«Егінші мен қасқыр» ертегісі (3-сынып) Қысқа мерзімді сабақ жоспары

28 сәуір 2015 - Жанара Нығыманова

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы

Айыртас негізгі орта мектебі

Ж. Т. Нығыманова

Пәні: әдебиеттік оқу, Т. М. Әбдікәрім т.б., 3-сынып, «Атамұра» 2014

Мақсаты: «Егінші мен қасқыр» ертегісіндегі негізгі ойды түсіну, білу, қолдану.

Міндеті: — «Егінші мен қасқыр» ертегісін түсініп оқу:

-Ертегіні сахналау арқылы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін ашумен өзін- өзі реттеу;

-сыни тұрғыдан ойлана өзін және өзара бағалауға қалыптасады.

Оқып-үйренудің нәтижесі: — «Егінші мен қасқыр» ертегісін түсініп оқиды;

-ертегіні саханалау арқылы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін ашады;

-нанды құрметтеу ережесін анықтап, флипчартқа түсіреді;

-сыни тұрғыдан ойлана өзін және өзара бағалауға қалыптасады.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Шаттық шеңбер», «Нәтиже», «Шашу», «Миға шабуыл», «Әлқисса», «Бір қадам артқа», «Өкіл», «Топтастыру», «Кері байланыс», «Бағалау парағы».

Уақыты

кезеңдер

Мазмұны

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек

Кіріспе

5-7минут

«Шаттық шеңбер» (оң қол, сол қол).

Мақсаты: психологиялық көңіл-күйді реттеу.

Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. Топтастыру.

Жылы, достық қарым-қатынас орнайды. Топтасады.

Тамаша!

Күй «Көңіл толқыны», ойыншық.

«Нәтиже»

Мақсаты: өткен сабақты қайталау.

Шығармашылық деңгей тапсырмаларын тексереді: мақал-мәтел, ойтолғау, көрініс.

1.Допты қағып алған оқушы жинаған мақал-мәтелдерін ортаға салады. 2. Еркімен шығармаларын оқиды.

Жарайсыңдар!

Үй тапсырмасы бойынша «Кім жұлдыз?». Смайликпен бағалау.

Доп.

смайлик

Әр сабақтыңұстанымын еске салу.

Ұстаным.

Жарайсыңдар!

Ұстаным.

«Бір қадам артқа» (суретпен жұмыс)

Мақсаты: суретпен жұмыс арқылы бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау.

Суреттерден не көріп отырсыңдар? Суретке ат қой. Суреттегі тағамдар туралы айтыңдар. Осы тағамдар дастарханға қалай келеді?-деп ойлайсыңдар? Тәрізді сұраулар ұсынады.

Оқушылар суретке қарап өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады.

Жарайсыңдар!

Сурет, оқулық 48-бет

Негізгі бөлім.

15-17 мин.

«Миға шабуыл».

Мақсаты: жеке тұлға қалыптастыру.

«Оқытудағы драма»

Мақсаты: түйінді ойларды іріктеп жазып үйрену.

Мәтінді оқытады. Әр оқушыға ертегіні түсініп, мұқият оқуды тапсырады.

Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды.Ұйымдастырады

1.Оқиды, дәптерге негізгісін жазып алады. 2. Ертегіні рөлге бөліп оқу немесе сахналау. Топтық жұмыс.

Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.

Кітап, дәптермен жұмыс. АКТ, электронды оқулық, «Бағдаршам»

Сергіту сәті. «Әлқисса»

Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту.

Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады.

Қимылды қайталап сергиді.

Бәрекелді.

бейнеролик

«Топтастыру»

Мақсаты: жаңа білімді жинақтау.

1-тапсырма. Берілген сурет пен ертегі арасында байланыс бар ма? 2-тапсырма. Реттілігін анықта (Қос.1), 3-тапсырма. Дүниедегі ең дәмді тағам не деп ойлайсыңдар?

Топпен 1-сұраққа ойланып, спикер жауап береді. 2-сөздерді орындалу ретімен орналастырады. 3-пікірлерін дәлелдейді.

Кері байланыс. Жапсырма гүлдермен бір-бірін бағалайды яғни, «Бір жұлдыз»

желім, стикер, музыка. флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы қосымша1

«Ереже»

(нанды құрметтеу ережесін құрастыру) Мақсаты: метатаным дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды, ұйымдастырады

Ереже құрастырады. Флипчартқа түсіреді. Таныстырады.

«Бір жұлдыз»

желім, стикер, музыка. флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы

Қорытынды.

«Бағалау парағы».

Мақсаты:өзіне сыни көзбен баға беруге қалыптасу

Анықтайды, ұсыныстарын есепке алады, ескереді.

Блум таксономиясы бойынша бағалау шәкілін толтырады.

Блум жүйесімен бағалау парағы

Бағалау парағы.

Стикер.

Үйге тапсырма:

Ғ. Қайырбеков «Комбайншы» өлеңін жаттау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

3 сыныпВ. Сухомлинский «Қатқан нан» 3-сынып Қысқа мерзімді сабақ жоспары

3 сыныпШегіртке мен құмырсқа (3-сынып) Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141143

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар