Қарапайым теңдеу құру және оларды шешу

21 қаңтар 2016 - Жанар Сакпегова

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым теңдеулер құру және оларды шешу.

Сабақтың мақсаты:1.Бағдарлама межісіне сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, қарапайым теңдеулер құруға арналған есептерді шығаруға жаттықтыру. Көбейту және бөлу кестелік жағдайларын тиянақтау

2. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту, оқушының ақыл ойының математикалық стилін, интеллектуалдық сезімін ояту, сондай-ақ ойын арқылы оқушының байқампаздығын дамыту.

3.  Баланың танымдық және коммунативтік іс-әрекеттерін өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу арқылы жылдам сөйлеуге, ойлауға ойын қорыта білуге өзінің салт – дәстүрін тануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: ұжымдық, топтық жұмыс,

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбекке баулу Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құрал жабдықтарын дайындау, назарын сабаққа аудару.

 ІІ а)Психологиялық дайындық

    — Бүгінгі күн ерекше, Мен сабақта, мектептемін. Менің зейінім тұрақты, Менің сабаққа ынтам зор. Өйткені мен бақыттымын!

— Себебі, біз тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз ел болып, бүкіл әлемге танылғандығына биыл міне 24 жыл болды. Сондықтан бүгінгі сабағымызды осы мерекеге қосқан үлесіміз деп білейік.

 Сыныпты стикер түсіне байланысты топқа бөлу.

Топ басшысын сайлау.

Ә) Өтілген тақырыптарды пысықтау.

« Семантикалық карта» (3-4 минут)

                                               І топ

 Өрнектер

 

                                 Жауаптар

160

162

471

881

604

7

1

284+187

 

 

+

 

 

 

 

169+712

 

 

 

+

 

 

 

40*4

+

 

 

 

 

 

 

100:100

 

 

 

 

 

 

+

490:70

 

 

 

 

 

+

 

546-384

 

+

 

 

 

 

 

1000-396

 

 

 

 

+

 

 

 

                                              ІІ топ

Өрнектер

 

                                 Жауаптар

     7

420

690

360

380

582

500

257+163

 

   +

 

 

 

 

 

346+236

 

 

 

 

 

   +

 

500*1

 

 

 

 

 

 

   +

1000-620

 

 

 

 

   +

 

 

560:80

    +

 

 

 

 

 

 

900-210

 

 

   +

 

 

 

 

60*6

 

 

 

   +

 

 

 

 

    Оқулықпен жұмыс.

№1. Теңдеу құр және оны шеш:

 ( Топ басшысы тобынан бір оқушыны тақтаға шығарады)

           І топ.

 1. Белгісіз санды 5- ке көбейткенде 20 шықты.

2.  Белгісіз санды 3- ке бөлгенде 100 шықты.

3.  400- ді белгісіз санға бөлгенде 100 шықты.

4.  60- ты белгісіз санға көбейткенде 300 шықты.

                             ІІ топ.

1.    8 шығу үшін 48- ді ұандай санға бөлу керек?

2.    Қандай санды 7- ге көбейткенде 42 шығады?

3.    569 шығу үшін 318- ді қандай санға қосу керек?

4.    55 шығу үшін 286- ны қандай саннан азайту керек?

№2. « Кім шапшаң» ойыны. Теңдеулердің жауаптарын ғана айту.

486, 600, 454, 4, 565, 400.

№3. Есептерді шығар:

 Әр топ өзіне тақырып таңдап алады.

1-тақырып. « Сауда орталығында».

Дүкен- 24                           Ш: 24:8=3

Бөлінді- 8 залға                 Ж: әр залда 3 дүкеннен бар.

Әр залда-? дүкен

2- тақырып. « Әңгімеші бала»

Дүйсенбі күні- 10 (к)

Сейсенбі күні- ?, 3 есе артық                ?

Сәрсенбіде- ?, 5 есе кем

Ш: 10*3=30

30:5=6

10+30+6=46

Ж: Үш күнде 46 әңгіме айтып берді.

  ҮІ. Сергіту сәті. ( Құстың үнін тыңдату)

№5.  Геометриялық тапсырма.

     Тік төртбұрыштың ұзындығы 5 см, ені 4 см. Әр қабырғасын 2 есе арттыр да осы тік төртбұрыштардың аудандарын және периметрін тап.     

 Ітоп                                             ІІ топ

А= 5 cм                                     А= 10 cм                                                                      

В= 4 см                                      В= 8 см             

P= (5см+4см)*2= 18см              P= (10 см+8 см)*2= 36 см          

S=5см*4см= 20см                       S=10 см*8 см= 80 см

    №6. Есептеп шығар.

Ұзындық өлшем бірліктерін еске түсірейік.

-         1м- де неше см бар?

-         1 дм- де қанша см бар?

-         1 м- де неше дм бар?

-         Өлшем бірліктері әр түрлі өрнектерді қалай есептейміз?

І топ.

9 дм 1см – 35см + 1дм 6см= 6дм 9см

7дм – 2дм 4см + 15см= 6дм 1см

ІІ топ

5м 3дм – 17дм – 2м 7дм= 9дм

10м – 8м 1дм – 34см= 1м 5дм 6см

   №7. Әр топқа геометриялық фигуралардың қиындыларын тарату. Содан бір фигура шығарып, оның бұрыштарын атау.

Ү. Қорыту. Тақтаға өрнектер жазып, соның ортақ қасиетін анықтау

5*4       20:20       100-80   12+8    ( бәрінің жауабы 20)

4*1       16:4          0+4       94-90   (бәрінің жауабы 4)

-         Балалар, екі санды қоссақ неше шығады?

-         Ол нені білдіреді?

-         Тәуелсіздігіміз мәңгі, өміріміз мәнді болсын !      

« Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға іледі. Бағалау. Үйге тапсырма: №4, 130-бет.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141132

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар