Бір уыс мақта

7 қаңтар 2016 - Маржан Ахмадиева

Тақырыбы:Бір уыс мақта

 

Мақсаты:Әңгіме мазмұнымен таныстыру, түсінгенін айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Еңбекқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
 

Көрнекіліктер:Ыбырай Алтынсариннің портреті, мақта және әңгімеге байланысты суреттер.
 

Сөздік жұмыс:шапан, мамық, қиқым, 
 

Әдіс — тәсілдер:әңгімелесу, сұрақ — жауап, көрсету
 

Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық.

 

Үй тапсырмасы:«Сегіз аяқ» өлеңін мәнерлеп оқыту.

 

Жаңа сабақ:

1.«Жасырын сөз» ойыны.

8 – 3            М

7 + 2           А

9 – 4            Қ

4 + 1           Т

6 – 1            А

 

2.Оқулықпен жұмыс:

    Ал енді біз бүгін Ы. Алтынсариннің әңгімесімен танысамыз, алдымен      Ы. Алтынсариннің кім екенін білейік.
Бұл суреттегі Ы. Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы- педагогы, тұңғыш рет қазақ даласында мектеп ашып балаларға сабақ берген және балаларға арнап көптеген өлеңдер, ертегілер, әңгімелер жазды.Бүгін біз Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.

 

3.Сөздік жұмыс:
Шапан, мамық, мақтаның қиқымы суреттерін көрсете отырып, сөздік жұмыс

жүргізу.
 

Шапан-астарына жүн не мақта салып тігілген сырт киім.

                               Шапан сөзін буынға бөлу.
 

Мамық — құстың үлпілдеген мамық жүні.

                               Мамық сөзінде неше әріп бар?
 

Қиқым — бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы, мақтаның қиқымы.
                             Қиқым сөзінде неше дыбыс бар?

 

4.Сұрақ-жауап:

Әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар қою.
-Үйдегі анасы мен қызы не істеп отыр еді?
-Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?
-Мақтаны не іліп алып кетті?
-Торғайға мақта не үшін қажет болды?
 

5.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

 

6. «Құмырадағы гүл»ойынның шарты:

Бөлшектердің екінші жағындағы дыбыстарға талдау жасау.

                                     О, Қ, Е, Ж.

 

7.Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»

Ойынның шарты: өлеңді оқи отыра, торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.

Торғай, торғай, торғайсың

Ұшып, қонып тынбайсың

Сен қандай торғайсың?

Ешбір құсқа ұқсамайсың!

Кіп-кішкене торғайсың

Түсің қоңыр торғайсың

Ұяңа мамық тасып ап,

Балапандарыңды қорғайсың.

Қорытындылау:

  • Бұл әңгіменің авторы кім?
  • Бұл әңгімеден не ұқтындар?
  • Яғни кезкелген нәрсенің өзі пайдаға асатынын білдік.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

 


 

 


 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышСауат ашу.Тақырыбы: Балабақшада. Әңгіме құру.

БастауышЬ дыбысы мен әрпі

БастауышҚош бол, құтты әліппем!

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

БастауышСауат ашу. Ы дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068718

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru