Ерке қызы даламның (сыныптан тыс шара)

4 сәуір 2015 - Рыскүл Ыбырайқызы

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қосшы ауылы

№2 Қосшы орта мектебі

4 сынып оқушыларының арасындағы сыныптан тыс іс шара

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Құрметті асыл аналар, қыз — қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Сіздерді бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.

Сіздерге арналған «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар

Нариман

Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

Мәди
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — қуанышы өмірдің.
Ана деген — әрбір үйдің жылуы,
Ана деген — гүлі туған өмірдің.

Батыр
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылған.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.

Рауан
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсыңАлішер
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!

Жүргізуші.

Сөз керек – ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге.

Сөз керек –дүниенің алтын діңгегі Ана екендігін әйгілеуге.

Сөз керек — анаға деген махаббат пен құрметті тіл ұшына үйіруге.

Сөз керек – жылына бір рет болса да Ана мен әйелдің көкіректі кернеген

Сезім мен көңіл – күйін білдіруге, — дей отырып сахнаға

Сыныбымыздың «Базар жоқ» КТК тобын шақырамыз.

Ерсұлтан

Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең

Қуаныш

«Адал бол, деп — балдырған»
Әлділдікке баулыған.
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді

Біз сіздермен ойын ойнасақ.

Ойын «Өз баласын иіскеп табу» /көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек/

Санжар

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Жанболат

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Ерған

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс!

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз


Аналарға арнап өнер жолын қуып арнау өлең шығарған балаларыңыздың ән шашуы қабыл алыңыздар.

    1.Насихат

    2.Мәди

    3.Х. Ақбота

    4.Жанболат

    5.Жанмерей

    6.Алишер

    7.Гүлназ

    8.Ерған

/Сыйлықтарын аналарына табыстайды./
«Алтын ана» әні

«Көктем аруы» атты сайысымызды жүргізуге сыныптас достарым Нариманмен Мәдиге кезек беремін

«Көктем аруы» қыз сыны.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: «Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Барысы:

1-жүргізуші. Бүгінгі «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

1 -жүргізуші.

«Көктем аруы» Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.

    1.Өзін- өзі таныстыру.

    2.Киім үлгісі

3. Өнерін көрсету

4.Қазақтың оюын ою

5. Үй тапсырмасы

2-жүргізуші.

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

    1.

    2.

    3.

1-жүргізуші.

Кел, достар, бастайық,,

Бастайықтойкешін.

Қызықтанешадам,

Қалмасынқұрқалып.

2-жүргізуші.

Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін –ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

1 -жүргізуші.

Гүлназ қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.

1.Кенжегалиева Гүлназ

2-жүргізуші.

    Айсұлу қыз елгезек

    Алады тез тіліңді.

    2.Амангелдиева Айсұлу

1-жүргізуші.

Алла қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

3.Хайратбек Ақбота

2-жүргізуші.

Ақша бетті Айкөркем

Ұқсайды хор қызына

4.Шабден Ақбота

1-жүргізуші.

    Сәулет үлбіреп

    Қос жанары мөлдіреп

    5.Тулеугазина Арайлым

2-жүргізуші.

    Білім жолын қуған,

    Белін бекем буған

    6.Мандыбекқызы Мөлдір

1-жүргізуші.

Ерке қызы даламның,

Көмекшісі ананың

7.Рахымжанова Жанмерей

2-жүргізуші.

Айтқан тілді алатын,

Талмайтын еш қанаты

8.Такерова Насихат

1-жүргізуші.

Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді киімімен.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

2-жүргізуші.

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

    1.Кенжегалиева Гүлназ

    2.Амангелдиева Айсұлу

    3.Хайратбек Ақбота

    4.Шабден Ақбота

    5.Тулеугазина Арайлым

    6.Мандыбекқызы Мөлдір

    7.Рахымжанова Жанмерей

    8.Такерова Насихат

1-жүргізуші.

Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең.

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)

2-жүргізуші.

Үшінші сайыс

Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық…

1-жүргізуші.

«Ана көргентон пішер» демекші қыздарымыздың темекет оюларын қырқып орналастыруын тамашалайық

2-жүргізуші.

«Ас адамның арқауы» қыздарымыздың үй тапсырмасы нда дәрумені мол салат түрлерін жасап келу керек болатын.

1-жүргізуші.

Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

2-жүргізуші.

Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

Қорытынды.

Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.

1-жүргізуші.

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

2-жүргізуші.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Наурыз құт –береке, бірлік әкелсін.

Жүргізуші.

Ардақты аналар, аяулы апайлар, ақкөңіл жеңгейлер, қылықты қыздар, әрқашан да сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер! Мейірімді жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Осымен біздің 8 — наурыз мерекеге арналған концерт аяқталды сау саламат болыңыздар!!!

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҚыз еркем, қылығымен көркем

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148589

Теги: қыз сыны
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар