Аспан әлемі

18 маусым 2016 - Құралай Орманова

Алматы  облысы

Райымбек  ауданы

Текес  ауылы.

Қ.Шорманов  атындағы  мектеп  жанындағы

«Балбөбек» шағын  орталығының 

тәрбиешісі  Әбдеракбаева Кулнара Бексултанқызы

 

Білім беру саласы:  « Қатынас».

Білім бөлімдері        Қоршаған ортамаен таныстыру.   Тіл дамыту.

Тақырыбы:      «Аспан  әлемі».

Мақсаты:   Байқоңыр жайлы түсіндіру.   «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар  туралы мағұлмат беру.  Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз  болуға баулу.

Сөздік жұмысы:   аймақ, күн жүйесі, ғаламшар, т.б.

 

Іс — әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің  іс – әрекеті.   

 

Ынталандыру.  Сезімді ояту

 

Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату. Ортада бір бала Күн болып тұрады.  Қалған балалар күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы, Жер, Сатуран, Уран, Меркурий, т.б. болады. көңілді музыка әуенімен балалар «Күнді» айнала жүреді.

Кәне балалар орнымызға отырайық. Балалар сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 

 Балалар көктем мезгілінің айларын еске түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады.

Әуен орындалып бұлт, тамшы, кемпірқосақ, құстар, бәйшешек бейнесіндегі балалар шығады.

 

Балалар ойын барысында ғаламшарлар туралы білетіндерін айтады. Мысалы: Мен Жермін Жерде тіршілік бар. Өйткені біздің ғаламшарда ауа бар. Күннен жылу мен жарық аламыз.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар бет перделерін киіп өз орындарына жайғасады.

Бәйшешек:

Бәйшешекпіз құлпырған, Көрік берер халқыма.

 

Ізденістер.

 

 

Тәрбиешінің түсіндіруі:

Байқоңыр — ғарыш алаңы (айлағы). Қызылорда облысы қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан  адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылды. тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров, Т.А.Мұсабаев  ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.

Балалар осы ұшқыш ағаларымыз жайлы қандай тақпақтар бар.

Мазмұнына  үңілейік. 

 

Тоқтамайды осы аңыз,

Біз жолыңды тосамыз.

Тоқтар ерлік – Ерлікті,

 Күнде әнге қосамыз.

 

 Көкке ұшамын ,

Ұшқыш болар баламын.

 Соңына ерем,

Ең ғарышкер ағаның.

 

 Қанаттылар мекені,

 Қазақ жері Байқоңыр.

 Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр.

 

Балалар ғарышкер ағалары жайлы біліп,  естеріне сақтайды.

 

Ғажайып сәт

 

Балалар сендер ғарышқа ұшқыларың келе ма?

Иә, ұшқымыз келеді.   Балалар көздерін жұмып ұшуға дайындалады.

Ендеше барлығымыз көзімізді жұмайық, денемізді тік ұстап, ұшуға дайындалайық. 3,2,1 ұшып барамыз, ұшып барамыз! Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей болды. Қонуға дайындаламыз. 3,2,1.  Қондық. Балалар біз «Таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз. Міне қараңдаршы бұл ғаламның суы да, талдары да біртүрлі екен, ия. Мынау не? Иә, ол төменде жатыр. Ал көбелектері қайда ұшып жұр?

Әдемі әуенмен «Жұлдызнама» қонаққа келеді.

Жұлдызнама:  Сәлеметсіңдер ме, балалар? Балалар сендер қайдан келдіңдер? Қай жерден ғарышқа ұштыңдар? Олай болса өз Отандарың жайлы тақпақ айтып беріңдерші.

Сәлеметсіз бе? Біз жер шарынан келдік. Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұштық. Балалар өз Отаны туралы тақпақтар айтады.

Балалар ойын арқылы көбелектерді, құстың ұясын өз орындарына орналастырады.

Балалар аспан әлеміндегі көрген қызықтарын жапсырумен ұштастырады.

Тәрбиеші: ендеше балалар жұлдызнамамен ойын ойнайық.

 «Өз орнын тап» ойыны.  Балалар енді өз елімізге қайтайық.осында көргенімізді жердегі достарымызға, апайларымызға айтып берейік.  Ұшуға дайындаламыз. Балалар ғарыш әлеміне қонаққа келген екенбіз қазақтың киелі домбырасын жұлдызнамаға сыйлыққа берейік. 3,2,1. Ұштық.

Балалар кәне аспан әлемінен көрген қызықтарымызды шығармашылығымызбен ұштастырып жапсырма жұмысын жасайық.  

Тәрбиешіні тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді, бір — бірінің жауаптарын толықтырады.

 

 

 Қорытынды.

Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік?  Кімдер туралы білдік? Сендерге не ұнады?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

Білу керек: Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемін зерттеуге ұшырылатындығын білу.

Болу керек: Қызығушылық, ұқыптылық, әдемілік, үйлесімділік, сезінушілік.

Үйрену керек: Ғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізуді 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышСауат ашу.Тақырыбы: Балабақшада. Әңгіме құру.

Ұстаздарға"Сүйемін туған тілімді"

2 сыныпБала тілі-бал

ҰстаздарғаОйын арқылы құқықты үйрену

Бастауыш«Қыстап қалған құстар» Мектепке дейінгі білім беру

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147889

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар