АЛТЫН САҚА ОЙЫНЫ

12 қазан 2014 - Лора Жандосова

       Жандосова Лора Серікбайқызы

№ 3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

 

                                     

ӘдеБиеттік оқу

«Алтын сақа» ойыны

Тақырыбы: Төрт түлік

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың төрт түлік туралы ұғымдарын дамыту. Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлау қабілетін арттыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, әдет-ғұрыпты сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асық, конверттер.

Сабақтың типі:танымдық

Сабақтың мазмұны:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық  даярлық.

  1. Кіріспе сөз

Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы отыр. Халық ойыны асық арқылы «Алтын сақа» ойыны негізінде өткізілгелі отырмын. «Алтын сақа» ойыны қазақ халқына тән ойын. Асық жинау арқылы ұпай (баға) жинаймыз. Өткен тауарлар мен бүгінгі аяқтаған бөлім бойынша сұрақтар беріледі.

            Ойынға қатысушыларды іріктеу.

Табалдырық кезінде қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген 4 оқушы ойынға шығады.

1-сұрақ: «Аласын білім кітаптан» кімнің шығармасы?

2-сұрақ: Мені босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал. Қай ертегі? Қандай кез?

3-сұрақ: Бір қарын майды не шірітеді?

4-сұрақ: Абайдың әжесі кім?

5-сұрақ: Қартқожа жазық далада. Көлікшінің, жалаңбас – қай шығарма?

6-сұрақ: Қайыршы шал-кемпірді бейнелеген жыл мезгілі?

7-сұрақ: Білекті бірді жығады, білімді не істейді?

8-сұрақ: Қазақтың ұлы ғалымы?

9-сұрақ: Екі мүйізді, төрт аяқты. Адам емес.

10-сұрақ: Адамның ең жаманы не?

Асық иіріледі.

Ойыншылардың номері анықталады.

Алшы 1                      Шік 3

Табан 2                      Бүк 4

 

«ӘУДЕМЖЕР»

  1. Түйе жейтін шөп.
  2. Сахара кемесі не?
  3. Мұрыннан көкке шүйірген,

Мүйізі айдай иірілген?

  1. Ненің сүті қорғасын?
  2. Жылқы пірі не?
  3. Қымыз қай түлікке тән сусын?

 

«ҚОЗЫКӨШ ЖЕР» (Жанды сұрақ)

  1. Еңбекқор адамға беретін түлік?
  2. Бақырауық жануар?
  3. Шашақтай құйрығы

Жұп-жұмыр денесі

Қай түлік төлі?

 

«БЕЛАСАР»

  1. Найзалы ерге бітетін түлік?
  2. Әр малдың өз үні болады?
  3. Жылқыда не жоқ?

 

«ЖОЛАЙРЫҚ»

Мойны қаздікі

Ерні қояндікі,

Аяғы керікті,

Табаны өзінікі

Бұл қай жануар?

 

«Алтын сақа» иегерін анықтау.

Бағалау.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаСу әлеміне саяхат. (Шомылу маусымының ашылу салтанаты)

Бастауыш"Төрт түлік" (Тәрбие сағаты)

ҰстаздарғаОйын-бала өмірінің маңызды бөлшегі (Семинар-практикум)

МатематикаСыныптан тыс жұмыс «Ойнайық, та ойлайық!»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072399

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар