Ашық тәрбие сағаты "Қазақтың ұлттық ойыны көкпар"

4 наурыз 2014 - Самал Сабитовна
Ашық тәрбие сағаты "Қазақтың ұлттық ойыны көкпар"

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны-көкпар

Мақсаты: а) Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.

ә)Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту.

б) Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.

Түрі: сайыс           

Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: ноутбук, магнитті тақта, сайыс аттары.    

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Доссыз өмір, тұзсыз аспен тең» жазған өлеңдерін, әңгімелерін оқыту, суреттерін талдау.

ІІІ.  Кіріспе сөз: біздің сынып Атамекен бағдарламасының «Көкпар» бағыты бойынша жұмыстанып келеді, соған байланысты бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы Қазақтың ұлттық ойыны-кокпар.

Көкпар  — ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

   Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70-80 келідей болады. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз, өзбек тілінде «Улак тартыш», тәжік тілінде «бузкаши» деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған «бузавиш» ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорт ойыны болған.Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде «марта тарту» деп те атайды.

Қазақстанда 1949 жылы Көкпар жарысының ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 метрлік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.Суретті көрсету.

 Бүгін   4 сыныптың білімді, алғыр оқушылары өз дәрежелерін көкпар ойыны арқылы көрсетеді.                                                          

Жас жүректе жанған шақ
Талаптың аты арындап
Әр қиялға салған шақ
Жастықтың оты жалындап
  — деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған. Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады. Сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер:                        

 Өжет қыз-Айкөркем                                                                                            Өнерлі қыз -Ару                                                                       

Қайсар  қыз — Зарина

Салмақты қыз – Гүлдана

Талапты қыз-Гүлхан
Зейінді ұл  –  Әділет
Жүйрік  ұл-Исламбек                                                                                           Сабырлы ұл  — Ертарған

Байсалдықыз — Ботакөз 

Ибалы қыз — Айару                                                                                             Қарағым оқу оқы, босқа жүрме

Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме
Жолама шақырса да, қасына ерме
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға

Сіздердің ұпайларыңыз сандықшаға салына береді.

І. Таныстыру: «Достық» «Отан» топтары өздерін таныстырды.


Алтын бесік секілді,

Туып өскен жер,қызмет.

Ақыл, сезім, ой-сана.

Адалдық,достық, ар қызмет.

Адамзатқа дүниеде

Өмір-ау десем ең қымбат.

Дарқан тірлік мекенім

Бәрінен Отан сен қымбат!


ІІ. Би «Қаражорға»

ІІІ кезең «Бәйге» Шарты: Мен әр топқа 8 сұрақтан қоямын ойлануға 30 секунд. Тез жылдам нақты жауап беру басты шарт. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.     

        «Достық» тобына                                                       «Отан»тобына


1.Тәуелсіздік күні ( 16 желтоқсан)
2. Батыс Қазақстан облыс орталығы  (Орал)
3. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
4. Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев)
5. Тәуелсіздікке неше жыл толады? (23 жыл)
6. Қазақ тілі оқулығының авторлары (Уәйісова)
7. 1 жылда қанша күн бар? (365 – 366 күн)
8. Негізгі нота сызығында орналасқан кілт қалай аталады? (скрипка кілт)

1. Біздің мектеп директоры? (Бекмулдин Ерболат Мураткалиевич)
2.Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
3. Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
4.Қазақстан туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5.Ғарышкер киімі (скафандр)

6.Ұлттық валюта  (теңге)     

7.Мектептің туған жылы (1933 жыл )

8. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)


ІV кезең «Тіл өнері»   Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін 3 тілде айту керек: қазақша,  орысша және ағылшынша. 

       

 

 

 

 

«Достық» тобына                                                                      «Отан»тобына


1. Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық      (қар-снег-snow)  

2. Жазу жазып жалықпаған ,

Жаза жаза арықтаған.        (бор- мел-shok) 

 3. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады  (қоян-заяц-rabbit)  

 4. Ауаға шықса ауырады
Су ішінде сауығады   (балық-рыба-fish)     

5. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен     (су-вода-whater)   

6. Әдемі түнде
Мен жүрсем, жүреді бірге  (ай-луна-moon)  

 

1. Жеп көріп ем өзім мен

Жас шығарды көзімнен  (пияз-лук-onion)    

2. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды  (ағаш-дерево-tree)    

3.Ашылып жабылады
Әр үйден табылады  (есік – дверь-doon)  

4.Білімнен мол сый- асы,
Балғындардың ұясы  (мектеп- школа-school)   

5.Бетін адам ашады,   

Білім нұрын шашады. (кітап-книга-book) 

6.Таңмен көзін ашады,  

Әлемге нұрын шашады. (күн-солнце-sun)  


Сергіту сәті. «Сөйле, тілім, сөйлеші» деп аталады. Әр топ жаңылтпаш айтып айтысады.

V кезең «Ғажайып төрттік»Біздің сайысымызда 4 негізгі пән әдебиет, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі

        «Достық» тобына                                                            «Отан»тобына


Математика


1.Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
1. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)
2. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды.  (24 ертегі)   


Қазақ тілі

1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
2. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық),  терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды-(ұзарды)

1. Туынды сөз дегеніміз не?  (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз)
2. Жұмбақты шеш.

Өзім сөзден тұрамын
  Біткен ойды құрамын (сөйлем)  


Дүниетану


1. Бұлт түрлерін ата? (будақ, шарбы, қабат)
2. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады?       (60 – 80 рет)                                                                         

1. Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған?     (жер шарының 3/1 бөлігі су)
2. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)                                                                     


 

Әдебиеттік оқу


1. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
2. «Дарабоз» атанған батыр?  Батырдың шын аты кім? (Ерасыл – Қабанбай)

1. «Туған жердің тасы да танымал»  әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Қаныш Сәтбаев)
2. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?  5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым    5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ                                          


Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң
Үйренерсің  іздеп көрсең, қоймасаң
Қу өнерді, бу беліңді жігер сал
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң   

VІ кезең «Өрнекті сөз-ортақ  қазына»  деп аталады. Бұл бөлімде  мен мақал оқимын, әр топ мақалды жалғастырады.

        «Достық» тобына                                                      «Отан»тобына


1.Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.

2.Жақсы туса-ел ырысы,

Жаңбыр жауса-жер ырысы.

3.Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.

4.Аяғына қарап асын іш,

 

1.Еңбек түбі –береке.

2.Отан-оттан да ыстық.

3.Отан үшін отқа түс-күймейсің.

4Тіл қылыштан-өткір.

5.Басқа пәле-тілден.


Анасына қарап қызын ал.

5.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

ІV кезең «Жорға»  7 сұрақ қойылады соларға тез нақты жауап беру керек. 1 минут ішінде.

        «Достық» тобына                                                      «Отан»тобына


1. Қыс айларын ата? (желтоқсан,қаңтар, ақпан)
2. Қазақ алфавитінде неше әріп? (42 әріп)
3. Нота сызығындағы ноталарды ата? (до, ре, ми, фа, соль, ля, си)
4. Суретші ата?
5. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
6. 6 х 9 =    (54)

7. Төрт түлікті ата?          (жылқы, түйе, сиыр,қой, ешкі)

 

 

 

1. Екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуін қалай атаймыз? (диалог)
2. Біздің мектебіміздің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі  кім?      (Досатова Құралай)
3. «Менің атым Қожа»әңгімесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
4. Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы қаһарман қыздары?  (Мәншүк,Әлия)
5. Төл теңге күні        (15 қараша)
6. Қазақстандағы көмір өндіретін ең ірі қала?      (Қарағанды, Екібастұз)      

7. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?   (1991)
                                                               


Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Міне, білім сайысы да өз мәресіне келіп жетті. Білім сайысында білімділігін, тапқырлығын, қабілетін сынға салып ,өз өнерін танытқан «Достық» тобы мен «Отан» тобындағы оқушыларға үлкен алғыс айтамыз.

Білікті бірді
Білімді мыңды жығады — дей отырып сайысымызды аяқтаймыз. Оқушылар дипломмен марапатталады.

ІV. Үйге тапсырма Көкпар ойыны  туралы материал жинақтау.

ІІІ. Қорытындылау.  

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068730

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru