6 санының құрамы

30 қараша 2015 - Жанар Канафина

Сабақтың тақырыбы: 6 санының құрамы

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға 6 санының құрамын меңгерту, өрнек құру арқылы оның мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту, бағыт — бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау мен топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.

3. Оқушыларды ептілікке, ынтымақшылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, слайд, оқулық, тақта.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ — жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың құрылымы:     1. Ұйымдастыру кезеңі

                                               2. Психологиялық дайындық

                                               3. Қызығушылықты ояту

                                               4. Сергіту сәті

                                               5. Жаңа сабақ

6. Оқулықпен жұмыс

                                               7. Сергіту сәті

                                               8. Дәптермен жұмыс

                                               9. Сабақты қорытындылау

                                               10. Оқушыларды мадақтау

 

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық

Қайырлы таң  достым

Қайырлы күн  болсын.

Аптаның  әр  күні

Сәттілікке  толсын!

3. Қызығушылықты  ояту

— Балалар мен сандерге бір жұмбақ жасырамын. Сонын шешуін тауып көріңдер.

Мысықтың бес баласы
Не берсең, соны жейді екен.
Жаласа қаймақ біреуі,
Табыңдар сонда қанша екен,
Барлығы мысық баласы?                (6)

— Ал, енді, балалар 6 сананың жазылуын еске түсірейік. Қане кім келіп тақтаға жазып көрсетеді?

— Балалар қосымша дәптерді ашамыз, осы санын дәптерге жазайық.

6          6          6          6          6          6          6          6         

— Енді, балалар, экранға көңіл аударайық. Қандай фигуралар көріп тұрмыз?

— Шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, көпбұрыш, дөңгелек, шеңбер.

— Осы фигуралар ішіндегі өрнектерді оқиықшы.

 

           
   
  Надпись: 2 + 1  
 
 

 

 

 

 

Шестиугольник: 5 + 1Овал: 5 – 2

0 + 3

                               

 

 

— Кімнің суреті шықты?

— Абай Құнанбаевтың

— Дұрыс айтамыз, Абай атамыз биыл 170 жасқа толды. Бүкіл әлем боп тойлап өттік. Біздің мектептеде Абайдың 170 жылдығына байланысты Абай өлеңдерінен «Мәнерлеп оқу» сайысы өтті.

Кім шапшаң ойыны» /ауызша/

4 + 1 = 6         2 + 4 = 6         1 + 5 = 6         0 + 6 = 6

5 + 1 = 6         3 + 3 = 6         6 + 0 = 6         6 – 0 = 6

4. Сергіту сәті

Кел санайық бәріміз

Бас бармағым – әкем,

Балаң үйрек – анам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

5. Жаңа сабақ

6 санының құрамы

 

                   
  Овал: 6
    Овал: 6
     
        Овал: 6   Овал: 6
 
 
 

 

 

 

Овал: 2Овал: 4
 

 

               
     
  Овал: 1
    Овал: 5
 
 

 

 

 

 

 


6. Оқулықпен жұмыс

— Енді, балалар №1 тапсырмаға қарайық. 6 санының құрамын көрсет. Өрнектер құрып мәндерін тап. Бос әйнекшелерге жетіспей тұрған сандарды қояйық.

 

 

0

1

2

4

3

5

 

 

 

 

 


 

 

 

Балалар қараңдаршы менің қолымда сиқырлы дорба бар. Оның ішінде бір заттар бар. Ол не заттар екенін білу үшін, мен сендерге сұрақ қоямын, сұраққа жауап беру арқылы біз не зат екенін білеміз.

— Ұл балалар ойнайтын қазақтың ұлттық ойынын кім айтады?

— Асық

— Дұрыс айтасыңдар.

— Дорбаның ішінде асық бар екен.

— Ал енді бір оқушы келіп дорбаның ішіндегі асықты санап берсін.

— 4 асық. Осы асықтар қандай түс екен?

— Қызыл және жасыл

— Неше жасыл, неше қызыл асық екен?

— 3 жасыл, 1 қызыл түсті асық.

— Енді балалар, дорбадан тыс тағы асық жатыр екен. Неше асық екен? Түстері қандай?

— 2 қызыл асық.

— Енді осы 2 қызыл асықты дорбаға салдық, барлығы неше асық болды?

— 6 асық

— Осы 6 асықтың нешеуі жасыл, нешеуі қызыл асық?

— 3 жасыл, 3 қызыл асық.

№2 тапсырма.

 

       
 
   
 

 

 

 

 


                                              

 

 

3 + 3 = 6

 

Балалар кітабымыздағы №3 тапсырмаға қарайық. Өздігімізден орындаймыз. Мен қарап өтемін.

 

 

 

 

 

 


Сарамандық жұмыс

— Кітабымыздың №4 тапсырмасына қарайық. Бізге не берілген екен?

— Кесінді

— Түстері қандай екен?

— Жасыл, қызыл, көк.

— Енді осы кесінділерді өлшеп дәптерімізге сызамыз.

 

 

 

 

 


— Енді бәріміз №5 тапсырмаға қарайық. Сурет бойынша өрнек құрамыз

 

       
   

 

 

 

 

 

 

 


— Енді бәріміз №5 тапсырмаға қарайық. Апельсиндерді әр түрлі тәсілмен 2 ыдысқа сал. Қане ойланып салып көрейік.

 

 

 

 

 

 

7. Сергіту сәті /физминутка/

8. Дәптермен жұмыс

9. Сабақты қорытындылау

— Бүгін біз сендермен қандай санның құрамымен таныстық?
— 6 саны қандай сан?
— 6 саны қай сандардың қосындысы?
— 6 санының көршілерін ата.

10. Оқушыларды мадақтау

Бүгін сабақта барлықтарын жақсы қатысып отырдыңдар. Мен сендерді бүгінгі білімдеріңді жұлдызша арқылы бағалағым келіп тұр. Жұлдыздай жарқырып, білімдеріңді кеңейте беріңдер. 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084951

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар