БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

12 қаңтар 2015 - Анара Кутжанова

Кутжанова Анара Мажитовна

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін

№ 15 орта мектебі» КММ

Қарағанды облысы. Балқаш қаласы.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Жалпы білім беретін мектеп педагогтері ең алдымен, әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтары жоғары жастарды тәрбиелеу, жастарды өзгерістерге бейім, өзіне сенімді алған білімдерін өмірде қолданыс таба білетін сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.[3]Қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болу керек деп ойлаймын. Мұғалімдерді оқушылардың бойында қазіргі заманда белсенді және табысты өмір сүруге дайын болу қасиетін қалыптастыруға көмектесетін тәжірибені дамыту үшін қажетті біліммен қамтамасыз ету керек. Мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту мен тәрбие үдерісі оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. Мектеп пен оқушы жетістігін шыңдайтын негізгі тұлға-мұғалім. Мұғалімдерде оқу- тәрбие үдерісін оқушылардың бойына білім алу, жеке тұлға ретінде даму, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға жағдай жасайтындай етіп ұйымдастыруға дайын болу қасиетін қалыптастыру. Мұғалімдердің түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, ақпараттық технологиялар саласында құзырлы белсенді азаматты, болашақ маманды тәрбиелеуге дайын болуына ықпал ету қажет. «Тәрбиені» ата-аналар тәжірибесі, туыстар мен құрдастар тәжірибесі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, нақтырақ жағдай және әлеуметтік-экономикалық ахуал сияқты факторлар және басқа да көптеген мәселелер ықпал ететін көп аспектілі феномен болып табылады деп есептеймін. Джудит Харистің мәлімдеуінше, отбасының тарапынан оң ықпал болмаған жағдайда жастар «тәрбиесінде» мектеп тәжірибесі маңызды рөл атқаруы мүмкін. Аталған тұжырымдарға сәйкес оқу үдерісінің орталығына өзін-өзі реттей алатын, өзінің оқуы төңірегінде ой жүгірте алатын, қоршаған орта мәнмәтінінде өзінің білімдік қорын сыни тұрғыдан ойластыруға қабілетті оқушы тұлғасын қою арқылы оны тәрбиелеуге мүмкіндік берері сөзсіз. [3]Сондықтан жаңа формация мұғалімі – бұл пәндік білім жүйесінің, іскелік пен дағдының, кез-келген ғылыми білім сапасын меңгерген маман ғана емес, оқыта отырып тәрбиелеу технологиясының жүйесімен, оқушылардың өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс–тәсілдерімен қаруланған тұлға.Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұсынылатын тәсілдер қазіргі кезде өзекті болып отырған жеті модульдіңәрқайсы бойынша, пәндік және жас ерекшеліктеріне байланыссыз, жалпы сипаттағы ақпараттарды мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ету. Бағдарламада ұсынылатын негізігі жеті модульдің әрқайсы бойынша, пәндік және жас ерекшеліктеріне сай оқу мен тәрбие қолданыс табу.Тиімді оқытуда өзара әрекет пен ынтымақтастықтың мүмкіншілігі зор. Себебі бірлесе, ақылдаса, бір мәмілеге келіп орындалған жұмыстың оң нәтиже берері сөзсіз. Әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы топтаса, жұптаса отырып балалар өздігінен білім алып, бір-бірінің білімін толықтырады және бір- бірін тәрбиелейді. Білмегенін жұптаса, топтаса отырып талдап бір шешімге келеді. Топтық, жұптық жұмыстар арқылы тұйық, енжар оқушылар ашылып, өз ойын жеткізуге тырысады. Сынып ұжымының психологиялық ахуалын анықтау үшін тест жұмысын жүргіздім. Ол мынадай нәтижеге жеткізді:Өз сөзін әркез ісімен дәлелдейді. Бір-бірінің жетістіктеріне қуанады. Жұмыста бір-бірімен өзара тиімді әрекеттеседі.Барлық сұрақтарды бірлесе шешеді. Ұжым алдында тұрған мәселелерді бірауыздан бағалайды. Тәжірибелерімен бөліседі.Өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін бағалайды. Әрқашан бір-бірінің көзқарасымен санасады. Ұжымның оң және теріс жақтарын біледі.Бар ынтасымен жұмыс жасайды. Жұмыстағы кемшіліктерді өз бетімен анықтап, жояды. Бастаған жұмысты аяқсыз қалдырмайды. Ұжымның жетістіктерін бірдей бағалайды. Жолдастарының сәтсіздіктеріне шын жүректен күйзеледі. Тәртіпке саналы түрде бағынады. Адамгершілік нормаларын бірдей түсінеді. Осы тест қорытындысы бойынша мынадай шешімге келдім. Ынтымақтастығы қалыптасқан ортада -Шешім қабылдай алатын; -Өз ойын еркін жеткізетін; -Бір-бірінің пікірін тыңдап, сыйлай алатын оқушы қалыптасады.Әр сабақ топтамаларында ынтымақтастық орта құру барысында мына әдіс-тәсілдер қолданыс тапты, яғни «Үш оқушымен кеңес», «Insert», «Ой шақыру» сияқты стратегиялар оқушыны сыни ойлау, сыни көзқарас білдіруге, жұптаса, топтаса талқыға түсулеріне, ойын ашық жеткізуіне, бір-бірінің ойын толықтыруға, өзін-өзі бағалауына мүмкіншілік алатынына көзім жетті. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері негізінде балалар өзінің түсінігін, өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа түсе алатын білім алушылар болып табылады. Сондықтан жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілі ретінде «Диалог арқылы оқыту», «Қалай оқу керектігін үйрету» тәсілдерінің де тәрбиелік мәні зор. Себебі, оқушылар диалог негізінде білім алып қоймай, өзара сұхбатқа түседі, өзіндік ой- пікірі жүйеленеді және оқушы өздігінен білім алып, жауапкершілігі артады. Баланың дамуы мен әлеуметтік сындарлы көзқарасына зор септігін тигізеді.[3]Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының бес сатылы түпнұсқасымен танысу барысында баланың қажеттілігіне байланысты жұмыс жүргіздім. Өзіндік «Мен» тұжырмдамасы- ұқсату. Яғни мен кіммін? Мен неге қатысамын? Менің сәйкестігім қандай деген сұрақтар туындау арқылы бірнеше ой- пікірлер туындады. Диалогтық оқыту барысында баланың бір- біріне қарым- қатынасы, жұптасып, топтасып жұмыс істеу барысында баланың өзін-өзі реттеуі, бағалауы, өздігінен білім алуға септігін тигізері сөзсіз.Сындарлы оқытудың жеті модулін сабақтар топтамасына енгізе отырып олардың өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиенің инновациялық тәсілдерін қолданыс таба отырып оқушыларды бақылап зерттеуді мақсатқа алдым. Сабақ барысында баланың ынтасын, оқу түрткісін, сұрақтарға жауап беруін, ойлау, есте сақтау зейінін анықтауға байланысты зерттеу жұмысын жүргізіп нәтижесін шығарды.

Оқушы аты-жөні

Оқу түрткісін (мотивация) анықтау

Ұқсасты

ғын тап

Есте сақтау қабілетін зерттеу

Зейіннің тұ

рақтылығы

Тапсырма

ж

о

т

ж

ж/о

о

т

Есту

көру

ж

о

т

Газиз А

+

+

жоғары

орта

+

Сатыбалды А

+

+

орта

орта

+

Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Сондықтан әр оқу пәні бойынша дарынды және талантты балаларды оқытуда мына мақсат бойынша жүйеледім. Яғни, жан-жақты білімді, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, барынша қабілетті жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре отырып дамыту, жетілдіру. Дарынды және талантты балаларды анықтап алмас бұрын, жалпы сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттеуде тесттер меен сұрақ-жауапты пайдаланып, оқушылардың типін анықтадым. Сұрақ-жауаптың нәтижесі бойынша, мынадай жауаптар ұсынылды:-Жекелеп; Жұппен; Топпен жұмыс істегенді ұнатасың ба? -Мұғалімнің ақпарат бергені қажет па?-Өзің үшін пайдалы нәрсені үйренген дұрыс па?-Мектеп тәртібіне бағыну, оны мүлтіксіз орындау керек деп ойлайсың ба?-Оқуда жаңашылдықтың болғаны қажет па?-Қалай қарайсың өзіңді-өзің бағалаған ұнай ма, әлде мұғалім бағалаған ба? Баланың отбасындағы жай-күйі мен баланың алатын орнын, басқа мүшелермен қарым-қатынасын анықтауға негізделген «Менің отбасым» тақырыбына проективтік тест алынып, қорытындыланды.

Оқушылар арасынан интеллектуалдық дамуы жоғары, яғни, байқағыштығы, білімге жаңалыққа құмар, өз ойын еркін жеткізе алатын, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалан алатын, алған білімін өмірмен байланыстыра алатын, кейбір пәндер бойынша үздік үлгерім таныту қабілеттілігімен, оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алатындығымен ерекшкеленді. «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам» шығыс даналығы айтқандай «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модульінің стратегияларының септігі көп тиді. Сыни тұрғыда ойлау-мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің нәтижесінде оқушылар өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалды. [1]

Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Сондықтан сапалы білім беру мен білім алу үшін қазіргі заман талабына сай жаңа форматты мұғалім сыни көзқараспен қарайтын, шеберлігі шыңдалған, дарынды және талантты, өз ойын еркін жеткізе білетін, бәсекеге қабілетті, жаңашылдыққа, өзгеріске бейім, тірбиелі тұлғаны қалыптастыру, бала бойына сенім ұялату. Ал, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса сапалы тәрбие беру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы. [2]

Әдебиеттер

    1.Бітібаева Қ.О. Сын тұрғысынан ойлау

    2.Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып

    3.NIS бағдарламасы

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышЛогика -қисынды ойлау

БастауышҰлттық киімдер. Тымақ тігу.

Тәрбие жоспарыТәрбие сағаты

БастауышҚұстар айтысы (Үнді ертегісі)

БастауышСанды 7-ге көбейту және бөлуді қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072386

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар