Абай. Жаз .ана тілі

11 тамыз 2015 - Рима Зекенова
Абай. Жаз .ана  тілі

Cабақтың тақырыбы: Жаз. Абай

Мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту. «Жаз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды имандылыққа, табиғатты сүйе білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: сөздік, сұрақ — жауап,
Көрнекілік: Абай суреті, Жаз мезгілінің суреті
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық ( бейне роликтегі биге назар аудара отырып, сергіп алу)

2. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды топқа бөлу
1 — топ «маусым».
2 — топ «шілде»
3 — топ «тамыз»
Неліктен мен сендерді топқа бөлгенде маусым, шілде, тамыз деп бөлдім.

«Ой қозғау»:

— Әр топқа жаз айларында болатын ерекшеліктер туралы мәтін беріледі, сол мәтінді оқи отырып оқушылар өз ойларын айтады.

-Ал, енді оқушылар мен сендерге неліктен бұл мәтіндерді берді деп ойлайсыңдар?

— Ендеше мәтіннен түсінген ойларыңды ортаға саламыз. Осы сәтте сурет қиындылары құрастырылып, жаздың бейнеленген суреті шығады. Шыққан суретке қарай отырып өз ойларын айдады.

<img width=«348» height=«228» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif» alt=«https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS83ehwYEHUr_hv8oaUEuTOxj9BA4ggo6946UInf_mXBd9pC48I» v:shapes=«Рисунок_x0020_1»>

    -Жарайсыңдар балалар, жыл мезгілдерін атап жібейікші

    -Ендеше осы 4 жыл мезгіліне арнап өлең жазған қазақтың ақыны кім?

    -Ол ақын туралы не білеміз? ( ойларын ортаға салу)

<img width=«144» height=«102» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.gif» v:shapes="_x0000_s1033">

<img width=«170» height=«112» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.gif» v:shapes="_x0000_s1032"><img width=«144» height=«102» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.gif» v:shapes="_x0000_s1028"> Ақын

<img width=«182» height=«95» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image006.gif» v:shapes="_x0000_s1027"> Композитор

ИбраҺим Абай

Құнанбаев

<img width=«145» height=«103» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image007.gif» v:shapes="_x0000_s1031"><img width=«144» height=«102» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image008.gif» v:shapes="_x0000_s1029">

<img width=«153» height=«118» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image009.gif» v:shapes="_x0000_s1030"> Жазушы Сазгер

Қоғам

қайраткері

Мұғалім түсіндірмесі

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

    -Ендеше, балалар, бүгін біз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Жаз » өлеңімен танысамыз.

    -Мұғалім өлеңді жатқа оқиды.

    -Содан соң өлеңдегі берілген көркем сөздермен жұмыс жасау.

    Көкорай шалғын — жасыл шөптері жайқалып өскен жер.

    Шалғыннан жоны — биік болып өскен шөптер.

    Бүйірі шығып, ыңқылдап – семіріп.

    -Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту

    -Өлеңді қара сөзбен мазмұндату.

    Топпен жұмыс

    І топ — Жаздыгүнгі табиғатты сипаттап айту;

    ІІ топ — Жан — жануарлардың жазғы тіршілігі

    ІІІ топ — жазғы жайлауды суреттеу

    Бағалауы

    Бас бармақпен бағалау.

    Музыка сәті

    -Оқушылармен бірігіп отырып Абайдың «Желсіз түнде жарық — ай» атты өлеңін орындау.

    Тапсырма.

    -Балалар өлең не туралы болды?

    -Сендерге өлең ұнады ма?

    -Ендеше, өлеңде не суреттелген соны алдарыңда берілген постерге салып топта қорғаймыз.

    Бағалауы

    Екі жұлдыз, бір тілек.

    -Бүгінгі сабақта түсінгенімізді қорыту үшін сіздерге деңгейлік тапсырмалар беріледі.

    -І – деңгей

    Жаз мезгіліне байланысты мақал — мәтел жаз

    ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    ІІ – деңгей

    Тірек сөздерді қолдана отырып шағын эссе жаз.

    Көгілдір аспан, құрт – құмырсқа, жеміс – жидек.

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІІ – деңгей Жаз туралы өлең құрастыру _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты бекіту

Жұмбақтарды шеше отырып жаздағы жайлауды құрап шығару.

<img width=«577» height=«356» src=«file:///C:/Users/Sony/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image011.jpg» alt=«https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQ9s473D2rrOngXCL2iFjyEBB_TqSHEMH8AwloxKBM4mUMExLVpGg» v:shapes=«Рисунок_x0020_13»>

Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім? ( құлыншақ)

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. ( ешкі)

Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем. ( жылқы)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. ( қой)

Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі. ( киіз үй)

Төңкерсең күмбез сынды,

Шалқайтсаң құдық сынды.

Жиегiнде қос құлағы бар,

Тiк көтерген үш бұтағы бар. ( ошақ пен қазан)


Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар — деген Абай атамыздың тамаша бір сөзімен аяқтағым келіп отыр.

Бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129976

Пікірлер (3)
Базаргүл Алтынбекқызы # 25 тамыз 2015 в 22:43 0
Абайдың табиғатты суреттеген лирикалық өлеңдері әр жыл мезгілдерін тамаша суреттеген, тәрбиелік мәні зор.
Рима # 26 тамыз 2015 в 22:21 0
рахмет коп коп
Рима # 13 наурыз 2016 в 16:42 0
рахмет

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар