Бес жолды өлең және эссе үлгілері

9 қараша 2014 - Рауза Дусенбаева
Бес жолды өлең және эссе үлгілері

Ақмола облысыЦелиноград ауданы

Қабанбай батыр ауылы

№41 орта мектеп

Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарындағы«Бес жолды өлеңдердің, эссе» үлгілері

Құрастырушы: бастауыш сынып мұғалімі

Р.А.Дусенбаева

 

    

Құрастырушы: бастауыш сынып мұғалімі Р.А.Дусенбаева № 41 ОМ Қабанбай батыр ауылы Целиноград ауданы Ақмола облысыБастауыш мектеп үшін ұсынылып отырған материалдың ішінде сын тұрғысынан ойлау технологияның стратегиялары.

Рецензент: Б.К.Сулейменова — № 41 ОМ директоры, Қабанбай батыр ауылы, Целиноград ауданы Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі 

Р.М.Оспанова Оқыту жүйесі белгілі бір педагогикалық технологияларды қажет етеді. Соның бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технологияны әңгімені оқытуда пайдалану өте тиімді.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2. Сенімділікке тәрбиелеу.

3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7. Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Технология үш кезеңнен тұрады:

І. Ой шақыру;

ІІ. Мағынаны тану;

ІІІ. Ой толғаныс.

Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар өзара тығыз байланысты. Әр кезеңнің тиімді стратегиялары бар. Осы кітапшада 3 «а» сынып оқушылардың құрастырған «Бес жолды өлең» стратегиясы және «Эссе» бойынша жұмыстарының үлгілерін ұсынып отырмын. Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады. Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.- Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)- Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)- Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)- Төртінші жолда- 4 сөзден тұратын бір сөйлем.- Бесінші жолда- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.Мысалы:1. Күй.2. Әсерлі, құдіретті.3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.4. Күй – адам сезімінің көрінісі.5. Өнер.Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.Бес жолды өлеңдердің үлгілері: Отанүлкен қымбатҚорғайды дамиды оөқытадыОтан оттан да ыстықЕлОқушыТәртіпті білімдіОқиды санайды жазадыОқушылар біздің елдің болашағы.БалаКітапҚалың қызықтыЖазады көреді оқидыКітап –білім бұлағы ғойОқулықАнаАқылды сұлуАсырайды қорғайды тәрбиелейдіАна — ең қымбат адамШешеМұғалімБілімді сыйлыТәрбиелейді оқытады бағалайдыМұғалім балаларға білім бередіҰстазКүнАшық әдеміЖарқырайды жылытады тұрадыКүн бәріне нұрын шашадыЖарықҚарлығашӘдемі қараҰшады асырайды жасайдыҚарлығаштар лайдан ұя жасайды ҚұсИтАқылды жүйрікҚорғайды күшіктейді үредіИт – адамның жақын досыЖануарАдамАқылды ұқыптыТуады өседі жүредіАдам сусыз өмір сүре алмайдыАзаматЖылқыЖүйрік әдеміЖүгіреді жайылады жатадыЖылқы – қазақта қасиетті жануарАтӨзенҮлкен тазаАғады қатады жылжидыБалалар жазхда өзенде шомыладыСуБатырМықты ержүрекҚорғайды күреседі сыйлайдыБатырлар елін, жерін қорғайдыЕрӘміреТалантты өнерліАйтты шырқады болдыӘміре өз әнін шырқадыӘншіБауыржанержүрек мықтыЖеңді соғысты үйреттіБауыржан Момышұлы – халық батыры.БатырНанДәмді жұмсақПісіреді жейді турайдыНан алтыннан да қымбатТамақКүзАлтын салқын Суытады сарғаяды жинайдыАлтын күз тамаша мезгіл! МезгілТабиғатТірі өліАсырайды қорғайды құлпарайдыАдам табиғаттың бір бөлігіДалаАлмаТәтті қызылГүлдейді өседі қызарадыАлма адамға өте пайдалыЖемісМектепҮлкен жаңаОқытады тәрбиелейді өсіредіМектеп –біздің екінші үйімізҒимаратБалаЖақсы ұқыптыОйнайды оқиды дамидыБала –ата-ананың жалғасыАдамҒарышкерБатыл ақылдыҰшады зерттейді ойлайдыҒарышкерлер – батыр да батыл адамдарҰшқышЖазушыБілімді ақылдыЖазады оқиды әңгімелейдіСәкен Сейфуллин – атақты жазушыАқынӘжеМейірімді қымбаттыАсырайды тоқиды пісіредіМен әжемді жақсы көремінАпаДәрігерБілімді мейірімдіЕмдейді сақтайды жазадыДәрігер адамды емдейдіемдеушіҚалаүлкен әдеміөседі дамиды әдеміленедіАстана – еліміздің бас қаласыАстанаӘншіАтақты еңбекқорАйтады шығады жаттайдыРоза Рымбаева — атақшы әншіӘртісТүлкіАйлакер қуЖүгіреді алдайды естидіТүлкі айлакер аңға жатадыАңДомбыраЖаңа екі шектіОйнайды шертеді қызықтырадыДомбыра — қазақ халқының аспабыаспапҚарАқ қалыңЖауады жатады еридіКөктемде қар еріп кетедіСуҚызғалдақӘдемі хош иістіӨседі құлпырайды соладыКөктемде қызғалдақтар өте әдемі.ГүлЕртегіҚызықты пайдалыОқиды үйретеді тәрбиелейдіЕртегілердің кейіпкерлері қызықты болады.ШығармаҚағазАқ түрлі-түстіЖазамыз сызамыз бүктеймізҚағазға сурет салып үйренемізПарақҮйҮлкен биікТұрамыз өсеміз жинаймызӘр үйдің сыры бар.БаспанаДосАдал шыншылКөмектеседі сыйлайды ойнайдыДос көп болу қажет.СерікНаурызкөжеДәмді пайдалыПісіреді дайындайды ішедіНаурызда әжем наурызкөже пісіреді.Тағам Эссе үлгілері.Туған жер.Менің туып өскен жерім – Қабанбай батыр ауылы. Мен Пионерская көшесінде тұрамын. Ауылымызда екі мектеп бар, мәдениет үйі, кітапхана. Менің достарым көп. Біз бірге ойнаймыз, серуендейміз. Ауылдың жанында Қабанбай батырдың кесенесі бар. (Кенжебек Аружан) Көктем келді. Міне көктем де келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Күн жылынды, қар еріп, күн ұзарды. Енді құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жаяды, бәйшешек гүлдейді. Адамдар қуанады, көңілдері көтеріңкі болады. Мамырда оқу жылы аяқталады. (Ислям Алма) Табиғатты қорғаймыз.Табиғат – бізді қоршап тұрған орта. Адам да табиғаттың бір бөлігі. Табиғат тірі және өлі болып келеді. Ол бізге қуаныш әкеледі, сондықтан табиғатты қорғау керек. Ағаштар, гүлдер отырғызу, қоқыс лақтырмау, өрттен сақтау. Көліктердің, зауыттардыңтүтіні ауаны ластайды.( Искаков Еламан)Үй жануарлары.Үй жануарларына: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері: құлын, бұзау, бота, қозы, лақ. Олардың пайдасы көп: сүт, ет, тері, жүн. Сүттен көп әртүрлі тағамдар дайындалады. Қымыз, шұбат – пайдалы сусындар. Маған қымыз ұнайды. ( Әбдірасіл Нұрсұлтан)Аңдар.Аңдар өте көп. Мысалы: қасқыр, түлкі, аю, кірпі, жолбарыс, арыстан т.б. Олар ормандарда тіршілік етеді. Аюдың түрлері көп: қоңыр аю, ақ аю, панда т.б. Ақ аю мұздықта өмір сүреді. Оның қонжықтары болады. Балықпен қоректенеді. ( Отузбаев Дәулет).Мектеп.Мектеп балаларға білім мен тәрбие береді. Біздің мектеп — екі қабатты. Менің сыныбым екінші қабатта. Сыныпта 22 оқушы бар. Менің сүйікті пәнім – қазақ тілі, әдебиеттік оқу. Мен күнде «бес» деген баға алып тұрамын. Өз мұғалімімді сыйлаймын, жақсы көремін. Мектебім – екінші үйім. ( Кайсина Айнур)Астана.Астана – біздің еліміздің бас қаласы. Жылда 6 шілдеде адамдар Астана күнін тойлайды. Мен Астанада жиі боламын. Ата-аналарым мені «Мега», «Думан», «Ханшатыр» деген орындарына апарады. Ең биік «Бәйтерек» — алыстан көрініп тұрады. ( Болғазин Айбын)Достарым.Менің достарым көп. Сыныптағы балалармен жақсы достасамын, ал ең жақын досым – Нұршат. Ол менің көршім. Сабақтан кейін біз кездесеміз, ойнаймыз. Ол менен үлкен, сондықтан мені қорғап жүреді. Екеуміз велосипед тебеміз, футбол ойнаймыз. ( Темірғалин Данияр)Жаз. Көктемнен кейін жаз келеді. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Маусым айында мен жазғы лагерьге келемін. Мұнда маған ұнайды. Ойын ойнаймыз, жарыстар өткіземіз, түскі тамақ ішеміз. Аспазшы дәмді тамақ пісіреді. Содан кейін мен әжеме қонаққа барамын. ( Балтабек Аршагүл)Кітапханада.Кітапханада көп әртүрлі кітаптар бар. Мен мектептегі кітапханаға барамын, ертегілерді алып оқимын. Кейде кітапханашыбізге шашки, шахмат ойнауға береді. Егер реферат жазу керек болса, мен кітапханадан кітап алып, дайындаламын.Кез келген адам кітартардан көп білім алады. ( Бисекеева Сания)Ағаштар.Ағаштар тірі табиғаттың бір бөлігі. Олар адамдарға таза ауа, әсемдік береді, ал құстарға баспана болады. Біздің ауылда терек, үйеңкі, емен, шырша, қарағай, тал өседі. Жаз бойы ағаштар жап-жасыл болып тұрады. Оларды қорғау керек, бұтақтарын сындырмау, кеспеу керек. ( Серік Арсен)Наурыз.22 наурыз – жыл басы. Күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-біріне қонаққа барады, наурызкөже, ұлттық тағамдар пісіреді. Әртүрлі ұлттық ойындар өткізеді. Табиғат оянады. Бүкіл Қазақстан наурыз мерекесін тойлайды. Қалада киіз үйлер тігіледі, адамдар қыдырады. Ал біздер көктемгі каникулға шығамыз.(Умирзаков Нияз)

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Физика​Білімді ұрпақ –ел ертеңі»

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084892

Пікірлер (2)
Жаңакүл # 10 қазан 2015 в 22:34 0
Өте тамаша! Шығармашылық табыс тілеймін!
акбота # 25 қараша 2015 в 20:57 0
жазушы деген созге бес жолды олен калай болад

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар