Сөз таптары

7 мамыр 2015 - Рая Акимжанова

Мақсаты:

—1. Білімділік:: Оқушылардың білімдерін арттыра отырып, сөз таптары жайлы мағұлмат беру
—2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға үйрету
—3. Тәрбиелік: Оқушылардың бауырмалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу

—Көрнекілігі: слайд, ойындар

—Сабақтың түрі: жаңа сабақ
—Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын
—Сабақта қолданылатын технология: Модульдік оқыту технологиясы
—Сабақтың құрылымы:
—1.Ұйымдастыру кезеңі
—2.Оқушы білімін тексеру
—3.Мақсат қою кезеңі
—4.Жаңа материалды түсіндіру
—5.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
—6.Жаңа материалды бекіту
—7.Үйге тапсырма беру

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме?

Қалдарың қалай?

Көңіл-күйлерің жақсы ма?

Оқушы білімін тексеру

Деңгейлік тапсырмалар 1

Деңгейлік тапсырмалар 2

Деңгейлік тапсырмалар 3

1.Туынды сөздер дегеніміз не?

2.Жұрнақ дегеніміз не?

3.Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

1.Ф — қандай дыбыс?

2.Жалғау дегеніміз не?

3.Жалғау нешеге бөлінеді және оларды ата

1.Бастауыштың сұрағын айт

2.Немерелердің сөзінде неше буын бар?

3.Жуан дауысты дыбыстарды ата

IV. Жаңа материалды түсіндіру.

Морфология сөз таптары мен сөзқұрамын зерттейтін ғылым.

Зат есім

Заттың ұғымын, құбылысын білдіретін сөз табы

кім? кімдер?

не? нелер?

Етістік

Іс – қимылды, іс — әрекетті білдіретін сөз табы

не істеді? не қылды? қайтті?

Сын есім

Заттың түрін, түсін сапасын, салмағын білдіретін сөз табы

қандай?

қай?

Сан есім

Заттың санын білдіретін сөз табы

Қанша?

Неше?

V. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

—1– жаттығу. Мәтінді оқы. Неліктен сөздер сөз таптарына топтастырылғанын ойлап көр.
Көп нүктенің орнына тиісті сөз табын қойып айт.
—Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан — жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы затардың атын білдіретін сөздерді… дейміз.

Заттардың қимылын,

іс – әрекетін білдіретін сөздер… деп аталады.

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер… және… арқылы беріледі.

Сергіту сәті

2 – жаттығу. Әр сөз табы туралы білгеніңді айт

Зат есім Сын есім

Сан есім Етістік

3 – жаттығу. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыр.

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім

4 — жаттығу

6 –жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіннен борсық туралы не білгеніңді айтып бер.

—Борсық – Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.

— Борсықтарқыста ұйқыға кетеді. Бірақ қыстың жылымдық күндерінде оянып інінен шығатын кездері де болады. Борсықтың терісі мен майын ем үшін қолданатындықтан көптеп ауланады.

Зат есім дегеніміз не?

Етістік дегеніміз не және қандай сұрақтарға жауап береді?

•Қазақ тілінде сөз таптары неше?

•Борсықтың дене тұрқы неше сантиметр?

Морфология дегеніміз не?

•Қазақстандағы кең тараған жануар?

Үй тапсырмасы

•145 – бет. 7 – жаттығу.

—

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119675

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар