Жабайы аңдар тіршілігі

Жабайы аңдар тіршілігі

Катонқарағай ауданы

Үлкен Нарын ауылы

«Қ.Дамитов атындағы орта мектебі» КММ

мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Черьязданова Индира Касымхановна

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тарауы: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Жабайы аңдар тіршілігі»

Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру

Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту.Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру.олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікк тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, математика.

Сөздік жұмыс: Жыртқыш ,қауіпті, овчарка, апан.

Билингвальды компонент: Аю-медведь, қоян- заяц, қасқыр-волк, түлкі-лиса, арыстан-лев.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Танымды оятушылық

Армысың,қайырымды аспан-ата

Армысың, мейірімді жер-ана

Армысың.шұғылалы нұрлы-күн

Армысың, балабақша, дос-жаран

Армысыз,құрметті қонақтар!

Балалар қимыл-қозғалыспен көрсетіп,қайталайды.

Ұйымдастыру ізденушілік

-Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?

-Ендеше, жақсы көңіл-күймен сабағымызды жарыс түрінде бастайық.

-Сабағымызды бастамас бұрын, біз «Ойыншылар» және «Көмекшілер» болып екі топқа бөлінейік.

-Мына үстелдің үстінде жатқан геометриялық пішіндерлі таңдап алыңдар.Кімнің қолында төртбұрыш болса, сол балалар «Ойыншылар», ал кімнің қолында дөңгелек пішіндер болса, олар «көмекшілер» болады

-Балалар, ойынның шартымен таныстырайын.Ойын 8 тапсырмадан тұрады.

-Қане, келіп мына суреттерді алып, сипаттама берейік.

1-тапсырма: «Жабайы аңдарды сипаттау»

Аю-ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң., бірақ ешкімге тиіспейді.Жазда жеміс-жидек тереді.Аюдың терісі бағалы, еті емдік қасиеті бар.Аю қыс бойы ұйқыда апанда жатады.

-Аю туралы қандай ертегі білесің?

Түлкі-жыртқыш аң.Түлкінің терісі бағалы.Терісінен тымақ тігеді.Оны «түлкітымақ» дейді.Түлкі қыста ұйықтамайды.Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді.

-Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?

Қасқыр-жыртқыш аң.Тістері өткір, көздері жақсы көреді, сезімтал.Қасқыр-күшті,өте қауіпті аң.Ол итке ұқсайды./овчарка/

-Қасқырдың құлағы қандай пішінге ұқсайды?

Қоян-қорқақ аң.Қоян қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді.Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын-ақ.Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды,қыста азық жинамайды.

-Қоян нені жақсы көреді?

Арыстан-үлкен, мықты,әдемі үлпілдек жүні бар.Оның тістері және тұяқтары өткір.Ол жылдам жүгіреді.Арыстанның басы денесіне қарағанда үлкен.

-Арыстанды ертегілерде не деп атайды?

2-тапсырма: «Сөзжұмбақ» /Сұрақтарға жауап/

1. Ең айлакер аң?

2. Ең қорқақ аң?

3. Балды жақсы көретін?

4. Аң патшасы?

5 .Қораға шабатын аң?

-Балалар, орманда тіршілік етіп,өз қорегін тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар» дейміз.Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды

-Балалар, осы жабайы аңдардың ішінен орманда мекендемейтін бір аң бар.Ол қандай аң?

-Иә, ол-арыстан екен.Арыстан-ыстық елде мекендейді.

3-тапсырма: «Балаларын ата»

-Балалар, енді жабайы аңдардың баласын атаңдар.

1.Қасқырдың баласы-/бөлтірік/

2.Аюдың баласы-/қонжық/

3.Түлкінің баласы-/мыршай/

4.Қоянның баласы-/көжек/

5.Арыстанның баласы-/абдан/

4-тапсырма: «Жабайы аңдар туралы тақпақтар айту»

Түлкі, түлкі құтыңдайсың,

Айналаңнан тың тыңдайсың.

Қанша құлығыңды асырсаңда,

Қасқырдан сен құтылмайсын.

Қасқыр орманда жортады,

Аяздан ол қорқады,

Аспанға қарап ұлиды,

Аылда малды ториды.

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян,

Қаша берсең орманға

«Қорқағым» деп ат қоям.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Мен-мықты арыстан.

Аңдардың патшасы.

Жауымның алысқан

Күл болған қаңқасы.

Сергіту сәті «Орманға саяхат»

5-тапсырма: «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз»

1.Ит сияқты пішіні,ұнатпайды кісіні.

2 .Өзі айлакер,өзі қу

Жүрген жері айқай да шу.

3 .Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

4 .Өзі қорқақ,өзі жасық

Безек қағып, дыбыстан қашады.

5.Басы үлкен, мысық сияқты.

6-тапсырма Дидактикалық ойын: «Қайсысы дұрыс,қайсысы бұрыс» Кеңістікті бағдарлау.Топ бөлмесінің әр жеріне ілінген суреттерді тауып, сипаттау.

7-тапсырма: «Буынұйқас жаттығуы»

ЯН –ЯН--ЯН-----ұзын құлақ қоян.

Ю-Ю-Ю----аңқау аю.

ҚЫР-ҚЫР-ҚЫР—көкжал қасқыр.

КІ-КІ-КІ---қу түлкі.

ТАН-ТАН-ТАН—бұл мықты арыстан.

8-тапсырма:Пазлы. Мақсаты:Қима суреттер құрастыру арқылы аңның сұлбасын құрастыру.Баланың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту

Рефлексивті түзету:

-Балалар, бүгінгі ойынымыз сендерге ұнады ма?

-Қане, қандай смайликтерді көрсетесіңдер?

Енді қолдарыңда қанша жұлдыздарың бар, соны үш тілде санайық.Кімнің жұлдызы көп болса сол жұп жеңіске жетеді.

-Балалар, сендер сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге сыйлыққа бой тұмар беремін.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнайды

Айналаға, бар адамға

Тек мейірім сыйлайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Аңдарды бір-бірінен ажырата біледі.

Игеру керек: Жабайы аңдар туралы толық мағлұматты игереді.

Үйрену керек:Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерімен іс-әрекет жасауды үйренді.

-жақсы

Балалар үстелге келіп, дөңгелек пен төртбұрышты таңдап алады.

Балалар тақтадағы суреттерді бір-бірлеп алып, сипаттама береді.

«Аю мен Маша»

«Түлкі мен тырна»

-Үшбұрышқа

-Сәбізді

Аң патшасы

-түлкі

-қоян

-аю

-арыстан

-қасқыр

-Арыстан

-Қасқыр

-Түлкі

-Аю

-Қоян

-Арыстан

Балалар оң және сол жақта, есік, тақтада ілінген суреттерді атап, сипаттайды.

Тәрбиешінің артынан қайталайды.

Балалар қима суреттерді өз беттерімен құрастырады.

-Иә

Балалар көңіл-күйі жақсы смайликті көрсетеді.

Жұлдыздарды үш тілде санайды.

Қимыл-қозғалыспен көрсетіп қайталайды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072378

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар