Ь дыбысы мен әрпі

10 сәуір 2016 - зухра алпишева

 

Пәні:    Сауат ашу        Сыныбы  :1 « А »     Мұғалімі:   Алпишева З.Ж.

Сабақтың тақырыбы: ь дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: ь дыбысының жіңішкелік белгі екенін меңгерту, ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, сөз ішінде жіңішкелік белгіні дұрыс пайдалануға дағдыландыру. Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Таза, сауатты жазуға үйрету. Бірін-бір құрметтеу, тыңдай білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрнекілік
Көрнекілігі: ь белгісі кездесетін заттар суреттері, слайд.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
— Оқушылармен амандасу
— Сабаққа зейіндерін аудару
— Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
II. Өткенді пысықтау
— Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
— Ч дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
— Ч дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?
III. Жаңа сабақ (слайд)

Жұмбақ жасыру.

Дыбыс емес тек әріп,

Жіңішкертер көршісін.

Бұл қай әріп?

Мағынаны тану(01:19 ВИДЕО көрсету)

ь дыбысын таныстыру, оның орыс тілінен енген дыбыс екенін айтып өту.
— ь – жіңішкелік белгісі деп аталады.  Ешқандай дыбыстың таңбасы емес. Кейде қатар айтылған дауыссыз дыбыс пен дауысты дыбыстардың арасын бөліп, ажыратып айту үшін және дауыссыз дыбыстардың жіңішкелігін білдіру үшін алынған шартты таңба.  Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке  етіп айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.

-ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру.

ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту

— коньки сөзіне дыбыстық талдау жасату.
— лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер
— Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь – балалардың демалыс орны
рояль – музыкалық аспап
альбом – сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық
циркуль – өлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
коньки – сырғанақ жабдығы
компьютер – техника

— ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу
— ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу
— осы сөздерді буынға бөлдіру
— 1 буынды сөзді тапқызу
— 2 буынды сөзді тапқызу
— 3 буынды сөзді тапқызу

Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс
Өлең жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
— «Лагерь жыры» өлеңін оқу
— Өлең не туралы екенін түсіндіру
— Өлеңді жаттату
 Дәптермен жұмыс
— ь әрпінің жазылу түрін көрсету
— Ауада жазу
— Тақтаға жазу
— ь әрпіне берілген сөздерді жаздыру
ь, лагерь, альбом, фильм, коньки, циркуль, компьютер.

IV. Сабақты қорытындылау
— Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
— Оның жазылу түрін кім көрсетеді?
— ь белгісі сөздің қай жерінде кездеседі?
— Дидактикалық ойын: «Жоғалған буындар»
… – бом, ла -....., ро -.....,… – ки
Әріптер мен цифрларды пайдаланып, сөздерді тап.

а

у

қ

т

н

р

ы

л

д

1

2

3

4

5

6

7

8

9

9218 — _______________

1516 — _______________

37612 — ______________

41273 — ______________

Мадақтау

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

БастауышҚош бол, құтты әліппем!

БастауышСауат ашу.Тақырыбы: Балабақшада. Әңгіме құру.

БастауышБір уыс мақта

БастауышСауат ашу. Ы дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130060

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар