Мал баласын сүйеді. Сөз (Кембридж бағдрламасы)

3 қазан 2014 - Зауре Мухаева

Солтүстік Қазақстан облысы,

Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Мухаева Зауре Тюлюбайқызы

 

Пәні:ана тілі

Сыныбы:1

 

Күні:

Пәні: ана тілі

Сынып:1

Сабақтың тақырыбы:

Мал баласын сүйеді.  Сөз.

Мақсаты:

Оқушылар сөз және оның мағынасы туралы түсінік алады

Табыс критерийлері:

·         Мәтінді түсініп оқуға және әдемі жазуға дағдыланады;

·        Сөздік қорларын байытады

·        Сөйлеу дағдысын жетілдіреді

·         Сабақты  түсінеді,өз ойларын  айта  алады.

·        Топпен жұмыс жасауға  үйренеді.

Сабақтың әдісі:

Бағалау:

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, АҚТ-ны қолдану, сұрақ-жауап

Мұғалімнің бағалауы, смайликарқылы өздерін бағалау

Ресурстар:

Стикер, маркер, флипчарт, жеке сюжетті суреттер, тірек сызба т.б.

Ұйымдастыру кезеңі:

                          

Жүректен-жүрекке.

     Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.)                                 (2 минут)

Қызығушылықты  ояту

  Топқа бөлу, топ мүшелерін сайлау, топтық ережені құру (спикер, хатшы, басшы)                          (5 минут)

   

Мағынаны тану

“Төлдерін ата” ойыны                           (3 минут)

Ой толғаныс

1.     Малды тағы қалай атауға болады?

2.     Олар қай кезде төлдейді?                     (5 минут)

Ойын-жаттығу

170-жаттығу.

   1. Өлеңді  мұғалімнің оқуы

2. Оқушылардың түсініп оқуы.

3. өлеңге қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:

І топ: – Өлеңде не туралы айтылған?

ІІ топ: – Мал баласын қалай сүйеді екен?

    ІІІ топ:  – Төрт түлік туралы тағы қандай өлең білесің?

Әр топқа:– Қой, сиыр, түйе, ешкі, жылқы  сөздерінде неше дыбыс, неше буын бар?                         (10 минут)

Сергіту сәті

Көңілді жаттығу                                       (2 минут)

   

Шығармашылық жұмыс

Берілген сөздердің алдына әріп қосып, жаңа сөз жазу тапсырылады. Ол сөздердің мағынасы түсіндіріледі.  (10 минут)

Жеке  жұмыс

 Өздік диктанты.Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп   жазу тапсырылады.

 Арман мен Досжан (телефон) ұзақ сөйлесті.

Әжесі немересіне (арыстан мен түлкі) ертегі айтып берді.

                                                                    (3 минут)

Қорытынды

Рефлексия

Бағалау      (смайликтер  арқылы өздерін  бағалауды тапсыру)                                                                                                                      

                                                                        (5  минут)


Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға« Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру »

ХимияОттек аллотропиясы.Озон және озон қабатының маңызы.Заттардың жануы

КембриджАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбалары (ҚМЖ)

Қазақ тіліКөктем. Қазақ тілі 4- сынып

Қазақ тіліҚыс. Қазақ тілі 5 сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124339

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар