Кітап қайдан шығады? (ҚМЖ)

23 қаңтар 2015 - Анара Кутжанова

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Кутжанова Анара Мажитовна

Сыныбы: 4 «Б»

Дүниетану пәні бойынша орта мерзімді жоспар

Пәні

Дүниетану

Тақырыбы

Кітап қайдан шығады?

Мақсаты

Оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстыру

Міндеттері

1.Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

2. Негізгі ойды ұғындыру арқылы, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.Өзара сұхбатқа түсу арқылы кітаптың қадір- қасиетін түсінуге тірбиелеу

Ресурстар

проектор, мазмұнды суреттер, шолу стратегиясына арналған көрнекілік, ой толғауға арналған генеологиялық ағаш, балық сызбасы, бағалау парақтары видео камера, слайд

Модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлау, Диалогтық оқыту, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқушылардың жасерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту

Әдіс- тәсілдер

Ынтымақтастық орта құру, Детальды құрастыр, Ыстық орындық, Эссе, Ізденіс жұмыстары, Ой ашар, ББҮ кестесі, Мағынаны тану

Жолаушының қойын дәптері, Ой бөліс, Детальды құрастыр, Блум таксаномиясы, Сын тұрғысынан ойлау, инсерт әдісі, Формативті бағалау

Сабақ

тың түрі:

Сындарлы оқыту

Бөлімі

Сабақтың мазмұны

Сабақтың барысы

модуль

Сабақтың әдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Хранометраж

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлематсыздар ма, құрметті оқушылар. Біз дүниетану сабағын бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, жақсы әсер алайық. Ол үшін барлығымыз ортаға шеңбер құрып тұра қалайық.

Психологиялық ахуал

Осындай әлем бар,

Қызықты,

Шуақты.

Әлемде әр ел бар,

Бақытты,

Қуатты.

Ондағы балалар,

Жайдары,

Көңілді.

Бәрі де керемет!

Бәрі де көңілді!

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Ынтымақтастық орта құру

Оқушылардың көңілін ????

Жақсы тілектер

Слайд

1 мин

Топқа бөліну

-Ал, енді жайдары көңілмен өзіміздің жүрегімізге жақын түс қиындыларына байланысты топтарға бөлініп, ынтымақтастық орта құрайық. Әр түстің өзіндік мәні бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

-Ал, сол түстердің мәні неде?

-Бұл мақалдардың негізгі ойы не?

-Осы білім, өнер, талап, еңбектің бәрін біз қайдан үйренеміз?

Дұрыс айтасыңдар, «ӘР АДАМНЫҢ ЕҢ ЖАҚЫН ДОСЫ, ӨМІР ДОСЫ КІТАП БОЛУЫ ТИІС» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, осы дәйексөзі сөзді басшылыққа алып, бүгінгі сабағымызда кітап туралы ой қозғап, әр түрлі тапсырмалар орындап, ойындар ойнаймыз. Ол үшін алдымен біз көшбасшылары-мызды тағайындап алайық. Көшбасшылар топтағы оқушыларды бағалап отыруды ұмытпағаны жөн.

оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Детальды құрастыр

Қағаз қиындылары арқы топқа бөліну

Қиындылардағы мақалдың мағынасын ашу

Қағаз қиындылары

3 мин

Өткенді шолу

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Олай болса үй тапсырмасын «Ыстық орындық» ойыны бойынша тексерейік. Қалыс қалып қойған топтың тақырып бойынша жазып келген эсселарын тыңдайық.-Өте жақсы иә балалар біз білім алып қана қоймай, оны өмірде пайдалана білгеніміз жөн.

Диалогтық оқыту

Ыстық орындық

Эссе

Ізденіс жұмыстары

Үйге берілген тапсырмалары бойынша қорытындылау

Сұрақ- жауап

Эсселарын оқу

Ыстық орындық

7 мин

Тұсау кесер

Қызығушылықты ояту

-Ал, білімнің негізі неден қаланады?

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Ой ашар

Кітап деген сөзді естігенде сіздің ойыңызға не келеді? Генеологиялық ағашқа тізбектету

Генологиялық ағашқа тізбектейді

Геннеологиялық ағаш

3 мин

Түйінді ой

Олай болса сіздердің алдарыңызда ББҮ кестесі бар сол кестеге кітап жайында не білетіндіктеріңізді топтастырып шығыңыздар.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

ББҮ кестесі

ББҮ кестесіне кітап туралы білетіндерін жазғызу

ББҮ кестесіне кітап туралы білетіндерін жазу

ББҮ кестесі

3 мин

Негізгі бөлім

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Иә, дұрыс айтасыңдар. «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Ол білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашатын ақылдың кені. Кітап –білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені. Кітап – бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Олай болса бүгін біз «Кітап қайдан шығады?» тақырыбымен таныса отырып кітаптың шығу тарихы оның адам өміріндегі маңызын білеміз. Кітаптың қалай пайда болғанын білгіміз келе ме?

оқушылардың жасерекшелік

теріне сәйкес оқыту және оқу;

Мағынаны тану

Сабақтың мақсатымен таныстыру

слайд

1 мин

Оқулықпен жұмыс

-Ендеше оқулығымызды ашып мәтінмен танысайық. Ол үшін алдымен мәтінді бөліктерге бөліп оқиық. Балалар оқу барысында жаңа мәліметтер кездеседі, сол мәліметтерді түртіп алуларыңызды сұраймын.

·Бөліктер бойынша

оқиды

ØГлоссарий

Жарғаққозы,лақ,бұзау,құлын, т.б. жас төлдің ерекше тәсілмен иленген терісі. Жарғақ алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Кіші Азияның Перғам қаласында жазуға пайдаланылатын жоғары сапалы материал ретінде шығарылған. Майжәне су өткізбейтін орамдық қағаздарды даЖарғақдеп атайды.

·Жеке оқу

Талдау, жинақтау

Диалогтық оқыту

Ынтымақтастық орта құру

Бөліктерге бөліп оқыту, мағынасын ашу

Жұптаса, топтаса отырып талдау

Оқулық

7 мин

Жұптас, ойлан, талқыла

Талдап болсақ ББҮ кестесіне оқу барысында не білдіңдер соны тізбектейік.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

ББҮ кестесі

ББҮ кестесіне білгендерін толықтыру

Жұптаса отырып алған білімдерін кестеге толықтыру

ББҮ кестесі

1 мин

Ой қиял

Ой қиял

Кітап қайдан шықты? Ол туралы білгіміз келе ме?

Ендеше, қазір сендер, өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер, алдарыңда қағаз жатыр, сендер оқу білмейсіңдер, ал біз айналамызда болып жатқан құбылыстарды, заттарды қалай жазар едіңдер? Көне жазба ескерткішін өз қолымызбен жасайық

КҮН АҢШЫЛЫҚАҒАШ БҰЛТҚҰС КӨЗ

— Қалай жаздыңдар?
— Суретін салдық, бейнеледік,

таңбаладық.
— Бұл таңбалар иероглифті жазбалар деп аталады.

Ой қиял

Қағаз бетіндегі ермексазға көне жазбаны жазу

Топтаса орындау

А3 форматты қағаз

1мин

Толықтыр

·Өте жақсы біз оқулықтан алған білімімізді қосымша деректермен толықтырсақ қалай көресіздер? Атақты «Күлтегін» (732ж.), «Білге қаған» (735ж.) және «Тоныкөк» (716) жылдары тасқа қашалып жазылған руникалық ескерткіштер ішіндегі ең көлемдісі, әрі көне түріктердің өздері туралы өздері жазған аса құнды, бірегей жәдігерліктер болып табылады

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Жолаушының қойын дәптері

Қосымша деректер беру арқылы білімдерін тереңдету

Қосымша мәлімет алады

Слайд

3 мин

Ой бөліс

Балалар, осы мағұлматтар қорын қайдан аласыздар? Айтыңыздаршы сіздердің отбасылық кітапханалары-ңыз бар ма? Одан не үйрендіңіздер? Қаламызда неше кітапхана бар? Қалалық, мектепішілік кітапханаға тіркелгендеріңіз бар ма?

Функционалдық сауаттылықРеспубликалық деңгейде өтетін балалар оқуының «Қазақстандық картасы» бойынша

оқушылардың білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

мақсатында 4сынып оқушылары арасында өткізілген отбасылық кітап оқу сайысы өтті.Ендеше біз «Ажырата біл» ойынын ойнайық.

Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Ой бөліс

Алған білімін өмірмен байланыстыра білу

Отбасылық, қалалық кітапханалар жайлы ой бөліседі

слайд

2 мин

Қоры

тынды

Ой толғаныс

Балалар, осы алған біліміміздің жемісін көру мақсатында топтаса жұптаса отырып мына тапсырмаларды орындайық. Яғни,

1 топ. Пирамидаға кітаптың пайда болу тарихын тізбекте.

2 топ-Кітаптың пайдасын балық сызбасына түсір.

3 топ-Шағын кітапша жаса

4 топ-Алғашқы кітап туралы ізденіс жұмысы

Барлығымыз да алған жаңа білім-іңді ББҮ кестесіне толықтыр

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту

Детальды құрастыр, Блум таксано-миясы, жолау

шының қойын дәптері

1 топ. Пирамида

ға кітаптың пада болу тарихын тізбекте.

2 топ-Кітаптың пайдасын балық сызбасына түсір.

3 топ-Шағын кітапша жаса

4 топ-Алғашқы кітап туралы ізденіс жұмысы ББҮ кестесіне білгендерін толықтырып отыру

Әр топ берілген тапсырмаларды орындап, қорғайды

ББҮ кестесіне білгендерін толықтырып отырады

Таратпа қағаздар, балық сызбасы, суреттер, слайд ББҮ кестесі

5 мин

Ой дерек

Алдымыздағы оқулық біздің қолымызға қалай түсті? Кітап жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады. Кітапты күтіп, жыртпай ұстау керек.

-Қазіргі таңда кітап басу үрдісі қалай дамып жатыр?

-Қандай баспаларды білеміз?

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтық оқыту

Сынама сұрақтар қою арқылы жауап алу

Оқушылар жауап береді

Слайд

1мин

Ақылдың алты қалпағы

Ал енді білгеніміздің дәлелі ретінде сабағымызды «Ақылдың алты қалпағы» ойыны бойынша қорытындылайық.

Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Сын тұрғысынан ойлау

Алған білімдерін қорытындылау

Әр түсегі қалпақтар фактілермен, дәлелдемелермен сөйлеу

Алты қалпақ

4 мин

Рефлексия

ББҮ кестесіне не үйренгің келеді тізбекте

Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Үйренгісі келетіндерін жазу

ББҮ кестесі

1мин

Бағалау

Топбасшы бағалайды

Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

Формативті бағалау

Көшбасшы бағалауды ұсыну

Көшбасшы бағалайды

Бағалау парағы, смайликтер

1 мин

Үйге тапсырма

Мақал- мәтелдер, ізденіс жұмыстары, «Кітап оқы» акцисы бойынша бір- біріне шағын кітапша жасап сыйға тарту

оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

Слайд

1 мин

Осыған ұқсас жазбалар:

Бастауыш"Жануарлардың көптүрлілігі" дүниетану

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119711

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар