В. Сухомлинский «Қатқан нан» 3-сынып Қысқа мерзімді сабақ жоспары

28 сәуір 2015 - Жанара Нығыманова

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы

Айыртас негізгі орта мектебі

Ж. Т. Нығыманова

Пәні: әдебиеттік оқу, Т. М. Әбдікәрім т.б., 3-сынып, «Атамұра» 2014

Мақсаты: «Қатқан нан» мәтінінің мазмұнымен таныса отырып, негізгі идеяны ұғыну.

Міндеті:-«Қатқан нан» мәтінінің мазмұнымен таныса отырып, негізгі идеяны ұғыну;

-мәтінді түсініп оқу, тұжырым жасау;

-өзін өзі реттеу дағдысын қалыптастыру,өз іс-әрекетіне баға беру.

Оқып-үйренудің нәтижесі: -мәтіннің мазмұнын таныса отырып, негізгі ойды, идеяны ұғынады;

-балалардың іс-әрекетіне мінездеме береді;

-мәтінді сыни тұрғыдан ойлай отырып, мәтінді тұсініп оқып тұжырымдайды.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Шаттық шеңбер», «Өрмекші торы», «Асық», «Бір қадам артқа», «Жұптас-ойлан-бөліс», «Топтастыру», «Кері байланыс», «Балапан», «Бағалау»

Уақыты

кезеңдер

Мазмұны

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек

Кіріспе

5-7минут

«Шаттық шеңбер» (бір-біріне жақсы тілектер айту).

Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу.

Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

Жылы, достық қарым-қатынас орнайды.

Тамаша!

Күй «Көңіл толқыны», ойыншық.

«Өрмекші торы»

Мақсаты: өткен сабақты қайталау.

Өткен тақырыпты тексеру. Жіпті ұстаған әр оқушы жауап беріп, келесі оқушыға ұсынумен кезек жауап береді. Өткен тақырып қандай? Не туралы айтылады? Жаттауға не берілді? Авторы? Өлеңнің аты? Жіп қолына тиген әрқайсың бір-бір жолдан жатқа айтыңдар.

Жіп алған оқушы ой-пікірлерін ортаға салады, шағын ойталқы жүзеге асады. Өлеңнің әр жолын қолына жіп тиген оқушы ретімен айтып шығады.

Жарайсыңдар!

Үй тапсырмасы бойынша «Кім жұлдыз?». Смайликпен бағалау.

«Өрмекші торы»

жіптер

смайлик

Тұсаукесер

3 минут

«Асықтар».

Мақсаты: оқушылар бірлесе жұмыс атқару түсті асықтармен топтасу.

Қоржындағы базарлықты ұсынады. Оқушылардың орналасуын қадағалайды.

Қоржыннан қолына түскен асықтың түсіне сай екі топқа топтасады: «қызыл» және «Ақ» түстер.

Бәрекелді!

Түсті асықтар.

Әр сабақтыңұстанымын еске салу.

Топтың алтын ережесі;

Әр баланың пікірі құнды.

Ұстаздың әр сөзін зейінмен тыңда.Бірлік бар жерде, тірлік бар. Еңбек бәрін де жеңбек.Осының бәрі де біздің қолымыздан келеді.

Жарайсыңдар!

Ұстаным.

«Бір қадам артқа» (ойшақыру)

Мақсаты: «диалог арқылы оқыту» әдісімен бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау.

-Жер-Ана адамдарды ерте заманнан асырап келеді. Жер адамға жемісін бермей қойса, аштық басталады. Аштықты болдырмас үшін не істер едің?

Оқушылар өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады.

Жарайсыңдар!

Сурет, оқулық 48-бет, АКТ, Электронды оқулық

Негізгі бөлім.

15-17 мин.

«Жұптас-ойлан-бөліс»

Мақсаты ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, мәтінді түсініп оқу талдау.

«Түртіп ал»

Мақсаты: түйінді ойларды іріктеп жазып үйрену.

1.Мәтінді оқытады және соңғы азат жолды қайталап оқытады. 2.Балалар дұрыс істеді ме, қалай ойлайсыңдар? 3. «Нан пісіру» тапсырмасын ұсынады.

Үнсіз оқушының қатысуын бақылайды. Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды. ұйымдастырады

1.Оқиды, дәптерге негізгісін жазып алады. 2.сыни тұрғыдан ойлана жауап береді.3. Аналарының нан пісіру кезеңін еске түсіре, «Нан пісіру» жобасын жобалайды: «Бауырсақ», «Нан пісіру»

Мұғалімнің қалыптастырушы (формативті) бағалауы.

Кітап, дәптермен жұмыс. АКТ, Электронды оқулық «стикер, музыка. флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы

Сергіту сәті: «Балапан биі»

Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту.

Ұйымдастырып, балалармен бірге серігумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады.

Бейне түсірілімдегі қимылды қайталап сергиді.

Тамаша!

Бейнеролик

«Кері байланыс»

Мақсаты: алған білімді жинақтау.

Реттілігін анықта: (Тұқым себу, жер жырту, жер өңдеу, жайқалған егін, егін жинау)

Білемін, үйрендім, білгім келеді әдіс бойынша оқушылар өз ойларын стикерлерге түсіреді.

Өте тамаша!

Қосымша1

Қорытынды.

«Бағалау парағы».

Мақсаты:өзіне сыни көзбен баға беруге қалыптастыру

Анықтайды, ұсыныстарын есепке алады, ескереді.

«Бағалау парағын» толтырады…

бағалау парағын

әр оқушы толтырды

Бағалау парағы.

Үйге

«Нансыз өмір жоқ» тақырыбында шығарманы аяқтау, мәтінді түсініп оқу.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

3 сыныпШегіртке мен құмырсқа (3-сынып) Қысқа мерзімді сабақ жоспары

3 сынып«Егінші мен қасқыр» ертегісі (3-сынып) Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084905

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар