Жарық түнде жайлауда

16 маусым 2014 - Лаззат Сейсенбаева

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Бейнеу мектеп — интернаты» мм — нің

мұғалімі Сейсенбаева Ләззат

Сабақтың тақырыбы: Жарық түнде жайлауда

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін анықтап, жайлау туралы, мезгілдік ерекшеліктер туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Тапсырмалар, сұрақ-жауаптар арқылы оқушылардың ой-өрісін, танымын кеңейту. Тәрбиелілігі: Отанды, туған жерді сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті қағаздар, қалпақтар, суреттер.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, постер қорғау, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын пысықтау:

Тест сұрақтары: 1. Қарабала келе жатып нені көрді? Ж) тасбақа З) шөп И) жусан

2.Оның есіне қандай ырым түсті? А) арманың орындалады Ә) өсесің Б) жолың болмайды?

3.Тасбақа қандай жәндік? Е) кішкентай Й) киелі Р) зиянды

4.Әңгіменің авторы кім? Л) Әбіш М) Бердібек Н) Мұхтар

5.Көсік қандай өсімдік? А) жабайы Ә) гүл Б) жеуге жарамды

6.Тасбақа қандай жерді мекендейді? Ү) суда Ұ) орманда У) шөл далада

Тест кілті: Жайлау. Сұрақ: Жайлау деген не? Жаңа сабақ. Оқушылардың үйден алып келген мәліметтерін оқыту.

Автор туралы мағлұмат.

Ханталапай ойыны арқылы топқа бөлу

Сұрақ: Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? ( алтыбақан, ақсүйек, асық, қыз қуу т.б.)

1-топ: «Алтыбақан» 2-топ: «Ақсүйек»

Топ ережесімен таныстыру.

1-тапсырма 1-топ: Өлеңді мәнерлеп оқиды.( мұғалім өзі бір оқып береді) 2-топ: мазмұнын ашады.( постер қорғайды)

Шығармашылық жұмыс

2-тапсырма: 1-топ: Әдемі сөз тіркестеріне өлең шығарады. 2-топ Сөз тіркестеріне қатыстырып сурет салады.

Сергіту: Сарыжайлау әні. Слайдшоу

3-тапсырма: Өлеңде қандай үй жануарлары аталады? (қой, жылқы) 1-топ: қой туралы; 2-топ: жылқы туралы қорғайды

4-тапсырма: 1-топ: Біріккен сөзді тауып септе. 2-топ: Сөйлем мүшесіне талда.

Де Моно, ойлаудың 6 қалпағы әдісімен сабақты қорыту.

Ақ қалпақ — шығармадағы негізгі оқиғаны баяндайды.

Қара қалпақ – оқиғадағы жағымсыз іс-әрекеттерді айтып өтеді.

Сары қалпақ – оқиғадағы өзі қолдайтын әрекеттерге тоқталады.

Қызыл қалпақ – іс-әрекеттерге болжам жасайды.

Жасыл қалпақ – іс-әрекеттерге мүмкіндік пен идея тудырады.

Көк қалпақ – оқиғадағы түйінді ойды қорытып, соңғы шешімін айтады.

Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Рефлексия: Ашық күн, Бұлт, Жаңбырлы күн.

Бағалау: Білім ағашы.

Қорыту.

Осыған ұқсас жазбалар:

3 сыныпАбай.Жазғытұры.

3 сыныпАна тілі пәнінен 3 сыныпқа арналған ҚМЖ Комбайыншы

БастауышҚоян. Дыбыс. Әріп

БастауышАқжолтай Ағыбай батыр.

Қосымша пәндер«ХАНА» (Екі қазаққа тілмаш болу)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150727

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар