Жабайы аңдар

Жабайы аңдар

Катонқарағай ауданы

Үлкен Нарын ауылы

«Қ.Дамитов атындағы орта мектебі» КММ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Черьязданова Индира Касымхановна

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы

Білім сапасы: Қатынас

Білім бөлімі: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар. Қоянмен таныстыру

Мақсаты: Балаларды аңдардың атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Білімділік:Қоянмен таныстыру. Қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Дамытушылық:сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап, cлайд, ойын және мадақтау.

Көрнекілік:ойыншықтар, көрнекіліктер

Мотивациялық қозғаушы: — Сәлеметсіңдер ме балалар, қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл- күймен өткізу үшін сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Осы шеңберде бір-бірімізге гүл шоғын сыйлай отырып, жақсы тілек білдірейік.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым!

Іздену-ұйымдастырушы: сабақ сұрақ-жауаптан басталады.

Табиғатты қолдай біл

Аң құсындай қорғай біл

Бізде табиғаттың ұлымыз

Табиғат бөлек демеңіз!

Балалар, бұл өлең не туралы айтылған.дұрыс, табиғат дегеніміз не? Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз тіршілік жоқ.табиғатты тіршілік иелерінің бірі жабайы аңдармен танысамыз.

Қазақстанда жабайы жануарлардың түрі өте көп. Олар аю, түлкі, қоян қасқыр, кірпі.

Жабайы аңдартабиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып тіршілік ететін жануарлар.

Жұмбақ:

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын көжек дейді. (қоян)

Өзі қу, өзі айлакер

Жүрген жері айғай мен шу. (түлкі)

Қыс бойына жатада

Тәтті ұйқыға батады (аю)

Аузы бейне шалғы-орақ

Шөп емес, бірақ малды орады (қасқыр)

Жатып жатып инелер

Жүгіріп жаныңа тез келер.(кірпі)

Енді есікті тықылдатып қоян кіреді.

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар бізге қонаққа жабайы аң келді.

    -Бізге қонаққа қоян келіпті

    -Сәлеметсіңдер ме балалар? Қоян маған құлағыма сыбдырлады. Балалар мен туралы не біледі екен? Соны тыңдауға келдім дейді.

Тәрбиеші: Ойыншық қоянды көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі. Қоян—жабайы аң. Оның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге, икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы сезеді. Көзі маңдайына қарай жоғары орналасқан, сондықтан да мойнын бұрмай-ақ маңайын жақсы көреді. Қыста оның сұр жүнінің орнына қардай аппақ жүн өседі. Ол секіріп ойнайды, шөпті, сәбіз жегенді ұнатады. Тәрбиеші балаларға жұмсақ ойыншық қоянды алып, оны сипап сезу арқылы жылы сөздер айтқызып, сипатқызады. Балалар қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту барысында оның сүйкімділігіне, жүннің жұмсақ, мамықтығына, дене құрылысына назарларын аударады.

Мынау қоян, қоянның түсі ақ, жүні жұмсақ, құлағы ұзын.

«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі.

Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырды. Үйін түрлі әдемі гүлдермен безендірді. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырды.

    -Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян!-деп, кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.

    -Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі-деп Түлкі келеді. Ол сәбіз әкелді. Бауырым Қоян, туған күнің құтты болсын!-деп, Қасқыр бір шоқ раушан гүлін ұсынды.

    -Аю неге кешікті-деп, төртеуі бір-біріне қарады.

    -Біраздан соң соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.

    -Туған күнің құтты болсын!-деп, Қоянның құлағын созып тартады. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.

    -Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян

    -Естіп қалып сыбдырды

    -Ойлы-қырлы жерлермен

    -Ытқып-ытқып жүгірді

    -Қарап еді артына

    -Қиығын салып көзінің

    -Келе жатқан томпаңдап

    -Көжегі екен өзінің.

    -Ал, балалар жабайы аңдар айтысын тамашалайық.

    Мен қоянмын, қоянмын

    Жорыққа түнде жортамын

    Қалдырмаймын ізімді

    Өйткені күндіз қорқамын

    Мен түлкімін, түлкімін

    Біреулерге күлкімін

    Кейбіреуді алдаймын

    Кейбіреуді арбаймын.

    Мен қасқырмын, қасқырмын

    Аң ішінде асқармын

    Талай қойды бауыздап

    Үйге әкеліп асқанмын

    Менің атым аю

    Оңай маған баю

    Мал ішінде жүремін

    Балды иісінен білемін.

Тілді жаттықтыру:

ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян

ю-ю-ю-қорбаңдаған аю

кі-кі-кі-бұл айлакер түлкі

қыр-қыр-қыр-бұл көкжал қасқыр.

-Қоянның туған күніне «Қояндар» биі

Рефлексивті коррециялушы:

Жақсы балалар, қоян сендерге көп рахмет айтады. Өзі туралы көп білетіндеріңе қуанып отырмын.

Қоян: сендерге көп рахмет. Мен туралы көп біледі екенсіңдер, қуанып тұрмын.

Қоян жүн, құлағы. Немен қоректенеді. Бүгінгі сабаққа би үйрендік. Жұмбақ шештік. Ойын ойнаудық. Белсене қатысқандар марапатталады.

Белсене қатысып отырған балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиеже:

Аю, қоян, түлкі, қасқыр-жабайы аңдар

Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді.

Қоян жылдам, сақ, қорқақ.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152359

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар