Валеология негіздері (мектепалды даярлық тобы)

8 қаңтар 2016 - Айгүл Шатанова

Тақырыбы:   Мен және мені қоршаған орта.

Мақсаттары:

1.     Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру.

2.     Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым – қатынасын қалыптастыру.

3.     Өсімдіктер мен жануарларға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Барысы:

-      Адамға ең қажетті дене мүшелерін ата.

-      Қаңқа деген не? Ол не үшін қажет?

-      Дәрігер Салауат сүйектерді қорғау үшін қандай кеңестер береді?

-      Тері қандай маңызды рөл атқарады?

-      Табиғат сенің денсаулығыңа қандай әсерін тигізеді?

Табиғаттың сыйы жөнінде әңгімелесу.

  Табиғат – адамдарды қоршаған әлем.

 Бұл  -  аспан, ай, жұлдыздар, өзен – көл – теңіздер, ағаштар, шөптер, жануарлар әлемі. Жел, жауын – шашын, боран, су тасқыны, қар еруі – бұның бәрі табиғаттың құбылыстары.

  Таулар, тастар, ағаштар, шөптер – табиғаттың денелері.

 Табиғат– бүкіл қоршаған әлем, ал адам – өмірдегі ең керемет жаратылыс.

  Табиғаттың адамға ғажайып сыйлығының бірі – таза ауа.

 Терезенің желдеткішін ашып, балаларға таза ауаны терең жұтуды ұсыну.

-      Таза ауа ағзаға өте пайдалы. Адамдар оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады.

Ағаш – ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Бұл да адам денсаулығына жағымды әсер етеді.

Күн –табиғат сыйының бірі. Халық: «Күн қай жерге аз ттүссе, сол жерде адамдар жиі ауырады» дейді. Күн шуағы көптеген аурудың алдын алады.

  Балалар  терезеге келіп, қолдарын күнге созып жылытады.

Өмір шырыны – су – табиғаттың тағы бір сыйы.

  Адам ағзасының жартысынан көбі судан құралады. Сусыз адам біраз уақыт қана өмір сүруі мүмкін. Ыстық болған сайын ағзалардың сусыз өмір сүруі қиындай түседі. Су ішкі және сыртқы ағзаларды тазартады. Өсімдіктер де, жануарлар да сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер мен жануарлар денсаулықты нығайтуға қажетті дәрумендер береді.

  Балалар таза, салқын суды ішеді. Қолдарын суға салып, беттерін сулы қолдарымен сүртеді.

  Сергіту сәті.

 Әңгімелесу.

-      Флора және фауна дегеніміз не?

-      Флора – өсімдік әлемі (ағаштар, бұталар, шөптер, т.б.)

-      Фауна – жануарлар әлемі (үй жануарлары мен жабайы жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктер)

  Өсімдіктер өмірінде арнайы тәртіп сақталады.

  Дән жерге түскеннен кейін, өніп, тамырланып, кішкентай өскін өсіп шығады. Оны жаңбыр суарып, күн жылуын береді. Жер күш береді. Ағаш күшті және иілгіш болуы үшін, әр таңда таңертеңгі шық оны жуындырып, салқын жел әр бұтағын тербетіп, жапырағын сыбдырлатып тұрады. Ал ол өсіп үлкейгенде адамды табиғаттың түрлі құбылыстарынан: жауын – шашын, желден, т.б. қорғап, жемісін беріп, ыстықта көлеңкесін түсіріп, қажетсіз көмірқышқыл газын, бойына сіңіріп, оттегін шығарады. Егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса, жапырағы сарғаяды, зиянды заттар болса, ағаш ауырып, аяғында солып қалады. Суы аз болса, өспей қалады.

Жанауарлар да салауатты өмір заңын сақтайды.

Күшік пен мысық аулаға жүгіріп шығып, керіліп созылады.

Мысық бетін жуады, ал күшік тілімен жүнін жалайды. Барлық жануарлар тамақтанғаннан кейін жуынады. Әтеш қақпаға шығып, мойнын созып, қанаттарын серпіп- серпіп, қатты шақырады.

   Жануар жүнінің таза болуы – жақсы денсаулықтың белгісі.

  Жануарлар тамақтану тәртібін сақтайды. Егер мысықтың баласын уақытында тамақтандырмаса, ол өспей қалады.

Ойын  — лото «Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері»

    Балалар адамға қоршаған ортаға байланысты үлкен жауапкершілік жүктелгенін талқылайды. Адам табиғаттан бөлек өмір сүре алмайды, өйткені ол табиғаттың бір бөлігі. Өз денсаулығын сақтау үшін, ол жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға міндетті.

Әліппе – дәптермен жұмыс:

  Дәрігер Салауаттың кеңестері:

·        Өсімдіктер мен гүлдерді жұлма! Сүйсініп қара, басқа адамдардың да сүйсініп қарауына мүмкіндік бер.

·        Бөтен итті сипама, жақындама. Абай бол, ол оны өзіне төнген қауіп санап, қауіп алуы мүмкін.

·        Егер жұмыртқасы немесе балапаны бар ұяны көрсең, тиіспе. Құстар өз балапандарын қорғаймын деп, шоқып тастауы мүмкін.

·        Жануарларды таяқпен соғып, аяқпен теуіп, құйрығынан тартып жәбірлеуге болмайды. Олар өзін қорғау үшін, сенің өміріңе қауіп төндіруі мүмкін.

   Қорытынды:

·        Табиғат – тіршілік нәрі.

·        Адам флора мен фаунаны қорғап, күтеді, ал олар адамға өмір сүруге пайдасын тигізеді.

·        Адам -  табиғаттың бір бөлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115523

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар