Дүниетану пәнінен әдістемелік құрал

Новоселов орта мектебі КММ

ДҮНИЕТАНУ

Тестік тапсырмалар

Әдістемелік құрал

 

 

Ескендирова Гульден Галимжановна

Бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016ж.

 

 

 

 

 

Әдістемелік құрал

Ұсынылған әдістемелік құрал  мемлекеттік білім стандартына сай дайындалған.

Тестік тапсырмалар  «Дүниетану» оқу пәнінің негізгі бөлімдері бойынша 2-4 сынып оқушыларының білімін тексеруге, бақылауға және бағалауға бағытталған.

 

Жинақ бастауыш мектеп оқушыларына, оқытушыларға және ата-аналарға  арналған.     

 

АУА

 

1.Ауа – бұл ...

а) сұйық зат;

в) қатты зат;

с) газтәрізді зат;

 

2. Дұрыс ұғымды таңда:

а) ауа — газдардың қоспасы;

в) ауа – сұйықтықтар қоспасы;

с) ауа – қатты заттар қоспасы;

 

3. Ауаның қасиеті туралы дұрыс деректі сыз:

а)  мөлдір, түссіз;

в) иісі бар, иісі жоқ;

с) сығылады, серпімді;

г) салмағы бар, орын алады;

д) жануды қолдайды, жануды қолдамайды;

е) ауа суда жоқ, ауа суда еріген;

ж) ауа бос орындарды толтырады;

 

 

4. Ауаның қандай қасиеті туралы сипатталғанын анықтап, қасиетін  жаз.

а) Резенке допты жерге соқты. Ол жерде ұзақ секіреді.

Ауа_______________________________                                                                                                   

 

в) Май шамды жағып оны стақанмен жауып қойды. Май шам сөніп қалды.

Ауа_______________________________

 

с) Стақан суға түйір қантты салды. Одан көпіршіктер шыға бастады.

Ауа________________________________

 

5. Терезелерге жылу сақтау үшін қос әйнектер орнатады, өйткені:

а) жылыған кезде ауа кеңейеді;
в) салқындау кезінде ауа сығылады;
с) жылу ауаны нашар өткізеді.

 

6. «Егер ауа болмаса, онда… ». Дұрыс жауапты қорша:

а) күн сәулелері бар тіршілікті күйдіріп жібереді;

в) жануар мен өсімдіктің кейбір түрлері жойылып кетеді;

с) тірі ағзалар дем ала алмайды;

д) планета өлі аспан денесіне  айналады;

 

7. Ауаға не зиянды болуы мүмкін, астын сыз:

Күйе, шаң, түтін, аэрозольдар, су буы, газдар, оттегі.

 

8. Ауаның ластану көзін көрсет:
а) өрт пен жанған алау;
в) қуыршақтармен ойын;
с) автокөліктен бөлінетін газдар;

 

9. Ауаны ластанудан қорғау үшін қажет:
а) барлық фабрикалар мен зауыттарды тоқтату;
в) автокөлікті пайдалануға тыйым салу;
с) зауыттар мен фабрикалардың құбырларына, көліктерге арнайы сүзгілер орнату;

 

 

СУ

 

1. Су – бұл ...

а) қатты зат;

в) сұйық зат;

с) газтәрізді зат;

 

2. Сөйлемді толықтыр ....

Су қатты күйде – бұл____________________________

 

Су газтәрізді күйде – бұл _________________________                            

 

3. Дұрыс түпнұсқасын таңда және қорша:

а) су температурасы  жоғарылаған сайын, булану жылдам жүреді;
в) су температурасы  жоғарылаған сайын булану  баяу жүреді;
с) су температурасы төмендеген сайын булану баяу жүреді;

 

4. Су мұзға айналады:

а) температура +5°С және одан жоғары болса;

в) температура 0°С және одан төмен болса;

с) температура  0-ден +5°С болса;

 

5. Таза судың  қасиетіне байланысты  қате тұжырымды сызып, орнына дұрыс тұжырымды жаз:

Мөлдір,  қышқыл, сұйықтық, сфералық пішінді, иісі жоқ, ақ түсті, температурасы  бар ..._______________________________

 

6. Судың қандай қасиеті туралы сипатталғанын анықтап,  қасиетін жаз.

а) үстел үстіндегі тостағаннан су төгілді. Су үстел үстіне жайылды. Су_______________.

 

в) шәйнекте су  ұзақ  қайнап жатты. Көп ұзамай шәйнекте су қалмады.

Су________________.

с) бір стақан суға қант салды. Көп ұзамай қант еріді.  Су________________.

д) бір стақан суға қасық салды. Қасық жақсы көрінеді. Су_________________.

 

 

7. Суда еритін заттардың астын сыз:

а) қант, саз, оттегі, сода, ұн, мұнай, тұз, құм.

8. Суды саздан тазарту үшін ...

а) суды таза ыдысқа құю керек;

в) суды тұндыру керек;

с) суды сүзу керек;

 

9. Көлдің, өзеннің, томардың суын ішуге болмайды, себебі:

а) суда еріген минералды заттар болуы мүмкін;

в) суда су түбінен шығып жатқан еріген газ болуы мүмкін;

с) суда зиянды заттар мен ауру тудырушы микробтар болуы мүмкін;

 

10. Адамдарға қажет су:

а)  мөлдір;

в)  таза;

с)  тұзды;

11. Көлдер мен өзен суларының ластану себебін көрсет:

а)  суды тұрмыста пайдалану;

в)  зауыт пен фабрикалардан сарқынды суларды ағызу,  фермалардан зиянды қалдықтардың ағызу;

с) суды өндірісте пайдалану;

 

12. Зауыттар мен фабрикаларда суды тазарту үшін қолданады:

а) сүзгілер;

в) қышқылдар;

с) пластикалық құбырлар;

 

 

ТОПЫРАҚ

 

1. Топырақ – бұл ...  .

а) жердің жоғарғы қабаты ;

в) жердің жоғарғы құнарлы қабаты ;

с) қара немесе сұр түсті зат;

 

2. Топырақ тұрады:

а) микробтардан, өсімдіктердің тамырынан, топырақта тіршілік ететін әр түрлі жануарлардан;

в) ауадан, судан, қарашіріктен, құмнан, саздан, тұздардан;

с) ауа, су, қарашірік, құм, саз, тұздар, өсімдіктер мен ұсақ жануарлардың қалдығынан;

3. Топырақтың негізгі қасиеті болып табылады:

а) қара түс;

в) құнарлылығы;

с) сусымалы;

д) онда өсімдіктер өседі;

4. Құнарлы топырақ болады:

а) қоңыр түс;

в) сары түс;

с) түсі қара.

 

5. Топырақ құнарлығына әсер етеді:

а) топырақтағы қарашірік болуы;

в) топырақтағы су болуы;

с) топырақта құм және саз болуы;

 

6. Топырақта қарашірік пайда болады:

а) құм және саздан;

в) су мен ауадан;

с) өсімдіктер мен жануарлардың қалдығынан;

 

7. Суға топырақты салған кезде, су көпіршіктері бөлінеді. Бұдан не білеміз:

а) топырақта бар ауаны су ығыстырады;

в) суда бар ауаны топырақ ығыстырады;;

 

8. Өсімдіктердің өмірін қамтамасыз ететін, топырақтың  құрамдас бөліктері аталған қатарды таңда:

а) Су, ауа, минералды тұздар.

в) Құрттар, тышқандар құрттар, жәндіктер.

с) Тас, құм, саз.

 

9. Топырақта мекендейтін тірі ағзалар түрлері көрсетілген қатарды таңда:

 а) Құмырсқалар, шыбын, қоңыздар;

 в) Көбелектер, қоңыздар, тышқандар;

 с) Жауын құрттар, көртышқандар, бұзаубас;

 

ӨСІМДІК ТІРШІЛІГІНЕ ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР

 

1. Өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін қажет:

а) жылу, су, ауа, жарық, қоректік заттар;

в) су, жылу, құм, оттегі;

с) ауа, су, қоректік заттар, суық, түнек.

 

2. Өсімдіктер топырақтан алады:

а) қарашірік, құм, саз;

б) ауа, су, тұз;

в) өсімдіктер және жануарлар қалдықтары;

 

3. Әрбір тобқа  2 өсімдіктердің атауын жаз:

Біржылдық:

Екіжылдық:

Көпжылдық:

 

4. Өсімдіктердің тұқымдарын әдетте қапшықтарда сақтайды. Бұл ретте тұқым өнбейді, өйткені:

а) қарашірік жоқ;

б) су жоқ;

в) жарық жоқ.

 

5. Жер үсті  және жер асты бөліктеріне жататын өсімдік мүшелерін сызықпен қос:

мұртша                      

тамырсабақ

түйнек                       

жер асты қосалқы тамырлар

жапырақша               

 

пиязшық

ұрық                           

жер үсті өркендер

 

6. Өсімдік пен оның көбею мүшесі арасындағы сәйкестікті анықта:

 

қарақат                                                           пиязшық

бүлдірген                                                       түйнек

ләйлігүл                                                        "мұртша"

қияр                                                                жапырақша

жауқазын                                                       тамырсабақ

қарлыған                                                        қалемше

шегіргүл                                                         өркен

картоп                                                            ұрық

 

7. Өсімдік  жемісінің басты белгісі :

 

а) дөңгелек;

в) тұқым бар;

с) жеуге жарамды;

д) пайдалы;

 

8. Біртұқымды жемістердің астын сыз:

Қияр, шие, өрік, қауын, қарбыз, қызанақ, алма, өрік, қауын, кәді, шабдалы.

 

 

 

 

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІГІ

 

1. Өсімдіктің ұрықтан бастап даму ретін 1-ден 4 цифрын қою арқылы көрсет:

тамыр                       жапырақ

 

ұрық                         сабақ

 

2. Тұқымның өнуі үшін қажет ....

а) жылу, су, ауа;

в) қарашірік, саз және құм;

с) жарық, су жіне көмірқышқыл газы;

 

3. Өсімдік бөліктерінің атын толықтырып жаз:

а) тыныс алады, күн сәулесін аулайды___________________________

 

в) топырақта өсімдікті ұстап тұрады______________________________

 

с) тамырдан басқа мүшелерге қоректік заттарды тасымалдайды______________

 

4. Қант пен крахмал түзілетін өсімдік бөлігі:

а) тамыр;

в) жапырақ;

с) сабақ;

 

5. Қант пен крахмал түзу үшін өсімдікке қажет:

а) су мен көмірқышқыл газының болуы;

в) топырақ пен ауаның болуы;

с) жарық, су және көмірқышқыл газының болуы;

6. Өсімдік жапырағында қоректік заттармен бірге түзілетін негізгі зат:

а) оттегі;

в) көмірқышқыл газы;

с) азот;

 

7. Жапыраққа жасыл түс беретін заттың атауы:

а) крахмал;

в) хлорофилл;

с) көмірқышқыл газы;

 

 8. Өсімдік жапырағының күннің атысымен батуына дейін тыным таппайтын мезгілі:

а) көктемде;

в)  жазда;

с)  күзде;

 

9. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарының  түстері күзде өзгереді, себебі:

а) күн сәулесі жарқырайды және өсімдік өзіне көп жылу алады;

в) жаз бойы жапырағында минералды тұздар, қант және крахмал көп мөлшерде жинақталады;

с) жылу азайғандықтан өсімдіктердің қоректенуі баяулайды және жапырақтары хлорофилл түзуді тоқтатады;

 

10. Тозаңданудан кейін гүлдердің орнында пайда болады ...

а) жапырақтар;

в) тұқымды жемістер;

с) сабақтар;

11. Барлық жәндіктер тозаідандырушы болып табылатын топты көрсет:

а) аралар, көбелектер, түкті аралар;

в) өрмекшілер, ұлулар, кенелер;

с) жұлдызқұрттар, инеліктер, көбелектер;

 

ӨСІМДІКТЕРДІҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ

 

1. Өсімдіктер туралы ғылым:

а) биология;

в) зоология;

с) география

д) ботаника;

 

2. Сәйкестендір:

 Бақбақ                                      ағаштар

Бөртегүл( сирень)

үйеңкі                                       бұталар

жауқазын

қайың                                        шөптесін

шырша                                      өсімдіктер

таңқурай

 

3.Тек жапырақты ағаштар тобына жататын өсімдіктер тобын көрсет:

а) Көктерек, терек, жөке.

в) Қайың, қарағай, балқарағай, емен.

с) Үйеңкі, шырша, қандыағаш түсті.

 

4. Тек қана қылқан жапырақты ағаштар тобына жататын өсімдіктерді көрсет:

а) Алма ағашы, қайың, кипарис.

в) Қарағай, майқарағай, балқарағай.

с) Терек, балқарағай, көктерек.

 

5. Адам арнайы өсіретін өсімдіктер тобы:

а) жабайы;

в) асыл өсімдіктер;

с) мәдени;

д) бау-бақша өсімдіктері;

 

6. Жабайы өсімдіктерге жатады:

а )алма, таңқурай, алмұрт;

в) шетен(рябина), мүк, қара өрік;

с) емен, тал, қырықбуын (папоротник).

 

7. Мәдени өсімдіктерге жатады:

а) қарақат, қарлыған (крыжовник), алма;

в) майқарағай (пихта), таңқурай, шырғанақ (облепиха);

с) қандағаш(ольха), қарағай, балқарағай (кедр).

 

8. Көптеген өсімдіктер…, олар медицинада қолданылады. Қалып қойған сөзді таңда.

а) әдемі;

в) дәрілік;

с) биік;

 

9. Сирек кездесетін өсімдіктерді жинауға тыйым салынады. Олар ерекше қорғауға алынған:

а) қорықтарда ;

б) мекемеге қарасты телімдерде;

в) бульварлар мен саябақтарда;

 

ӨСІМДІКТЕР

1-нұсқа

 

1. Өсімдіктер –… бір бөлігі

а) қоршаған ортаның;

в) тірі табиғаттың;

с) өлі табиғаттың;

 

2.  өсімдік бөліктерін жазып көрсет:

1._________________

 

2._________________

 

3._________________

 

4._________________

 

3. Өсімдік осы мүшесі арқылы тыныс алады, крахмал мен қант түзіледі:

а) гүл;

в) сабақ;

с) жапырақ;

 

 

4. Өсімдік тіршілігінің негізі:     а) ұрық;     в) жеміс;    с) тамыр;

 

5. Өсімдіктердің  көбеюге қатысатын жер үсті бөліктерін ата:

 

 

6. Тамырсабақтар, түйнектер, пиязшықтар – бұлар

 

 

7.  Мына суреттен тамыр, тамырсабақ, тамыр жемісті көрсет:

 

 

8. Қандай жемістің тамыржемісін тағамға пайдаланады жазып көрсет:

 

 

9. Ешқандай мүшесі жоқ құрылысы ең қарапайым  өсімдіктер:

а) балдырлар;

в) қырықбуындар;

с) мүктер;

 

10. Бидай, арпа, сұлы – бұлар:

а) көлеңкесүйгіш;

в) суыққа төзімді;

с) құрғақшылыққа төзімді;

 

11. Үнемі күнге қарай бұрылатын жарықсүйгіш шөп тұқымдас өсімдік:

а) Мақта.

в) Жүгері.

с) Күнбағыс

 

12. Өсімдіктер – бұл ....

а) гүлдер, ағаштар;

в) тірі ағза;

с) Жердің сәні;

 

 

13. Өсімдік тіршілігін зерттейтін ғылым -  ....

а) ботаника;

в) биология;

с) биография;

 

14. Топыраққа бекіп, қоректік заттарды сіңіретін өсімдік  мүшесі:

а) жапырақтар;

в) тамырсабақ,

с) тамыр;

 

15. Өсімдіктің көбею мүшесі:

а) жеміс;

в) ұрық;

с)  гүл;

 

16. Өсімдіктерді топтарға бөл. Әр топтың атауын жаз:

Итмұрын, қарағай, майқарағай, шетен, терек, балқарағай, шырша.

 

17.  Жүгері қай өсімдік тобына жатады ....

а) жабайы;

в) мәдени;

 

18. Жеміс пен тұқымға, гүлге, жапырақтарғ су мен қоректік заттарды тасымалдайтын өсімдік мүшесі:

а) тамыр;

в) сабақ;

с) бұтақтар;

 

19. Жеміс… орнында түзіледі:

а) гүлдің;

в) жапырақтың;

с) бүршіктің;

 

20. Көбейеді ( сызықпен қос)

а) ләйлігүл                             тамырсабақ

    картоп                                пиязшық

    жауқазын                           түйнек

 

2-нұсқа

 

1. «Қызыл кітапқа» енген қандай өсімдіктерді білесің?

 

1. ________________________________

 

2.________________________________

 

3._________________________________

 

4_________________________________

 

5._________________________________

2. Еменнің өмір сүру ұзақтығы:

а) 10-15жыл

в) 100-150жыл

с) 1000-1500жыл

 

3. Біржылдық өсімдіктер:

а) бидай

в) жидек

с) қымыздық

 

4. Жердің үстіңгі қабатында өсетін шөптесін, ылғалсүйгіш өсімдіктер:

а) шалғын

в) дала

с) таулар

 

5. Май, мата, мақта алынады:

а) жүгеріден

б) күріштен

в) мақтадан

 

11. Крахмал   ...  алынады:

а) мақтадан

б) күріштен

в) жүзімнен

 

 

12. Адамдар егістікте өсіретін өсімдік атауларын сыз:

 

Бидай, алма, қызылша, жүгері, таңқурай, күріш, сары өрік, картоп, мақта, сәбіз, күнбағыс;

13.  Картоп түйнегінен … алынады.

а) ұн

в) жарма

с) крахмал

14. Адамдар «Ақ алтын» деп атайды:

а) тұзды

в) нанды

с) қантты

д) мақтаны

 

15.  Бау-бақшада өсетін өсімдік түрлерінің астын сыз:

Шие, қызылша, алмұрт, сары өрік, картоп, қарақат, алма, арпа, таңқурай.

 

16. Біздің елімізде кең таралған жеміс дақылдары болып табылады:

а) ананас, банан, апельсин;

б) киви, өрік, лимон;

в) алма, алмұрт, таңқурай.

 

17. Бау-бақшада жұмыспен қамтылған адамдарды атайды:

а) диқаншылар;

б) малшылар;

в) бағбандар;

г) бақшашылар.

 

18. Адамдардың  жемісті ағаштар пен бұталарды өсіру себебі:

а) олар үй жануарларына қорек болып табылады;

в) олар бау-бақшаның сәні;

с) олардың құрамында адам ағзасына қажетті пайдалы заттар бар;

 

19. Күріш, мақта, жүгері, қауын, қарбызды өсіреді:

а) орталық Қазақстанда;

в) солтүстік Қазақстанда;

с) оңтүстік Қазақстанда;

 

20. Адам өмірінде өсімдіктердің мәні. Атап шық:

1._____________________________

 

2.______________________________

 

3._______________________________

 

4._______________________________

 

5._______________________________

 

 

 

 

ЖАНУАРЛАР

 

1. Жануарлардың өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?

а) A) Өсімдіктер – табиғаттың жансыз бөлігі, жануарлар -тірі табиғат.

в) Өсімдіктер қоректік заттарды өлі табиғаттан алады, жануарлар — тірі табиғаттан алады.

с) Ешқандай айырмашылығы жоқ, бұлар тірі табиғаттың бір бөлігі.

 

2. Барлық жануарларды неше топқа бөлуге болады?

а) 2

в) 3

с) 4

 

3. Жануарлар қоректенуі бойынша қандай топтарға бөлінеді? Сипаттап жаз.

 _____________________, __________________________, _____________________ .

4. Төлдерін сүтпен асырайтын жануарларды атайды _________________________________.

Оны басқаша атайды ________________________.

5. Тұяқтылар – бұлар:

а) дән қоректілер.

в) шөп қоректілер.

с) жәндік қоректілер.

6. Бұл жануарлардың денесі: бас, кеуде, қарын  және алты аяқтан тұрады:

а) Құрттар.

в) Өрмекшілер.

с) Жәндіктер.

 

7. Осы қосмекенділерді: тритон, құрбақа, саламандра, бақа 2 топқа бөліп, әр топты сипаттап жаз.

 

___________________          ___________________                              

___________________          ___________________                              

___________________          ___________________                              

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Омыртқалылар:  Омыртқасыздар:

___________________ __________________

___________________ __________________

___________________ __________________

9.  Сіз орманда жануардың төлін көріп қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз:

а) олны үйге аласыз;

в) қолыңызға алып, сипап көресіз;

с) көрмегендей қасынан өтіп кетесіз;

 

10. Тіршілігінің бір бөлігін суда, бір бөлігін құрлықта өткізетін жануарлар:

 

____________________________________________.

11. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ең үлкен кесіртке: -___________________________________.

12. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген дала жыртқышы: -

___________________________________.

 

13. Қазақстанда жойылып бара жатқан құстарды бағатын қорық қалай аталады?

 а) «Барс».

в) «Қыран».

с) «Сұңкар».

 

14. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жануар:

 а) Ұлар.

в) Құр.

с) Шіл.

 

15. Қандай топтың жануарлары жұмыртқа салады?

__________________________, ________________.

 

16. Қазақстандағы қорықтардың саны:

а) 7

в) 8

с) 9

 

17. Топталып өмір сүреді:

а) шіркейлер.

в) шыбындар.

с) аралар.

 

18.  Қандай құстар оңтүстікке соңғы болып ұшып кетеді .

а) су  құстары.

в) дән қоректілер.

с) жәндік қоректілер.

20. Бұл жануардың түрін сақтап қалу үшін Барсакелмес қорығы құрылды.

а) Бұғы.

в) Елік.

с) Құлан.

 

21. Тоқылдақ ағашты тоқылдатып зиян келтіре ме?

 а) Ия, себебі ______________________________.

в) Жоқ, себебі ______________________________.

с) Білмеймін.

 

22. Әлемге үлкен зиян келтіретін жәндік:

а) обыр шегіртке.

в) шегіртке.

с) бүйі.

 

23. Барлық зиянкес жәндіктерді жою дұрыс па?

 а) Иә, өйткені_____________________.

в) Жоқ, өйткені_____________________.

с) Білмеймін.

 

24. Жүзім ұлуының мекендейтін ортасы:

а) топырақ.

в) жапырақ.

с) су.

 

25. Шөл жануарлары:

а) қасқыр, аю, түлкі.

в) қоян, тиін, кірпі.

с) құлақты кірпі, қарақұйрық, ақбөкен.

 

 

26. Мал шаруашылығында еңбек ететін адамдардың кәсіби мамандығын сыз:

 

Сауыншы, дәрігер, зоотехник, машинист, бұзау бағушы, агроном, құс бағушы, шопан.

 

 

27. Мал шаруашылығы адамдарға береді:

а) ет, сүт, мамық, тері.

в) мақта, зығыр, пішендік шөптер.

с) жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар.

 

 

28.  Мал шаруашылығы тағамдарының астын сыз:

Қияр, қаймақ, ет майы, алма, пияз, ірімшік, картоп, айран, ет, күріш, қант, апельсин, нан, сары май, қызылша, күнбағыс майы, балық, жұмыртқа.

 

 

29.  Үй жануарларын асырайды:

а) өсімдіктер бағында;

в)  қорықтарда;

с) фермаларда;

 

30. Үй жануарларына азықты дайындайды:

 а) күз бен қыста;

в) көктем мен жазда;

с) жаз бен күзде;

 

 

31. Қоректену тізбегін құр:

А – шортан. Б – жасыл балдыр. В – шаян.

 С – қызыл балық. Д – балықшы.

 

32. Тіршілік иелерін мекен ортасына қоныстандыр:

Бұғы, жылан, барс, шамшат (қатты ағаш), қабан, тауешкі, қарағай, тиін, бүркіт, қайың, сарышұнақ, жөке ағашы, бозторғай, селеу(бетеге).

Орман ____________________________________________

Дала _____________________________________

Тау ______________________________________

35. «Қызыл кітапқа» енген құстардың астын сыз:

Ақ дегелек, қоқиқаз, сарнауық торғай, қоқиқаз, дуадақ, бұлдырық, бүркіт, тау-кен дегелек, шыбын аулағышы, барылдақ торғай, тырна, дала бүркіті.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ТесттерҚазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған тест. ІІ нұсқа

ТесттерҚазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған тест. ІІІ нұсқа

ТесттерҚазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған тест

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148567

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар