Дала өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғатымызда тіршілік

ететінөсімдіктер мен жануарлармен

таныстыру. Жануарлардың тіршілігі

туралы әңгімелеу.

Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге,қадірлеуге, адамгершілікке

тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақты өту әдісі: Түсіндіру, сүрақ — жауап әдісі.

Пән аралық байланыс: Табиғаттану, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаз өсімдіктердің, жануарлардың

суреті.

Сабақтың барысы.

1. Үйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар,өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? Шалғынды қорғау. Шалғын, көгал деген не? Шалғын өсімдіктерін ата? Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер өседі? Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесің? Сұрақ — жауап әдісімен өткен сабақты пысықтау.

3. Жаңа сабақ.

Дала өсімдіктері мен жануарлары. Дала армансыз жазық алқап. Дала- ылғалды, қуаң (шөлейт) шөл дала болып бірнеше түрге бөлінеді.

Қуаң даланы сәнге бөлейтін көрікті кезі — көктем. Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып көз тартады. Көктемде ең алғаш бэйшешек шығады. Тағыда сары гүлді қазжуалар, жауқазындар жауып кетеді.

Бұл өсімдіктердің топырақ арасында жуашықтары болады. Жер кеуіп құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері қурап қалады. Ал шуашықтары топырақ арасында жаз, қыс, күз бойы жатып, көктемде тағы да көктеп гүлдейді. Осы шырынды жуашықтарды тышқан, саршүнақ, қосаяқ сияқты кеміргіштер қоректенеді.

Қуаң даланың сортаң (сор жер) жерлерінде қаражусан, жатаған изен, бұтақараған, көкпек пен теріскен өседі. Далада көп өсетін өсімдік — боз, бетеге, жусан, қазжуа, ботагөз, мыңжапырақ, сарыбас жоңышқа. Қуаң далалар көбінесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Жаздың ыстық күндері сырттай қарағанда тіршілік нышанын байқамайсың. Анда — санда бұта түбінен пыр етіп ұшқан бозторғай мен қалықтап үшқан дала бүркітінен басқа ештеңе көзге түсе қоймайды. Жазық далаға қарасаңдар эр жердегі топырақ үйінділері көзге түседі. Шағын төмпешік жанынан індердің ауыздары көрінеді. Бүл індер -далада тіршілік ететін суырлардың мекен — жайы. Әр іннің жанында «суыр төмпешігі» деп аталатын топырақ үйінділері жатады. Суырлар үйір-үйір болып мекендейді. Суыр төмпешіктері аумақты болады. Оның көлемі 10 — 15м, биіктігі 1 метрге жетеді. Суыр шөптекті өсімдіктермен қоректенеді. Суырлар інін кезекпен қарауылдайды екен. Суыр қаққан қазықтай қақшиып артқы аяқтарымен тік тұрады. Қауіпті сезген кезде «әңгішік — әңгішік » деп шәңкілдеп басқа суырларға хабарлайды. Кейбір інге кіретін сыртқы ауыз маңынан ішінде шашылған құмалақтары бар кішкене шұқанақтардыкөруге болады. Бұл шұқанақтар борсықтың «эжетханасы».

Борсық өсімдік түқымдарымен, өсімдік сабақтарының шырынды, жұмсақ бөліктерімен жэне жәндіктермен қоректенеді. Борсықтың әжетханасы суға жақын жерде болады. Өйткені борсық әр әжетханаға шыққан сайын жуынып, шайынып отырады. Борсықтың әжетханасы, жуынатын жері, іні болады. Борсық өте таза аң.

Бұлардан басқа да далада тіршілік ететін жануарлар бар. Солардың бірі — дала тасбақасы. Тасбақа зияны жоқ, момын жануар. Тасбақа шөптермен қоректенеді. Тағы бір аң — саршұнақ. Саршұнақ шөппен, жуашықтармен қоректенеді. Саршұнақ кеміргіш аң. Тышқан да кеміргіш аңдар қатарына жатады. Тышқан дэнмен қоректенеді. Тағы да далада түлкі аңы тіршілік етеді. Түлкі қу, жыртқыш аң. Түлкі дала аңдарымен ( елік, бөкен, коян т.б) өліксілермен қоректенеді. Қасқыр да жыртқыш аң. Қасқыр да дала аңдарымен қоректенеді. Ор қоян — өте сезімтал, қорқақ аң. Ол дала өсімдіктерімен қоректенеді. Ең сүйікті тағамы сэбіз. Далада ақбөкен, арқар, тауешкі, бұғы т.б. аңдар тіршілік етеді. Олар шөппен қоректенеді. Осы айтылған өсімдіктер мен жануарлардың көбі «қызыл кітапқа» енген. Дала бүркіті, ақбөкен, қызыл қасқыр, аю, қарақүйрық, бұғы, арқар т.б.

Пысықтау жұмысын жүргізу.

Қуаң далаға қандай дала жатады?

Жаңа сабақты ВЕНН диаграммасы арқылы пысықтау.

Балалар мына сызбаның бір жағына дала өсімдігін, екінші жағына дала жануарын жазайық.

[img width=«518» height=«312» src=«file:///C:/Users/F7F2~1/AppData/Local/Temp/msohtml1/01/clip_image001.gif» v:shapes="_x0000_s1026 _x0000_s1027 _x0000_s1028 _x0000_s1029">II 1 Табиғат

5.Сабақты қорытындылау. Сабақ ұнады ма?

Сабақ несімен ұнады?

б.Оқушыларды біліміне сай мақтап, мадақтап бағалау.

7.ҮЙ тапсырмасы. Дала өсімдіктері мен жануарларын өқып келу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141878

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 11 шілде 2015 в 23:13 0
Өсімдіктер мен жануарлар- табиғаттың бір бөліктері. Бір- бірінсіз тіршілік ете алмайды. Сондықтан оларды қорғау керек.
акмарал # 1 ақпан 2016 в 20:29 0
сарыбас жонышка деген не

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар