Заттың атын білдіретін сөздер.Адам болам десеңіз.

Сабақтың мақсаты:

а) Абай Құнанбаев өмірі мен шығармаларына түсінік беру. «Адам болам десеңіз» өлеңін оқыту. Өлеңдегі негізгі ойды иеяны ұғындыру. Заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғым қалыптасуына мүмкіндік жасау.

ә) Өлең мазмұнына сай оқушыларды адамгершілікке, жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға, көркем жазып, мәнерлеп оқуғатәрбиелеу.

б) Сабақтаәңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын элементтерінпайдалану арқылы оқушылардың ой-өрінісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін, мәнерлеп оқу машығын, көркем жазу дағдысын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТОәдістері( топтастыру әдісі, ойын, сұрақ-жауап,

кестемен жұмыс)

Пәнаралық байланыс:өзін-өзі тану, дүниетану, математика, көркем жазу.

Сабақ көрнекілігі: Оқулық, дәптер, тақта, сөзжұмбақ, Абай портреті,

сызбалар, кестелер, суреттер, стиктер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн сәрсенбі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

анасы Ұлжан-ақылды, мейрімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрахимді еркелетіп «Абай» деп атаған.Қос ана қазақтың ертегі, аңыз-жырларын көп білген. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. 12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Ол өлеңдеріне 20-дан астам Ойын: «Төрт түлік»

Ойын шарты: Төрт түлікті сұрақтарға жауап беру арқылы жинақтау.

1.Жылқының төлін не дейді?

2.Сиыр атасы кім?

3.Қошақан деп ненің төлін айтамыз?

4.Ащы сөзіне қарама қарсы сөздерді ата

5.Қой жүнінен не жасауға болады?

6.Түйе сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?

ІІІ.Қызығушылықты ояту:

-Балалар, бізге алыстағы досымыздан хат келіпті. Қане, бәріміз тынышталып, осы хатта не жазылғанын тыңдайық.

Сәлем хат!

Құрметті менің достарым! Мен сендерден көмек сұрай, хат жазып отырмын. Апам биыл мені мектепке баруға дайындап, маған дүкеннен оқу құралдарын сатып әкелді. Олар өте көп. Бірақ мен бәрінің аттарын біле бермеймін. Мен сендерге олардың суреттерін жіберіп отырмын. Сендер мектепте оқисыңдар ғой. Маған осылардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңдерші.

Сәлеммен: Дәурен – деп аяқтапты хатын.

-Олай болса балалар, мен Дәуреннің жіберген суреттерін бір-бірден көрсетейін, сендер сол заттардың атын атап, отырыңдар.

Бұл не?-алма

Бұл не?-мысық

Бұл кім?-әнші

Бұл кім?-суретші

-Заттардың атын білдіретін сөздер кім?, не? сұрақтарына жауап береді.

ІҮ.Мағынаны тану.

А

н

а

б

і

р

а

л

т

ы

А

й

1.Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған-ол кім?

2.Нөлден кейін тұратын сан.

3.5 пен 1-дің қосындысы нешеге тең?

4.Түнде күлімдейді,

Суда дірілдейді-бұл не?

-Ал, балалар, сөзжұмбақтан қандай адам атын оқыдыңдар? Ендеше Абай атамыз жайлы не білеміз?

Кіріспе әңгіме.

Абай атамыз — қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы. Абайдың шын аты-Ибрахим болған. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда туып, 1904 жылы 6 шілдеде қайтыс болған. Абай Семей облысы, Абай ауданының Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Оның атасы Өскенбай би болған, ал Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың әндер шығарған үлкен сазгер.

Оқулықпен жұмыс

Негізі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің көлемі 77 жол. Абай бұл өлеңді 1886 жылы жазған. Біздің оқулығымызда 13 жолы берілген. Бұл өлеңі арқылы ақын сендерді жарқын өмірге, білімді болуға, алған білімдеріңді дұрыс пайдалана білуге шақырады.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру. (мұғалім)

Кезекпен оқыту. (Оқушылар)

Мазмұны бойынша жұмыс. Өлеңді талдау.

1.Абай Құнанбаев кім?

2.Абай атамыз қандай нәрселерден аулақ бол дейді?

3.Бес асыл іс дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Бес дұшпанды ата

5.Адам, талап, еңбек сөздеріне сұрақ қой.

Сөздікпен жұмыс

Ғылым-білім жүйесі

Ғалым-оқымысты адам

Дәптермен жұмыс

1.Суреттегі заттардың атын жазып, сұрақ қою.

2.Оқу құралдарының атын жазу.

3.Көркем жазу.

Ережемен жұмыс

Заттың атын білдіретін сөздергекім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады:Сәуле, дәптер, кептер, балалар, аңдар.

Кестемен жұмыс. 191-жаттығу

Бес асыл іс

Бес дұшпан

192-жаттығу. Өлеңді оқып жатқа жаз

Шағала көлін қорғайды,

Шопан төлін қорғайды.

Егінші жерін қорғайды,

Ер жігіт елін қорғайды.

Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Ү. Ой толғаныс.

1.Топтастыру әдісі

Әжесі Зере

Абай

Ақын сазгер

Шын аты: Ибрахим Анасы: Ұлжан Әкесі: Құнанбай

2. Ойын «Гүл теру»

Ойынның шарты: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу.

Кім? Кімдер?Ақын, сурешілер, Жанар, әнші, күйші, оқушылар.

Не? Нелер? Доп, мысық, қалам, парта, алмалар, кітаптар.

ҮІ. Үйге тапсырма:

1.Адам болам десеңіз өлеңін жаттау.

2.Өз бойларыңдағы жақсы және жаман қасиеттерді жазып келу.

ҮІІ.Бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150691

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар