріп өтпе!

        -Егер осы ережелерді естеріңе сақтасаңдар, есебіміз де дұрыс шығады.

      9. Теңдеу құр және оны шығар:

      х – 44 = 32 69 — х = 45

      х = 44 +32 х = 69 — 45

      х = 76 х = 24

      76 — 44 = 32 69 — 24 = 45

      -Балалар, жолда жүру ережелерін есімізге түсірдік, есептеріміз де дұрыс орындалды. Енді бүгінгі жаңа сабақта не өттік есімізге түсірейік.

      VI. Сабақты қорыту:

      Ойын ойнап, іздендік, дәптерге жазу түсірдік. Соныменен сабақта нені үйрендік, нені білдік?

      VIІ. Үйге тапсырма: 179 бет № 7

      Бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаКвадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141916

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар