Өткен шақ

20 қаңтар 2014 - Админ
Өткен шақ

 Павлодар облысы Май ауданы

Қаратерек ауылы 

Қаратерек ЖОББМ

Уалиева Эльвира Танатовна

Сынып     4     қазақ тілі          

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ

Сабақтың мақсаты:өткен шақ қимылдың,іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын          болып,істеліп кеткенін білдіретіндігін түсіндіру;

Есте сақтау қаблеттерін,сөздік қорларын дамыту;

Жаттығу жұмыстарын дұрыс, таза орындау.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру,жаттығу жұмыстарын,шығармашылық тапсырмаларды орындау.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

 Ережелерді қайталау

ІІІ.Сұрақ-жауап

 Етістік дегеніміз не?

Етістіктің жіктелуі

Етістіктің неше шағы бар? Мысал келтіру

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 Өткен шақ іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіреді.Өткен шақ етістіктері не істедім? не істедің?не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.

1-жаттығу ауызша орындау

1-тапсырма.

  Төмендегі шартты белгілерді пайдаланып,сөйлем құрастырып жаз.Етістікті өткен шақта жазу.

 

-мен                                           -біз

 

-сен                                             -сендер

 

-сіз       -сіз-с--сіздер                        --сіздер     -

 

 

          -ол                                         -олар

 

 

Не істедім?  не істедің?   Не істеді?

 

 

анама үй                                                       серуендеуге

 

 

«Мөлдір бұлақ»журналына                        қызықты кітап      

 

 

оқулығынды таза    

 

2-жаттығу.Өлеңді түсініп оқып, көшіріп жаз.

 Сонау  жылы жер- көкті             Қосамыз біз өлеңге,

Соғыс бұлты торлаған.         Айтамыз біз ән қылып.

Сонда Мәншүк әпкеміз         Мәншүк әпке ерлігі

Жаудан елді қорғаған.          Ұмытылмас мәңгілік!

 

Екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтінді жалғастырып жазу.Етістіктерді теріп жазып өткен шаққа айналдыр.   

1.Бұл-піл,бұл ірі піл

2.Шеше,шеше

Неше кесе сынды кеше?

Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды.Бір кезде үйге үлкен піл кіріп келді. ...

3-жаттығу.Төмендегі етістіктерді өткен шақта жаз.

Киін,жаз,тербет

 Көркем жазу

 Тоқыды,салды,барды.

Осы сөздермен сөйлем құрастырып жаз.Жекеше түрде жіктеп жаз

Мен тоқыдым,салдым,бардым

Сен тоқыдың,салдың,бардың

Сіз тоқыдыңыз,салдыңыз,бардыңыз

Ол тоқыды,салды,барды

4-жаттығу.Жаңылтпашты көшіріп жазып,етістіктердің астын сыз.

 Тіреушке түйреген түйреуішті,

Күлдіреуішке тіреген тіреуішті.

Күлдіреуішке тірегем тірелмепті,

Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті.

 

Түйреген-түйреді,тіреген-тіреді

 

"Тез ойла,сөз ойла"

"Не?"

... құлындайды

...қоздайды

...боталайды

...бұзаулайды

 

                Өткен шақ                         Осы шақ

Мұғалім ...

Тігінші ...

Жазушы ...

Ұшқыш ...

Сабақты қортындылау.

Үйге тапсырма:5-жаттығу,ереже жаттау 122 бет

Бағалау .

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124414

Пікірлер (1)
Жамила Даукараева # 9 желтоқсан 2015 в 17:36 0
Сабақ құрылымы өте жақсы. Маған ұнады

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар