Біріккен сөздердің жазылуы

1 желтоқсан 2015 - Майрагуль Тилеуберд
 
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы
Сабақтың мақсаты:
1.  Біріккен түбірлердің дыбыстық құрамы мен айтылуында, соған сәйкес жазылуында болатын өзгерістермен таныстыру; айтылуы бойынша және түбір тұлғасын сақтап жазылатын біріккен сөздерді айыра білуге үйрету.
2.           Қатесіз жазу дағдыларын арттыру; сөздік қорларын дамыту.
3.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.
Сабақтық барысы:
Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
Үйден орындап келген жаттығу жұмыстары тексеріледі. Біріккен сөздер туралы білімді меңгеру деңгейлерін тексеру.
·        Біріккен сөздер дегеніміз не, олар қалай жазылады?
·        Біріккен сөздердің туынды түбір, түбірлес сөздерден қандай айырмашылығы бар?
·        Неге күрделі сөздер деп аталады?
·        Біріккен сөздердің құрамындағы түбірлердің бастапқы мағынасы өзгере ме?
II.          Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.
Бұл сабақтарда түбір тұлғасын сақтап және дыбыстық өзгеріске түсіп бірігетін, айтылуы бойынша жазылатын біріккен сөздермен танысады.
1-жаттығу жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың сақталып жазылатынын меңгертуге арналған.
Сары+ағаш, Сары+арқа, Сары+өзек, Жаңа+өлке, Әулие+ата біріккен
сөздерін сөз құрамына талдатқызып, содан соң тақтаға жазылады. Алғашқы түбірдің қандай дыбысқа аяқталып, келесі түбірдің қандай дыбыстан басталып тұрғанына назарларын аудару. Бірігіп жазу кезінде екі дауысты дыбыстың да сақталатынына көздерін жеткізу.
2-жаттығу біріккен сөздер туралы алған білімдерін пысықтауға арналған. Біріккен сөздерді тауып, оның ішіндегіҚараүңгір сөзінде екі түбірдің арасында дауысты дыбыстың сақталып жазылғанын айтады.
3-жаттығу арқылы, керісінше, адам аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылатынын біледі:
 Қожа +Ахмет-Қожахмет, Жұма + Әділ -Жұмәділ, Әбді+Ахмет — Әбдахмет, Мыр-за +Ахмет — Мырзахмет, Жылы + Айдар — Жылқайдар.
4-жаттығу біріккен сөздер туралы алған білімдерін тереңдете түсуге арналады. 5-жаттығу күрделірек тапсырмалардың қатарына жатады. Сөз тіркестерінің мағыналарын анықтап, олардың қай уақытта біріккен сөз ретінде жұмсалатынын ауызша түсіндіріп айтады.
Мысалы: Ақ сақал +сақалдың түсін, яғни ағарғанын білдіріп тұр.
Ақсақал — үлкен қария кісі.
Ақбоз ат — аттың түсін білдіріп тұр.
Ақбозат — жұлдыз атауы.
Бота көз — көздің ботаның көзіне ұқсайтындығын, яғни үлкендігін
айтып тұр. Ботакөз — қыздың аты, т.с.с.
Келесі сабақта біріккен сөздердің жазылуына арналған. Адам аттарында алғашқы түбір дауысты, ұяң, үнді дыбыстарына аяқталып, кейінгі түбірдің басындағы қ, к дыбыстары ұяң болып айтылса, г, ғ әріптері жазылатындығы, қатаң болып айтылса, қ, к әріптері жазылатындығын меңгертуге арналған жаттығулар берілген. Яғни, екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатынын, кісі аттарының естілуі бойынша жазылатынын естерінде қалдыру керек. Бұл ережені қалай меңгергендіктерін 2-жаттығуды орындату арқылы байқауға болады.
3-жаттығу бойынша түбірлері сақталып жазылған біріккен сөздерді
бір бөлек, айтылу қалпын сақтап, дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөздерді бір бөлек жазады.
4-жаттығу сөздердің біріккен сөз немесе жай сөз тіркесі екенін ажырата білуге үйрету үшін берілген.
Бірінші сөйлемде қара көз — сөз тіркесі, бұл жерде көздің түсін білдіріп тұр. Екінші сөйлемде Қаракөз —қыздың есімі және бірігіп жазылады.
 Мұндай біріккен сөздер мен сөз тіркестері тілімізде көп кездеседі. Тағы
басқа да көптеген мысалдар келтіріп, айыра білуге дағдыландыру керек.
5-жаттығу екі түбірдің арасындағы үндестік заңын анықтауға арналған.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124470

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар