Білімді тиянақтау. Математика. 4 сынып

17 қараша 2014 - Рауза Дусенбаева
Білімді тиянақтау. Математика. 4 сынып

Ақмола облысы Целиноград ауданы

№ 41 ОМ бастауыш сынып мұғалімі

Дусенбаева Рауза Ареновна

Математика. Ашық сабақ. 4 сынып.

Сабақтың тақырыбы:

Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты:

Жазбаша көбейту мен бөлу тәсілдері пысықталады; Сабақ халық педагогикаға сүйеніп, оқушылардың білімін тексереді. Ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісі дамиді, пәнге қызығушылықтары арттады. Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлейді, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі:

киіз үй макеті, ұлттық ойындардың суреттері, кестелер, геометриялық фигуралар, домбыра, ұлттық тағамдар.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:- оқушылармен сәлемдесу; — түгендеу;- оқушылар назарын сабаққа аудару;- сабақтың мақсат — міндеттерімен таныстыру.- Психологиялық дайындық: — Амансың ба Алтын күн!…2. Математикалық диктант:- 3-ші разрядтың 7 бірлігі, 2-ші разрядтың 5 бірлігі бар санды жаз.(750)- 2-ші кластың 80 бірлігі, 1-ші кластың 30 бірлігі бар санды жаз. (80.030)- 4 т неше кг бар? (4000 кг)- 500 кг неше ц? (5 ц)- Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)- 2 тәулік 8 сағ – неше сағат? ( 56 сағ)3. Жұмбақ: Бар екен бір айдаһар білесің бе? Жаны жоқ қимылдарға денесінде Ішінде сүйектері бақша-бақша Жарқырар жалғыз көзі төбесінде. ( Киіз үй)- Балалар, киіз үй тралы не білесіңдер? ( Мәлімет)Тақтада 4 оқушы өз бетімен жұмыс жасайды. (Көбейту мен бөлу)73 х 24 64 х 35 751.410: 9 78.120: 2- Шаңырақ қандай геометриялық фигураға ұқсайды? ( дөңгелек, шеңбер) — Ауызша өрнектердің мәнін табу:- 66: 22 х 20 12 х 4: 215 х 5 – 40 10 х 80: 440 х 4 – 60 450: 9 + 104. Жұмбақ: Жайсаң – көлдей керілген, Жисаң жіптей өрілген.Бұл не? ( Кереге)- Балалар, кереге неге ұқсайды? ( қиылысқан түзулерге)( Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. Бұл не? Бұл- Х)Тапсырма: енді теңдеулер шешеміз. Х: 9 = 101 50 х 2 + Х = 1500 10 х Х = 25 х 85.Шаңырақ пен керегенің арасында не орналасқан?( Уықтар)Келесі тапсырма: Нүктелердің орнына дұрыс сан кою керек.6 мин20 с — … с4 тәул 5 сағ — … сағ25 дм — … см352 кг — … ц… кг6 км 50 м — … м- Есік қандай фигураға ұқсайды? ( төртбұрыш)Тапсырма: а) төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ені 3 есе артық. Төртбұрыштың Р, S табыңдар.ә) Төртбұрыштың ұзындығы – 4 см, периметрі – 18 см. Осы төртбұрыштың енін, ауданын табындар. — Арқандар қандай сызықтарға ұқсайды? ( түзу, қисық) Ауызша тез санау: 5600: 100: 7 3600: 6: 100 710: 10 х 2 720: 9 х 10 100 – 280: 7 8500: 100 х 26. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Әр үйде дастарқан жайылып тұрады.- Қандай ұлттық тағамдарды білеміз?( еттен, сүттен, ұннан жасалған)Есеп шығару. Нан зауыты 420 ц-ден 10 вагон арпа және 500 ц-ден 8 вагон бидай ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа бидай ұнынан қанша артық?1) 420 х 10 = 4200(ц)2) 500 х 8 = 4000 (ц)3) 4200 + 4000 = 8200 (ц)4) 4200 — 4000 = 200 (ц)Жауабы: барлығы 8200 ц ұн қабылданды. Жұмбақ: Тоғыз белбеу, Қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек. ( Домбыра)Домбыра туралы мәлімет.Тақтада: баған түрінде есепте:73 х 56 4088: 5648 х 65 3120: 65 64 х 53 3392: 648. Қандай қазақ халқының ұлттық ойындарын білесіңдер?( «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Бес тас», «Асық», «Ақ сандық пен көк сандық», «Аударыспақ», «Аңшылар» т.б.- Қазір «Қыз қуу» деген ойынды ойнаймыз. Тақтаға қыз бала мен ұл бала шығады. Кім тез мына өрнектердің мәнін таба алады. ( 8141 + 6143): 4 ( 7168 – 1248) :5( 181403 – 76403): 100 (72011 – 9999) х 3Ойын: «Бәйге». Кім шапшаң? Тақтада 3 оқушы.13 х 35 12 х 29 34 х 2276 х 24 56 х 48 47 х 34Қорытынды: — Бүгін сабақта нені үйрендік? – Не ұнады? – Қандай әсер алдыңдар?Үйге: № 9. Бағалау

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115468

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар