Аңдар (Дүниетану)

Атырау облысы, Атырау қаласы

№ 4 облыстық мектеп-интернаты

Бастауыш сынып мұғалімі

Мырзашева Гульжанар Тилекбаевна

Пәні: дүниетану

Тақырыбы: Аңдар

Сабақтың мақсаты: Жануарлар тірі табиғатқа жататындығы туралы оқушылар түсінігін кеңейту

Білімділігі: Оқушылар жануарлардың алуан түрлілігі туралы жалпы түсінік беру.Жануарлардың құрлықта, суда, құрлықта да, суда да тіршілік ететіндігін, оларды бір-бірінен ажырата білуге, пайдасын, ерекшелігін, ұқсастығын түсіндіру.

Дамытушылығы: жануарлардың табиғаттағы орнын түсіндіру барысында қоршаған орта жайындағы білімдерін дамыту, өз ойларын толық жеткізе білуге жетелеу.

Тәрбиелілігі: жануарларға қамқорлық көрсетуге, табиғатты аялауға, аяушылық сезімдерін оята отырып, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды оқулы, интерактивті тақта

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

    1.Сәлемдесу

    2.Оқу-құралдарын тексеру

    3.Назарларын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

-«Өсімдіктің көбеюі»

А) (оқушылар тақтаға шығып, сурет арқылы үй тапсырмасын айтады)

Ә) Үй тапсырмасын қорыту

Сұрақ-жауап

ІІІ.Қызығушылықты ояту

А) -Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?

-Жануарлар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?

-Иә

-Олдай болса, жаңа сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқып берейін.Зейін қойып тыңдаңыздар!

(Ертегіні оқып беру)

-Балалар, ертегі ұнады ма?

-Ұнады

-Ертегі не жайында болды?

-Жануарлар туралы

-Жыл басына таласқан хайуанаттардың атын атап көріңдерші

(оқушылар айтады)

-Осы хайуанаттардың ішінде қайсысының төлін білесіңдер? Оларды қалай атайды?

Ә) Суреттер көрсету арқылы бұларды «Үй жануарлары мен хайуанаттары» деп аталатынын түсіндіру.

Қой сүйеді баласын «Қоңырым» — деп,

Ештеңені білмейтін «момыным» — деп.

Ешкі сүйеді баласын: «Лағым» — депа,

Тастан-тасқа секірген «шұнағым» -деп.

Сиыр сүйеді баласын «Торпағым» — деп,

Қараңғыға баспаған «қорқағым» — деп.

-Неге үй жануарлары деп аталады? Ойлан!

(балалардың жауабы тыңдалады)

Мұғалім:

-Үй жануарлары да ерте кезде жабайы жануарлар болған екен.Оларды адамдар біртіндеп жем, шөп, су беріп қолға үйреткен екен.Оларға жылы қора салып, қорада ұстап үйреткен.Осы үй жануарларының адам өмірінде маңызы зор екен.Жесе – тамақ, мінсе – көлік, жүнініен, терісінен киімдер аламыз.Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды.қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды екен.

ІҮ.Сергіту сәті «Төлдер» әні

Ү.Жаңа сабақ

-Балалар олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Аңдар»деп аталады.Ендеше, балаалар, Электронды оқулықтан «Жануарлар әлемі» туралы тыңдап көрелік.

(ЭО жануарлар әлемі туралы түсініктемені тыңдату)

Сұрақ-жауап

    -Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады?

    -Жануарлар немен қоректенеді?

    -Олардың тіршілік ортасы туралы не білеміз?

    -Неге жабайы аңдар деп аталады?

    -Оларға не жатады?

    -Балалар, «Жануарлар әлемінде» қандай жануарлар болатынын топтап көрейік.

Жануарлар әлемі

сүтқоректілер балықтар

құстар бунақденелілер

жорғалаушылар

-Яғни, балалар, біздер осы жануарлар әлемінің ішінен аңдар туралы өтіп жатырмыз.

-Балалар, ойланыңыздаршы!

-Осы аңдар, үй жануарлары балаларын немен қоректендіреді деп ойлайсыңдар?

-Сүтпен

-Дұрыс айтасыңдар.Сонда жабайы аңдар да, үй жануарлары да балдарын сүтпен қоректендіреді екен.Сондықтан оларды сүтқоректьілер деп атаймыз.

ҮІ. «Өз үйіңді тап»

-Олай болса, мына хайуанаттарды әрқайсысын мекеніне орналастырайық.Үй жануарларын қор-жайға, жабайы жануарларды орманға.

-Өте жақсы, балалар! Осы жануарлардың суретіне назар салып қарайықшы.Мына балық пен көбелектің суретіне қарайық.Терісі қандай екен? (Оқушылар айтады)

-Ал енді, балық пен көбелектің аңдардан айырмашылығын айтайық.

Аңдардың басқа жануарлардан ерекшелігі – терісі жүнмен, қылмен жбылған жануар екен.

-Балалар, осы жануарлар қай мезгілде төлдейді екен?

-Көктемде

-Ал үй жануарларын балалайды дейміз бе, әлде төлдейді дейміз бе?

-Төлдейді дейміз

-Ал жабайы аңдарды ше?

-Балалайды.

ҮІІ.Сәйкестендіру

Түйе лақ Аю лақ

Жылқы бұзау Қасқыр көжек

Қой құлын Қоян бөлтірік

Сиыр бота Түлкі қонжық

Ешкі қозы Бұғы, бөкен күшік

ҮІІІ.Шығармашылық тапсырма

-Балалар, жануарлар туралы өлең тақпақ білесіңдер ме?Қане, кім айтады?

(оқушылар айтады)

Жұмбақ жасыру

ІХ.Сабақты қорыту

Аңдардың басқа жануарлардан ерекшелігі

Терісі жүнмен, қылмен жабылған

Жануарлардың екі топқа бөлінуі

Үй жануарлары

Жабайы жануарлар

Ал үй жануарларын балалайды дейміз бе, әлде төлдейді дейміз бе?

Төлдейді

Жабайы аңдарды ше?

балалайды

Жабайы жануарлар қайда болады?

Орманда, тауда

Үй жануарлары қайда болады?

Қорада

Балаларын немен қоректендіреді?

Сүтпен

Жабайы жануарларды және үй жануарларын бір сөзбен не деп атаймыз?

Сүтқоректілер

Х.Үй тапсырмасы

ХІ. Бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151015

Теги: аңдар
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар