Жұрнақ пен жалғау

9 маусым 2015 - Марфуга Арызгулова

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты:
оқушылардың қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау. Түбір сөзге жұрнақ жалғатып, жаңа сөз жасату, сол сөздермен сөйлемдер құрату. Оқушылардың сөздік қорын байыту.

Дамытушылық: қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап, рефлексия.
Көрнекі құралдыр:, үлестірмелі парақшалар.тест, венндиограмма.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Сабақтың ұраны.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.
ІІ.Ой ашар.
Үй тарпсырмасы тексеріледі.

«Қысқы еңбек» тақырыбына әңгіме құрау.Миға шабуыл. Өткенді қайталау.Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар «Сен ал, сен ал» деп біріне-бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме?
— Иә, алғымыз келеді.
— Ендеше бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдауларың қажет. Дайынсыңдар ма?
— Дайынбыз.
1. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеске. (Білім)
2. Есіктен кіреді,
Төрге қарай жүреді. (Суық)
3. Сақалы жоқ шашы бар,
Бет-аузы жоқ басы бар.

Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)
Жұмбақтың шешуін тапқан балалар тақтаға шешуі болған сөздерді құрамына қарай талдайды.
— Сонымен естеріңе түсті ме, қосымша дегеніміз не?
— Түбір сөз дегеніміз не?
— Жұрнақ деген не?
— Жалғау деген не?Сонымен топқа бөлінеміз.

1-топ «Түбір»

2-топ «Жұрнақ»

3-топ «Жалғау»

ІІІ. Жаңа оқу материалын тысықтау..

Дәптермен жұмыс.
292-жаттығу. Мәтінді түсініп, мәнерлер оқиды. Бір оқушы тақтаға шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды.
Оқушыларға қосымша тапсырма айтылады. Шоқан туралы не білесің? Оқушылар білгенін айтады мұғалім толықтырады.
293-жаттығу. Мәтінге ат қойылады. Бір оқушы тақтаға шығып орындайды. Басқалары да дәптерлеріне көшіріп жазады. Қар дген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жазады.
— Балалар, қар сөзіне жалғанған қосымшалар жалғау ма жұрнақ па?
— Жалғау.
— Не себепті жалғау деп ойлайсыңдар?
— Себебі ол сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
294-жаттығу. Оқушылар бірігіп ребусты шешеді. Шешуінде шыққан
балықшы деген сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.
295-жаттығу. Түбір сөздер мен жалғауларды бір-бірімен сәйкестендіріп түбірге қосқандардың жалғау екендігін дәлелде.
Наурыз да
Бала ға
Қала ның
Көмір ді

Сергіту сәті.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барлық адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

IV. Топпен жұмыс.

«Түбір» тобы. 1 сөз айтады.

«Жұрнақ» тобы. Сол сөзге жүрнақ жалғайды.

«Жалғау» тобы. Жұрнақ жалғанған сөзге жалғау жалғайды.

V.Тест

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін тап.

а)жұрнақ ә)жалғау б)түбір

2. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді тап.

а)ұшқыш ә)жұмысқа б)қалаға в) домбырамен

3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны анықта.

а)түбір ә) жалғау б) жұрнақ.

4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны тап.

а)түбір ә) жалғау б)қосымша в) туынды сөз.

VI Рефлексия-бағалау кезеңі.
— Қазір балалар біз сендермен мынандай логикалық жұмбақтарды шешеміз.
Жақсылап ойланып жауап береміз.
1. Екі әріптен құралып,
Жүруші едім мал болып.
Жалғанды да бір әріп,
Шыға келдім шал болып. (ат — ата)
2. Үш әріптен құралып,
Ұшып жүрген құспын,
«Ақ» жұрнағын жалғасаң,
Бір ұлт болып шықтым. (қаз — қазақ)
3. Алғашқыда балық аулар,
Балықшының құралы едім.
Жалғанды да бір әріп,
Бәрің жұтар не болдым? (ау — ауа)

VII. Венндиограмма

Жаңа сөз жасайды

Жұрнақ

Сөздің мағынасын өзгертеді

Сөз мағынасын өзгертпейді

Жалғау

Сөз бен сөзді байланыстырады

Екеуі де қосымша

Екеуі де түбір өзге жалғанады

Қорытындылау.

    -Бүгін сабақта нені білдік?

    -Нені үйрендік?

    -Нені есте сақтаймыз?

    -Жұрнақ тілімізде өте көп.Жұрнақ арқылы жасалған көптеген жаңа сөздерді біз оларды оқу барысында меңгереміз.

Бағалау

Үйге тапсырма.296 – жаттығу

Жұрнақ пен жалғаудың ережесін жаттау.

Тест сұрақтары.

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін тап.

а)жұрнақ ә)жалғау б)түбір

2. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді тап.

а)ұшқыш ә)жұмысқа б)қалаға в) домбырамен

3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны анықта.

а)түбір ә) жалғау б) жұрнақ.

4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны тап.

а)түбір ә) жалғау б)қосымша в) туынды сөз.

Тест сұрақтары.

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін тап.

а)жұрнақ ә)жалғау б)түбір

2. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді тап.

а)ұшқыш ә)жұмысқа б)қалаға в) домбырамен

3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны анықта.

а)түбір ә) жалғау б) жұрнақ.

4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны тап.

а)түбір ә) жалғау б)қосымша в) туынды сөз.

Тест сұрақтары.

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін тап.

а)жұрнақ ә)жалғау б)түбір

2. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді тап.

а)ұшқыш ә)жұмысқа б)қалаға в) домбырамен

3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны анықта.

а)түбір ә) жалғау б) жұрнақ.

4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны тап.

а)түбір ә) жалғау б)қосымша в) туынды сөз.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЖұрнақ пен жалғау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062469

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар