Гүл силағым келеді

18 маусым 2016 - Құралай Орманова

Алматы  облысы

Райымбек  ауданы

Текес  ауылы.

Қ.Шорманов  атындағы  мектеп  жанындағы

«Балбөбек» шағын  орталығының 

тәрбиешісі  Әбдеракбаева Кулнара Бексултанқызы


Білім  саласы  «Шығармашылық»

Білім  бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: "Гүл  силағым  келеді»»


Мақсаты:
Білімділік: дайын пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге, түстерді, көлемді ажырата білуге үйрету. Көктем туралы білімдерін толықтыру.


Дамытушылық: балалардың сөздік қорын молайтып, ой-өрісін, тілін, қиялын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету. Өз  қолдарымен  силық  жасай  білуге ынталандыру


Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу..

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту, мадақтау, жеке баламен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, айналамен таныстыру, ән сабағы.
Сөздік жұмыс: бәйшешек, гүлдің сабағы.
Көрнекілігі: гүлдер, жапырақтар, құмыра, тал, табиғат бұрышы

Ұйымдастыру.
Су сылдырап, құстар сайрап, бақтың ішінен Гүл ашылады.
Гүл бейнесіндегі тәрбиеші: Саламатсыңдар ма, балалар. Сендер бүгін әдемі болып кетіпсіңдер  Келген  Көктем  айы  сендерге  әсер еткен  секілді… Мен Көктем – Ана жіберген алғашқы гүлмін. Сонымен қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем мезгілі.
— Балалар, көктем мезгілінде болатын қандай өзгерістерді білесіңдер?

— Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, жер көгереді, шөптер шығады.
— Балалар, мен сендердің қолдарыңнан әлі бүрі ашылмаған гүлдерді көріп тұрмын. Енді сендер гүлдеріңді, менің қолымдағы керемет құмыраға салып, бір-біріңе  деген жылы тілектеріңді айтсаңдар, бұл гүлдер құлпырып кетеді. Өйткені бұл сиқырлы құмыра. Сендер жақсы тілек білесіңдер ме?
— Ия, білеміз.
— Қане тілектеріңді айтып, гүлді құмыраға сала қойыңдар.
Ақжол:  Апай, менің қолымда гүл жоқ, мен мына өсіп тұрған гүлді жұлып алайын ба?
Тәрбиеші:- Ақжол, гүлді жұлуға болмайды ғой, гүл деген әдемі, оны күтіп-баптау керек, су құйып өсіру керек. Мен саған басқа гүл берейін.
Ақжол гүлді алып, тілегін айтып құмыраға гүлді салады.
— Мамамыз аман болсын!
Сонан кейін, басқа балалар да тілектерін айтып, гүлді құмыраға салады.

— Деніміз сау болсын!
— Аспанымыз ашық болсын!
— Әрқашан күн сөнбесін!
— Ойыншығымыз көп болсын!
— Көңілді бала болайық!
— Бәріміз дос болайық!
— Ата-анамызды жақсы көреміз!
— Апайдың айтқанын тыңдаймыз!
— Тәртіпті бала болайық!
— Бақытты баламыз!
Сиқырлы құмыра айналып, әсем гүлдер көрінеді.


Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме, қандай әдемі гүлдер.   Алда  аналар  мерекесі  келе  жатыр.Сендер   аналарыңа  сыйлық жасағыларың келе ме?
Балалар: Ия, жасағымыз келеді.
Тәрбиеші: Қандай сыйлық жасағыларың келеді?
Балалар: Апай, біз де гүл сыйлайықшы.
Тәрбиеші: Ендеше, ол гүлдерді өз қолдарыңмен жасаңдар. Орындарыңа отырып, маған қарай қойыңдар, мен гүлдің қалай жасалатынын көрсетейін.
Балалар өз орындарына отырады.

— Балалар, гүлдердің түсі, көлемі, әр түрлі болады. Қараңдаршы, мына гүлдің түсі қандай?
— Түсі сары.
— Ал мына гүлдің түсі қандай?
— Түсі ақ.
— Бұл гүлдердің жапырақтарының түсі қандай?
— Түсі жасыл.
— Осы гүлдердің көлемдері бірдей ме?
— Жоқ ақ түсті гүл үлкен, ал сары түсті гүл кішкентай
— Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біздің сыйлайтын гүліміздің аты БӘЙШЕШЕК деп аталады. Қане қайталайықшы.
— Бәйшешек гүлі
— Бәйшешек гүлінің түсі қандай?
— Түсі көгілдір
— Балалар мынау гүлдің сабағы, қайталап айтайықшы.
Гүлдер сабағынан өсіп шығады екен. Алдымен қағаздың ортасынан, төменнен жоғарыға қарай гүлдің сабағын қоямыз. Гүлдің сабағы ұзын жіңішке болады. Содан кейін сабағынан жапырақ өсіп шығады. Енді жапырағын қоямыз. Жапырақтың пішіні сопақша болады. Сабағының жоғарғы жағынан гүл өсіп шығады. Міне біздің гүліміз  де дайын болды.
Балалар, біз ерекше сыйлық жасайтын болғандықтан, біздің жұмыс жасайтын қағазымыз да әдемі. Гүлді қағаз бетіне қойып болған соң, екінші бетін жайлап қана үстіне жабамыз да, алақанымызбен сипап жібереміз.

Балалардың жұмысы.
Сергіту: Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып

Тәрбиеші: Балалар, сендер гүлдерді өте жақсы жасадыңдар, түстерді де ажырата біледі екенсіңдер.

Бәріміздің  де  гүліміз  өте  әдемі  болып  шықты.  Силықты  өз  қолыңмен  жасаған  қандай  керемет.  Аналарымыз  балаларының  өнерлі  екенің  көріп  қуанатын  болды.

Балалар  жұмысы  тақтаға  орналастырылады.

Нені  білеміз.  Пішіндерді,  көлемдерді,  түстерді  ажыратуды

Нені  білдік.  Көктем  мерекесі,  көктемнің  алғашқы  гүлдері  жайлы,  жеке  бөліктерді  біріктіре  жапсырып,  орналастыруды

Нені  игердік.  Силықты  өз  қолымызбен  жасауды.  Табиғатты  аялауды

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147912

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар