35 + 15, 50 - 15түріндегі ауызша есептеу тәсілдері

4 желтоқсан 2015 - Админ

   Пән: математика

    Сабақтың тақырыбы:  35 + 15, 50 — 15түріндегі ауызша есептеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: бірліктерді толық ондықтарға дейін толықтыру (толық ондықтан азайту) және ондықтарды қосу және азайтуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін, оларды есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын пысықтау.

Дамытушылық:Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту.

Тәрбиелік:Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі:«Танымдық ойын» сабақ.

Сабақтың өтілу әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, «Алтын қақпа» ойын элементтері.

Пәнаралық байланыс: ән, ана тілі, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

— Оқушыларды сабаққа бағыттау.

— Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Психологиялық дайынды 

  — Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір — бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.

   Ой сананы арттыру,

   Бүгінгі күн талабы.

   Біле білсең бұл дәуір,

   Математика заманы.

Балалар сабақта дұрыс отыру ережелеріне назар аударалық. Ендеше қонақтарымызбен амандасып алалық:

Үлкенге ізет

Кішіге құрмет.

Сіздерге бізден

Құрметпен сәлем.

Сабақта топтардың ережелерін еске салу.

1 — ереже: Сабақта бір — бірімізді тыңдаймыз!

2 — ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!

3 — ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!

4 — ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

— Ал, енді қандай баға алатындарыңды айтыңдаршы?

Біз білімді баламыз,

Күнде бестік аламыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз.

Біз баламыз.

Бүгін неше аламыз?

Бір керегі жоқ,

Екі керегі жоқ,

Үш керегі жоқ,

Төрт орташа,

Бес тамаша!

І. Үй тапсырмасын тексеру.

Бірнеше оқушыға оқытып сұраймын.

Балалар,26саны туралы не айтасыңдар?

11,52,64.77,85,17,22,46

Өткен сабақта біз  68+2 және 70-2 сандарын  қосып, азайтқанбыз.Яғни  екітаңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайту.

68+2=60+(8+2(=70

70-2=60+(10-2)=68

ІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «35+15,50-15түріндегі ауызша есептеу тәсілдері.»

35-санында 3онд5бірл, ал 15санында 1онд5бірл.Ол-екітаңбалы сан.

35санының көршілері 34 және36.тақ сан

Ал 15санында 1онд5бірл.Олда екітаңбалы сан.

15санының көршілері 14және16сандары,

Бұл екітаңбалы сандарды қосу үшін 35+15санының құрамын табамыз.Яғни 10+5

35+15=35+(10+5(=45+5=50немесе ондыққа ондықты, бірлікке бірлікті қосамыз.

50-15=(50-10(-5=40-5=35

IІІ. Кіріспе

Балалар, бүгін біз «Алтын сандық» ойынынойнаймыз.

«Алтын сандық» ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда сандықтан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз.

Ендеше, «Алтын сандық» ойынына қош келдіңдер!

-Сандық-көнеден келе жатқан жиһаздың бірі.Оның бірнеше түрі болады. Шай сандық, мата сандық, т.б

Қыздардың жасауымен бірге берген.

-Бүгін сендер қақпадағы тапсырмаларды орындау арқылы сандықтың ішіндегі математикалық керемет нақыл сөзбен танысасыңдар.

Ең әуелі үш топқа бөлінеміз.

Ол үшін  бірінші қақпаның тапсырмасын орындаймыз.

«Мыс қақпа» тапсырмасы.Ауызша есеп.

№1

24+6=30                   57+3=60                     47см+3см=50см

55+5=60                    93+7=100                  51см+9см=60см

30-6=24                    100-4=96                    80см-4см=76см

Тапсырмалар орындалып, «Мыс қақпа» ашылады. Қақпадан нақыл сөз шығады.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Математика қызықты тоймайтұғын.

«Күміс қақпа» тапсырмасы

№3  Тақтамен жұмыс.Үш қатардан оқушылар шығып тақтаға шығарады.

55+25  75

    +20    +5

           75

«Күміс  қақпа» ашылады.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді сендерді

Математика сырына.

Сергіту сәті

Көлбең-көлбең етеді,

Қалай ұшады?

Көлбең-көлбең етеді,

Аю қалай жүреді?

Көлбең-көлбең етеді,

Қоян қалай секіреді?

«Алтынқақпа» тапсырмасы

№4

I-25 б.

ІІ-?,15-і артық

ІІІ-?,5-еуі кем

25+15=40-5=35

«Алтын  қақпа» ашылады.

Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың болар табылатын қасыңнан.

«Алтын сандық» тапсырмасы

№6

15+в=20

В=20-15

В=5

15+5=20

20=20

«Алтын сандықтан» – «Білім – байлық» деген сөз шығады.

Жалынды жастық желкені,

Егеменді елдің ертеңі – Біз боламыз!

Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Ендеше білімді болуға тырысайық!

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

3. 40 та неше ондық бар?

а) 3 онд ә) 6 онд б) 4 онд

4. 56 да неше ондық, неше бірлік бар?

ә) 5 онд 6 бірл

5. Таба нан – 8, тоқаш – 12, барлығы – ?

б) 20

Екітаңбалы санға екітаңбалы санды қалай қосамыз.

25+25, 15+15,55+35

Екітаңбалы саннан екітаңбалы санды қалай азайтамыз.

Шығармашылық жұмыс.

Т + 10 =                     3 + кір =

6 + Н =                       5 + ік =

7 + К =                       С + 10 + а =

100 + ім =                  Қ + 10 + ақ =

К + 2 + Л =                8 + көз =

 

Ү. Қорытындылау, оқушыларды бағалау

Бәрекелді, балалар!

Бәріңе бестік баға бар.

Азамат боп өсіңдер

Ел қадірін бағалар.

ҮІ. Үйге тапсырма№7

Күнделікті енді алайық,

Үй тапсырмасын жазайық

Математикадан алған білімді

Ұмытпай есте сақтайық.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083479

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар