Ақжолтай Ағыбай батыр.

15 маусым 2014 - Лаззат Сейсенбаева

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Бейнеу мектеп- интернаты»мм -нің

мұғалімі Сейсенбаева Ләззат

Сабақтың тақырыбы: Ақжолтай Ағыбай батыр. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Мәтіннің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Автор туралы мағлұмат беру. Дамытушылығы. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелілігі: отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.Оқушы бойына адалдық, шыншылдық, батырлық сынды ізгі қасиеттерді сіңіру. Пәнаралық байланыс:қазақ тілі. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. 2.Үй тапсырмасы. Өткен сабақты бекіту сұрақтары: Миға шабуыл. « Елі үшін туған ерлерім» 1. Мәтінде ел басынан өткізген қандай кезең туралы айтылады? 2.Мәтіндегі аты аталған батыр кім, ол туралы не білдік? 3.Мәтіндегі негізгі ой? Проблемалық сұрақ: Қазақ батырлары не үшін атқа қонды? Елжандылық дегенді қалай түсінесіңдер? Күннің жады. Тақырып: Ақжолтай Ағыбай батыр. Мағынаны тану. «Білгенге маржан» Сөздікпен жұмыс. Автор туралы мағлұмат. Мәтінді оқу, түсіндіру. «Рольдегі оқушылар»

1-топ. Мәнерлеп оқу. 2-топ. Мазмұнын айту. Түсіну стратегиясы. «Қаһарлы ел қамал бұзар» Сұрақтардың жауабын мәтіннен тауып оқу, сол бойынша жоспар құру. 1-топ сұрақтардың жауабын тауып оқиды. 2-топ сол бойынша жоспар құрады. Сұрақтар: 1.Мәтіндегі патша үкіметінің саясаты туралы айтылған жерлерді тауып оқы. 2. Кенесары кім? Мәтінде ол туралы не айтылған? ( тауып оқы) 3.Неліктен Ағыбай батыр есімі Кенесары ханның есімімен қатар айтылады? ( тауып оқы) 4.Ағыбай батырды халық қалай бағалады? Оны неліктен Ақжолтай батыр атаған? ( тауып оқы)

2-топ. Жоспар: 1.Патша үкіметінің саясаты. 2.Кенесары –ел қорғаны. 3.Ағыбай батыр-әскери кеңесші. 4.Ақжолтай батыр.

Ағыбай батыр туралы мәлімет.

Сергіту сәті. «Деректерге үңілсек…

Мәтінде қандай хандардың аты аталады?

Кенесары Қасымұлы (1802-1847) туралы айтып өту.

Абылай хан туралы

Шығармашылық тапсырма: Поэзия минуты: «Атыңнан айналайын, ата-жұртым!» Сұрақ: соғыс деген сөздің антонимі қандай? ( бейбітшілік) Тапсырма: 1-топ. Соғыс деген сөзді топтастыру.

2 топ.Бейбітшілік сөзін топтастыру

Тәуелсіздігімізге қашан, қалай қол жеткіздік? Желтоқсан қаһармандарын ата.( Желтоқсан оқиғасы туралы )

«Мәтін» кестесін құру.

Мәтіннің аты

Ақжолтай Ағыбай батыр

Авторы

Марат Әбсемет

Тақырыбы

Азаттық жолындағы ерлік пен күрес

Идеясы

Ел тыныш болу үшін, басшысы мықты болу керек

Түйін

Отанды сүю, елжанды болу.

Сабақты қорыту. Бағалау.Үйге тапсырма; эссе жазу.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130061

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар