Жеке білім беруде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту

Жеке білім беруде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту

Жеке білім беруде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту

Қордай ауданы. Жамбыл ауылы

№26 Жамбыл атындағы орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі:

Султамуратова М.Б.

Өзектілігі: Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.

Кіріспе

Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.«Жеке тұлға» анықтамасын даралық және тұлға деген екі ұғымдарға бөлуге болады.

Даралық – адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе. Адамзаттың прогресс жолымен дамуы үшін қажетті шарттарының бірі. Сондықтан да әр оқушы дара тұлға болып қалыптасуға тиісті.

Тұлға -жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттап, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады. Тұлғаның даралық қасиеттері қызметтің белгілі бір түрін жемісті атқарудың субьективті алғышарттары болып табылады. Тұлғаның қасиеттерінің негізгі түрі – қабілет.

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде. Сын тұрғысында ойлау технологиясы. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін ділірек қарастыруды және сол ділелдемелердіі қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.

Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

СТОжобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. «Сын тұрғысынан ойлау»- сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.Бұлтехнологияның негізінде оқушылартоппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешусекілді жағымды қасиеттерді дамытады.

Солардың ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» арнайы сабақтарда пайдалануға болады. Себебі оқушылар:

Тек қана оқуда емес, өмірде де сыни тұрғыда ойлай алады;

— Өздігінен дұрыс шешім қабылдай біледі;

— Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға:

— Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға бола алады

Ол үшін оқытушы сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып, оның ой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді » дегені мәлім.Осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдықбелсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғанабелсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушыныңой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігіменалады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады.СТОбағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына жәнеуақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тірбие, коммуникативтік қабңлеттерңн шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

Нәтижесінде:

— оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;

— жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмайжатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;

— бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;

— жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;

— ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.

Сын тұрғысынанойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм, дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына, синквин, т.б.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысындатөмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу.

3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

« Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарыныңалғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады / сұрақ қою/, екінші«мағынаны тану» кезеңінде / жауаптар іздеу, мәселені зерттеу /мәтінді жан- жақтыжәне әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

Үшінші, білім «ой толғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді/ ойлауүрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау/. Яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға тұрақты түрде үйретеді.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін,құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттардыөз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатынболады. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуініңарқасында болып жатқан өзгерістер.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы. Оқушыны сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдістерін сабақтарда қолданудың маңызы зор, тиімді. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану негізінде оқытудың әр түрлі формаларын қолдана отырып оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.Ізденіске баулып, естіп көріп білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен жан-жақты ізденіп, танысып талдау. Сынып оқушыларының оқу тәрбие процесінде психологиялық педагогикалық тұрғыда бақылау, білім деңгейін диагностикалық үнемі зерттеу. Жан-жақты дамыған шығармашылық талапқа сай жеке тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие үйретіп, білім беру әр ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары
1. Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады.
2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.
3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.
Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері
Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.

Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек.

Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз. Осыған байланысты «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жолдары деген тақырыпта мақала жазылған еді. Дегенмен, мұғалімдер осы жобамен жұмыс істеу үшін оның теориялық, әдіснамалық ерекшеліктерін білулері керек деп ойлаймыз. Сондықтан да «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері тақырыбының төңірегінде сөз қозғайық.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар «сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде. Сын тұрғысынан ойлауды көптеген мұғалімдер мен зерттеушілер «сынау» деген ұғыммен шатастырады. Сондықтан да жұмыстарының нәтижесін көре алмайды. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді.

Солардың ішінде психолог ғалым В.Г. Крутецкийдің берген анықтамасы біздің көңілімізден шықты. Ол: «ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру» дейді. Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау. Бірақ бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Мектеп жасындағы балалардың ойлауын зерттеу нәтижелері олардың меңгерген теориялық жалпылауларының маңызды рөлін көрсетті. Дамыта оқыту технологиясының негізін қалаған ғалым-дардың бірі В.В. Давыдов былай деп жазады: «В настоящее время можно считать установленным, что при определенном содержании и методах обучения уже у младших школьников обнаруживаются такие познавательные возможности, которые позволяют детям успешно усваивать математические и лингвистические знания теоретического характера. Это в свою очередь закладывает у них фундамент теоретического мышления, теоретического отношения к действительности» [2]. Ал теориялық ойлау ақыл-ой әрекетінің өз еркімен өзін реттеуіне жағдай жасайды. Атақты ғалым Л.С. Выготский: өзінің психологиялық үрдістерін түсіну және игеру «ғылыми ұғымдардың есігі арқылы келеді» деген еді [3]. Ойлау үрдістерін өз бетімен ұйымдастыру ең алдымен бірлескен оқу әрекетінде пайда болады. Оқушы әрекеттің мақсаттары, құралдары мен шарттарының арасындағы қатынасты біртіндеп түсіне бастайды. Қазіргі кезде балада ойлаудың ерекшеліктерін жоғары қарқынмен мақсатты қалыптастыру мүмкін екені дәлелденіп отыр. Ойлау – бұл оқуға, жазу іскерлігіне, сөйлеу мен тыңдауға ұқсас үрдіс.
Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады [4]. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек. Олар төмендегідей:

1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.
4. Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру.
5. Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету.


V

+

?

Білдім

Бұл маған жаңалық

Менің ойыма қарама-қайшы

Бұл туралы көбірек білгім келеді

деген сұрақтарға жауап жазады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083446

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар