Жер ғарыш денесі

17 қыркүйек 2014 - Ляззат Аймухамбетова

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құмсай ауылы

Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Аймухамбетова Ляззат Сандибековна

Дүниетану пәнінен «Жер–ғарыш денесі» тарауы бойынша 4-сынып оқушыларының білімдерін тексеруге арналған тест

Мақсаты: «Жер–ғарыш денесі» тарауы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтай түсу, тексеру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс жүргізу, талдау, салыстыру, қорытынды шығару дағдыларын жетілдіру.

Таным көкжиегін кеңейтіп, логикалық жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: білімді тексеру

Оқыту әдісі: өз бетінше жұмыс, тест, деманстрациялау

Көрнекілік: слайд түріндегі тест

Сабақтың барысы

І. Алғашқы ұйымдастыру

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІІ. Оқушылардың тест тапсырманы орындауы

Компьютерден кезекпен тест сұрақтары мен жауап нұсқалары шығады. Оқушылар белгілі бір уақыт арасында (мысалы 10 секунд) парақтарына немесе дәптерлеріне жауап нұсқасын белгілейді. Болған соң дұрыс жауап көрінеді. Сөйтіп балалар бірден жауаптарын тексеріп белгі соғып отырады.

Тест

1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?

А) ғарыш

Ә) галактика

Б) планета

В) метеорит

2. Жерге ең жақын жұлдыз

А) Ай

Ә) Күн

Б) Шолпан

В) Марс

3. Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?

А) галактикаға

Ә) күн жүйесіне

Б) жердің серігіне

В) жер шарына

4. Ғарышқа жол нешінші жылы ашылды?

А) 1961 жылы 12 сәуір

Ә) 1957 жылы 4 қазан

Б) 1991 жылы 2 қазан

В) 1945 жылы 9 мамыр

5. Ғалымдардың болжауынша Күннің беткі қабатындағы қызу

А) 5600°

Ә) 6500°

Б) 6000°

В) 16000000°

6. Күн мен Жердің арақашықтығы қанша километр?

А) 300 млн км

Ә) 140 млн км

Б) 150 млн км

В) 109 млн км

7. Глобус деген не?

А) Жердің дәлме дәл үлгісі

Ә) Мұхит пен құрлықтар бейнеленген дәл үлгісі

Б) Жер бедері картадағыдай түсірілген үлгі

В) Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі

8. Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта не жүргізіледі?

А) экватор сызығы

Ә) меридиан сызығы

Б) параллель сызығы

В) түзу сызығы

9. Жер экваторының ұзындығы қанша?

А) 4000 км

Ә) 40 0000 км

Б) 40 000 км

В) 44000 км

10. Меридиандардың параллельдерден айырмашылығы қай бағытты көрсетеді?

А) солтүстік — батыс

Ә) шығыс — батыс

Б) солтүстік — оңтүстік

В) оңтүстік — батыс

11. Жердің өз білігінен айналуына қанша уақыт кетеді?

А) бір ай

Ә) үш апта

Б) бір күн, бір түн

В) екі тәулік

12. Жердің Күнді толық бір рет айналып шығу үшін қанша мезгіл өтеді?

А) тоғыз ай

Ә) төрт мезгіл

Б) 235 күн

В) екі мезгіл

13. Экватор сызығы Жерді тең екі қандай жарты шарға бөледі?

А) батыс — шығыс

Ә) солтүстік — оңтүстік

Б) солтүстік — батыс

В) оңтүстік — батыс

14. Қазақстан қай материкте орналасқан?

А) Африка

Ә) Австралия

Б) Евразия

В) Солтүстік Америка

15. Жердің күн төңірегіндегі басып өтетін жолы

А) Марс орбитасы

Ә) Жер орбитасы

Б) Ай орбитасы

В) Меркурий орбитасы

16. Күн жүйесіндегі планеталарды толықтыр: Жер, Марс, Меркурий, Плутон,
..., ..., ..., ...,… .

Жауабы:

ШОЛПАН,

УРАН,

ЮПИТЕР,

САТУРН,

НЕПТУН

Соңында өз өздерін бағалап шығады.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тарих10 сынып Қазақстан тарихына арналған жылдық тест тапсырмалары

ТесттерГеографиядан функционалды сауаттылығын арттыруға арналған тест тапсырмалары

ТесттерБиология пәнінен 11 сыныпқа арналған тест сұрақтары

ТарихҚазақстан тарихы пәнінен тоқсандық тест

ТесттерФизикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103653

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар