3 сынып "Көл" Т.Молдағалиев

9 наурыз 2015 - Гулбагу Сембіқызы
3 сынып "Көл" Т.Молдағалиев

Алматы облысы Ескелді ауданы Қаратал орта мектебі

Сейфульдинова Гүлбану Сембіқызы

Сынып:

3 сынып

Пәні:

Әдебиеттік оқу

88

Сабақтың тақырыбы:

Т.Молдағалиев. Көл

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. Алматыкітап баспасы 2014ж

Сабақтың мақсаты:

Ақын өмірі мен шығармашылығы тура­лы түсінік беру. Өлеңді оқып, талдау арқылы туған жер табиғатын тануға, оның әдемілігін сезінуге жағдай туғызу

Күтілетін нәтиже

Пәндік нәтиже. Өлеңді оқып, талдау арқылы туған жер табиғатын тануға, оның әдемілігін сезінуге жағдай туғызады.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Көлдің ерекшелігін, адамдардың оған әсемдік ретінде қарау себептерінің ашылуына мүмкіндік беріледі. Өмірмен байланыстырылады…

Тұлғалық нәтиже. Оқушылардың табиғатты сүю, оны аялау сезімдерін ояту және қазіргі заманның нарықтық-экономикалық қатынастарының табиғатқа байланысын сездіреді.

Түйінді идеялар:

Тапсырмаларды талдай отырып, күнделікті өмірмен байланыстырып, салыстыра біледі.

Тараудағы кейіпкерлер іс-әрекетінен сабақ алады.

Тапсырма көздері:

Диалог әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды.

Топтық жұмыстар: өз ойын еркін жеткізу, сурет салу болжам айту, дәлелдеу.

Көрнекілік

Ақын портреті, «Балдырған» журналдары (журналдың бас редакторы ретінде), плакат, Қазақстан картасы.

Қолданылған модульдар

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту.Оқыту үшін және оқу үшін бағалау.

Сабақта орындалатын іс — әрекеті

Оқыту әдісі

Бағалау

Психологиялық дайындық.

«Теңіз жағасындағы демалыс» баяу әуен естіледі.

Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» мәтініндегі жолаушылардың ақыл сөздерін еске түсірейік

— Адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланба;

— Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе;

— Көңілің сыртқа ашық көрініп тұрсын.

Сыныпта жағымды ахуал орнатылады

Оқушыларға алдын ала жазуы бар қағаз қималары таратылады. Бастау, арна, сала, саға

Дүниетанудан алған білімдерімізді ортаға салайық.

    -Су қоймасы неден басталады? Бастау-1-топ

    -Бастаудан ағып келетін суды не дейді? Арна-2-топ

    -Арнаға келіп қосылатын басқа да суларды не дейді? сала-3-топ

    -Осы судың ағып келіп басқа су қоймасына құятын жерін не дейді? Саға-4-топ

    -Бастаудан шыққан су ағысы сонымен неге келіп құяды? Көлге

    -Олай болса, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Топқа бөлу

І. ызығушылықты арттыру

Оқушылар жыл басында оқығандарын еске түсіреді.

— Қазақстан көлдері туралы қандай шығармамен таныстық?

— Қазақстанның қандай көлдерін білеміз?

Тапсырма. Әр топ алдарындағы плакатқа жазғы маусым кезінде демалушыларды өз көлдеріне шақыратын жарнама дайындайды. «Болмайды!» дегеннен басқаның барлығына рұқсат етілетіндіктен, оқушылар өлең шығара ма, би билеп шыға ма, топпен «автобусқа отырып» бағыттарын (маршруттары көрсете ме, жол картасын сызып, оның тиімді, арзан, пайдалы, жайлы жағын жарнамалай ма — шығармашылық еркіндік беріледі. Бұл жұмыс кезінде балалардың білетіндері топта айтылып жинақталады. Ал білмейтін деректер энциклопедиялық сөздіктер, тағы басқа ақпарат көздері арқылы берілуі керек немесе оқушылар өздері ізденіп, оқып келеді. Көлдер туралы мәліметтер мен суреттер беріледі. Қазақстан көлдерін картадан да көрсетуіне болады.

Диалогтік оқыту

«Мені таңғалдырған…

Мені қызықтырған…

Бүгін мен жауаптарыңнан мынандай жағдайды байқадым...»

Өзара бағалау

ІІ. Мағынаны тану

— Балалар, сендердің көлдерің тамаша екені сөзсіз. Ал бүгін біз ақын Т.Молдағалиевтың «Көлі» қандай екенін көреміз.

Автормен таныстыруды «Балдырған» журналымен байланыстыру қажеттігі сөзсіз (Т. Молдағалиев көп жылдар «Балдырған» журналының бас редакторы болды).

Әр топ бір шумақты көлдің таңғы, күндізгі, кешкі әдемілігіне мән бере оқып, өз сөздерімен әңгімелеп айтады.

Қалай оқу керектігін үйрету

Смайликпен бағалау

— Көл тіршілігі сумен ғана өлшене ме? Ол несімен әдемі?

— Ақын көл бейнесін неге теңеген? Өлеңде тағы қандай теңеу сөз бар?

— Ақын көлді неге «айна көл» деп атайды?

— Ақын сипаттаған әдемі көл қай топтың көліне ұқсайды?

Өзара бағалау

Әр топқа бір сұрақтан беріледі. Топта жауабын қарастырып, басқа топтан осы сұрақтың жауабын алады, дұрыстығын бағалайды.

А оқушы: Көл тіршілігі суымен ғана өлшенеді.

Ақын көл бейнесін ботаға теңейді.

Ақынның көлді «айна көл» деп атау себебін білмеймін.

В оқушы: Көл тірішілігі сумен ғана өлшенбейді. Оның айналасындағы өсімдіктері әдемі.

Ақын көлді ботаның көзіне теңейді.

Ақынның көлді айнаға теңегендіктен «айна көл» деп атайды.

С оқушы: Көл тірішілігі сумен ғана өлшенбейді. Оның айналасындағы тал-құрақтары, тау-тастары, құстарымен әдемі.

Ақын көлді мөлдір ботаның көзіне теңейді. Сонымен қатар көл бетіндегі құстар базарын жамыраған қозыларға теңейді.

Ақынның көлді айнадай болып, бетіне түскен бейнені айқын көрсете білгендіктен «айна көл» деп атайды.

Сергіту сәті

«Ақ бұлақ» әні орындалады.

ІІІ. Ойтолғау

— Осындай тамаша көлдің табиғатын бұзбау үшін, адамдарға қандай кеңес берер едіңдер? Немесе көлдің әдемілігін қалай сақтап қалуға болар еді?

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Үйге тапсырма

Ұнаған өлең шумағын жаттау

Қорытынды

Сабақ соңынан оқушыларға жинақтау сұрақтарын қоюға бо­лады:

— Балалар, бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай әсер алдыңдар?

— Сен өз тобыңда жұмыс жасау кезінде қандай қиындыққа тап болдың?

— Топпен жұмыс кезінде бір-бірлеріңе деген көмекті қалай сезіндіңдер?

Сабақтағы жұмысыңды бағала.

Стикерде пікір білдіру

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышШ.Уалиханов. "Абылай хан" әдебиеттік оқу 4-сынып

БастауышЖ. Қашқынов "Ұнатам күзді мен"

БастауышАра мен шыбын

БастауышАраша

2 сыныпҮйшік (орыс ертегісі)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148548

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар