Зиянды заттардың алдын алу

26 наурыз 2014 - Айткуль Шингисова
Зиянды заттардың алдын алу

4А сынып. Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы«Зиянды заттардың алдын алу»

Сабақтың мақсаты:   Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

 Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.

*    Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.

*    Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

*    Сабақтың көрнекілігі:слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет,сурет салу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

1.1. Сәлемдесу   Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен:

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені./ оқушылар иіліп сәлемдеседі/

 

1.2 Шаттық шеңбері.

 Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.

(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады)

1.3.Сұрақ қою.                                              

*    “Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?

*    Салауатты өмір салты не үшін керек?

*    “Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.

 /Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқыылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./

Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып, мұғалімнің қорытынды сөзі:

 1.4.Мұғалім: 

 Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

1.5. Назар аударайық!

*    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.

 

*    Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”

*    Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”

*    Үшінші бағыт-”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”

1.6. Түйіндеме:

  Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы.

1.7. Слайд:

     Осы денің сау болу үшін қандай зиянды әдеттерден аулақ болу керек?

(Слайд бойынша оқушылардың жауап,пікірлерін нақтылау үшін трек-схема, слайд «Үш дерт», «Темекінің зияны» видео көрсетіледі.)

 

1.8. Әр топ көшбасшысы зиянды заттардың атын таңдап, топ мүшелерімен тақырыпты қорғау:

 

 

      
 
  Подпись: Темекі
 
 
  Подпись: Есірткі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-топ:

 

 
 Подпись: Ішімдік

 

 

2-топ:

 

 
 Подпись: Темекі

 

 

3-топ:

 

 

1.9. Назар аударайық!

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?

2.  Темекі құрамындағы заттар»

Темекі түтінінде 400-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.

Шайыр түтін арқылы адам өкепесіне түседі.

Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.

   Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20%. Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін бұл туралы сыныбымыздың биологы Айгерімге сөз береміз

Қорытынды:

Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды. Сондықтан да темекіге жол жоқ .
4. Шылым шегу барысында не нәрсе болады?
      Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері және басқада сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы –никотин оның уы ағзаға еніп әуелі тітіркендіреді одан соң жүйке жүйесінде әсер етеді қан тамырлары тартылып сілекей қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе дене тырысып өліп қалуы мүмкін
Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғары тыныс жолына түседі.

 

Темекінің адам өмірі мен денсаулығына  тигізетін залалы.

 

 

      
  Овал: Темекі
   Подпись: Қызық көрушілікпен еліктеушіліктен пайда болады.
 Подпись: Ашуланшақ, тез ренжиді, зейіні нашарлайды,ұмытшақ,есте сақтау қабілеті төмендейді, ұйқысы бұзылады.
 
 

 

 

 

 

 

        
  Подпись: Жүрек,асқазан, өкпе мүшелері зақымданады
 
 Подпись: никотин, шайыр, күйе.
  Подпись: Ауыз ашиды, сілекей көп бөлінеді, жөтеледі, басы аурп жүрегі айниды.
  Подпись: ҚР темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заңдары 4-5 бап
-Қоғамдық орындарда                             -Қоғамдық көліктерде-Жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі өнімін сатуға          -Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есірткі

 

 

1.11. Есірткі- ғасыр тажалы.Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді.  Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т.б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түкпірінде өсіріледі.

    Есірткінің түрлері: гашиш, м.Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп,  жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын-буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады.орфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады

    Есірткі-адамның қас жауы. Осы әсерлі затты адамдар ортақ шприц арқылы пайдаланып, нәтижесінде қаһарлы ауруға ұшырайды. Мұны пайдаланған адам арықтап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесіне әсер етіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, қылмысқа барады. Жаман әдеттердің бірі болып табылатын есірткіні қолдана отырып, адам денсаулығына емес, рухани жан  дүниесіне де нұқсан келтіріп, хайуандарша ғұмыр кешіп, ақыл-ой жүйесі бұзылады.        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішімдік

 

 

1.12.Ішімдікқосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы, белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қан құрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз, қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі.Арақ туралы не білесіңдер?

 

Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.13.Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »

Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса, аяғымыздыжерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.

— Бала жаттығулар жасаса;

— Бала ағашқа өрмелесе;

— Бала ауыр заттарды көтерсе;

— Бала басқа баланы итеріп жіберсе;

— Бала сіріңкемен ойнаса;

— Бала терезені сындыратын болса;

— Бала қолын жуса;

— Бала күнге қыздырынса;

— Бала мұз балмұздақты көп жесе;

— Бала балаларға қарай жөтелсе;

— Бала тамақ үстінде күлсе;

— Бала табиғи суға шомылса;

— Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы- зиянды әрекеттерді

жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.

 

 

1.14. Жағдаяттар:

 

1-топ спикері: (топ мүшесіне сұрақ қою)

 

 

2-топ спикері: (топ мүшесіне сұрақ қою)

 

 

 

3-топ спикері: (топ мүшесіне сұрақ қою)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.15. Сахналау.

    Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым. (Жергілікті ақын, дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)

Бала:/ «арақтың» жанына келіп/

-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Арақ»:

-Мен арақпын, арақпын,

Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,

Керегіне жараппын.

Бала:/«темекіні» жанына ала келіп/

— Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Темекі»:

-Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/

— Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Есірткі»:

-Мен есірткі нашамын,

Уытымды шашамын.

Атым шулап турғанда,

Алшаңдап аяқ басамын.

/Сахнаға ересек бала шығады/

Ересек бала:

-О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін,

Қандай пәле таратқан.

-О, адамдар, санаң бар,

Үш пәлеге қараңдар.

Үшеуі де үлкен жау,

Бүкіл әлем алаңдар!

/Екі бала бірігіп/:

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/

 

1.16. Әдеби-монтаж

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде. 
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің 
Бар қызық, рахатын, жарығын да.

Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.

Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.

1.17. Қорытынды:

Ендеше, балалар бүгін не туралы білдік?

Жүректен – жүрекке

Апайларға, кластастарыңа жақсы тілектерді сыйға тартайық.

-Деніңіз сау болсын!

-Күн сізбен бірге болсын!

-Жаныңыз сұлу болсын!

-Таза су сізге күш қуат берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зиянды заттардың алдын алу

 

 

 

 

    
 Подпись: Дене шынықтыру жаттғуларын жүйелі орындау
  Подпись: Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру
 

 

 

 

Подпись: Спортпен шұғылдану,

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.18. Жас нарколог сөзі:

(Іңкәр)

 Мә­селен, нашақор­лықпен тіркеуде тұратын нау­қас саны былтырғы жылдың бірінші жартысында 52 452 болса, 2012 жылдың алты айында 50 114, олардың ішінде әйелдер 2011 жылдың 6 айында 5853, ағымдағы жылы 5020, жас­­өспірімдер былтырғы алты айда 54, биыл 11 науқасты құрап отыр. Бұлар осы дерттен қайт­сем айығам деп өз ерiк­терiмен келiп тiркелгендер, ал тiркеусiз есiрткiнiң арбауына түсiп, есi­нен айырылып жүр­гендердің бұдан да көп болуы мүмкін.

 

 

1.20. Мектепшілік ішкі істер министірінің сөзі:

(Әлішер)

Маскүнемдікпен тіркеуде тұрғандар саны биылғы алты айда 2,8 пайызға төмендеді. Яғни, 2011 жылдың бірінші жарты жылында 45 955, ал ағымдағы жылдың алты айында 44 656 адам тіркелді. Олар­дың ішінде әйелдер саны 4412. Бұл 2012 жылға қарағанда 10,3 пайызға төмен.

(Мектеп медбикесінің сөзі)

 

 

1.21. Сынып жетекшінің сөзі:

Презентация соңы: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер жеке өміріндегі сәтсіздіктерден, ата-аналарымен шиеленіскен қарым-қатынастан, жолдастарына сеніп, олардың айтқанына көнгеннен темекі шегіп, арақ ішіп және есірткі қабылдаудың керегі жоқ.  Әрбір адам таңдауға құқылы, және ол өз денсаулығы үшін, өз өмірі үшін өзі жауап тартады. Сондықтан қазірден бастап өмірдің шынайы қызығын көріңдер. Ол үшін салауатты өмір салтын қадағалау керек. Оның негізгі компоненттерін өздерің де білесіңдер: дұрыс дем алу, дұрыс және рационды тамақтану, қозғалу белсенділігі, жақсы эмоциялар, шынығу, табиғатқа деген сүйіспеншілік, жаман әдеттердің қалыптасуынан арылу. Сендер қазір Қазақстан Республикасының азаматтарысыңдар, сендерге болашақта сәтілік тілеймін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие жоспарыАгентомания

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141138

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар