Апамның астауы (4 сынып)

29 наурыз 2015 - Арыухан Актилевова

Мұнайлы ауданы№9жалпы білім беру орта мектебі

Ашық сабақ

Пәні: Ана тілі

Тақырыбы: Апамның астауы

Өткізген: Актилевова А

4«Д» сынып

2014-2015

оқу жылы.

Тақырыбы: Апамның астауы. Оралхан Бөкей.

.

Мақсаты: Оқушыны Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; баланың анаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін сезінуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Түсіндіру

Көрнекілігі: суреттер, кесте, интероктивті тақта, қосымша дәптерлер, бағалау парағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам тастаймыз

Сыныбымыз тап-таза

Борда дайын тақтада

Ойымызды жинақтап

Отырайық партаға

Топтастыру

1 – топ – Суретшілер; 2- топ – Жазушылар; 3 – топ – Шығармашылық; 4 – топ – Өнер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Берілген жоспарды мәтін бойынша мазмұндама жазып келу

    1.Бауыржанның қобалжуы

    2.Балалардың адасқан машинаға көмектесуі

    3.Ата-анасының қобалжуы

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Кеспе қағаздар бойынша сұрақ арқылы қортындылаймын.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ:

Оралқан Бөкей «Апамның астауы» жазушы туралы мағлұмат беремін.

1943 жылы Шығыс Қазақстан Облысы Катон – Қарағай ауданы Шыңғыстау ауылында туған. Қазақтын дарынды жазушысы, драматург. Өзінің туған күні туралы былай деген екен «Әр қыркүйек – қазақ әдебиеті үшін қайырлы күн. М. Әуезов, Ш.Мұртазаның туған күні де қыркүйек, мен де осы күні дүниеге келіппін.

«Кербұғы, Қамшыгер, Үркер, Қайдасың қасқа құлыным, Өз отыңды өшірме» т.б. шығармалардың авторы.

А) Ой қозғау,

— Астау туралы не білеміз? – Ыдыс.

— Ағаштан ойылып жасалынған зат. – Астау.

ә) Мағнаны ашу топпен жұмыс.

1 – топ – Суретшілер; 2- топ – Жазушылар; 3 – топ – Шығармашылық; 4 – топ – Өнер.

4.Топ мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, топ басшылары мазмұнын түсіндіреді. (топ мүшелері жаңа сөздерге түсіндірме береді.)

Келі – тары, бидай т.б. дәнді дақылдарды түйетін құрал.

Астау – ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс

(Слаидтан көрсетіп толық мағлұмат беру.)

Оқулықпен жұмыс. Тізбектеп оқу, түсініп оқу. Теріп оқу

Сөздік жұмыс. (Слайд арқылы көрсетіп түсіндіру)

Келі – тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал.

Астау – ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс. Әңгімешінің (автордың) балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен? Әңгімені оқып отырып, Апаны көз алдына қалай елестеттің?

Тез оқу дағдысын дамыту үшін әр топқа тапсырма беремін.

1-топ Мәтінен әженің портретін суреттемелерін тауып оқыңдар.

2-топ Шығармадағы автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған сөздерді ата.

3-топ Мәтінен жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімдері айтылған жолдарды тауып оқыңдар.

4-топ Мәтінде сөз болып отырған қол – өнер түрлерін санамалап айт.

Ә) Ойлау қабілеттерін ұштау мақсатында әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ Апаның суретін салады.

2-топ Өз үйлеріндегі апалары туралы эссе жазады.

3-топ Апа, ана туралы мақал – мәтелдер, апа, ана, әже туралы білетін әндерін еске түсіреді.

4-топ 5-жолды өлең жазу.

Б) Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтарға жауап береді.

1.Әнгіме кімнің атынан баяндалған?

2. Жазушының ілтипатпен, ыстық сезімен еске алып отырғаны кім?

3. Автордың балалық шағында ойнаған ойындары қандай?

4. Жазушы қонаққа барған кезіне байланысты апасы туралы не дейді?

5. Отынға барған сәтіне байланысты апасы туралы не дейді?

Толғаныс сәті (сабақты қорытындылау).

Мұнда төмендегі кестені толтыру әдісімен жұмыс жасаймыз.

-не білеміз? Нені білдік? Нені білгіміз келеді?

Үй тапсырма. О.Бөкей «Апамның астауы» әңгімесін оқу., хат жазу

Оқушыларды бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130021

Пікірлер (1)
Гулбарам # 29 ақпан 2016 в 23:38 0
Сабақ жоспары жақсы құрылған,рахмет

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар