М.Дулатов. Шешенің балаларын сүюі

21 қараша 2015 - Жамила Даукараева

Сабақтың атауы

М.Дулатов Шешенің балаларын сүюі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Оқушыларды ақын өмірбаянымен таныстыра отырып, берілген өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Ананың құдіреті мен қасиеті туралы дерек беру. Оқушылардың ой — өрісін, тіл байлығын, жүйелі сөйлеуге, өз ойын айта білуге баулу.
3.Қазақтың ұлы адамдарына сүйіспеншілікпен, мақтанышпен, құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс — тәсілі: сызбамен жұмыс, сұрақ — жауап, өлең шығару, эссе жазу.Сабақтың көрнекілігі: музыка
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, еңбекке баулу

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.
Сендерге табыс тілеймін,
Жарық пен жылу, денсаулық! Біріңе — бірің сендер де, денсаулық тілеңдер!

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1.Топқа бөлінеді.

1-топ Сүйіспеншілік, мейірімділік, жылылық, жауапкершілік, тазалық

2-топ. Үй жинады, тамақ пісірді, кір жуды, көмектесті

3-топ. Ботақаным, қошақаным, тентегім, тәттім

Таратылған материалдар арасындағы дараланып жазылған сөзді алған оқушы топбасшы болады.

2. Топқа неліктен осы сөздер арқылы бөліндік?

3. Бүгін біз М. Дулатов туралы білетін боламыз. М. Дулатов кім? (Оқушылар тақтаға өздері жазады)
М. Дулатов

Ақын, жазушы, Алаш қайраткері, аудармашы, драматург
Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Жанкелдин ауданындағы Қызылбел елді мекенінде дүниеге келген.

1935 жылы 50 жасқа 1 ай қалғанда «Ақ теңіз — Балтық» каналының бойындағы Сосновец станциясындағы түрме ауруханасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер — білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
Міржақып шығармалары
Өлеңдері:
Алашқа
Зар заман
Мектепке
Елім — ай
Жас қазақ, қайдасың?
Шешенің балаларын сүюі т. б
Әңгімелері:
Жазғы кеш.
Оқымысты бала.
Күз.
Қасқыр қысты қалай өткізеді?
Шалдың үш баласы.
Ешкімге жауыздық қылма. т. б.
Роман:
Бақытсыз Жамал

Аудармасы:
А. С. Пушкиннен
Абу Фирас Шиллер.
Лермонтовтан т. б.
Олай болса, балалар, бүгін біз осы өлеңдердің ішінен өзімізге ең жақын адам ана туралы, анасы балаларын қалай жақсы көретіндігі туралы «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
Анаға баланың алалығы жоқ — демекші әр ана өз баласын жақсы көреді. Сендерді әрдайым ойлап, үлгілі, әдепті, білімді болғандарыңды қалайды.
Операциялық — орындаушылық кезең1. Әр топ бір шумақтан «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Өлеңнің ішінен сұрақ — жауап үлгісінде жазылғанына назар аудар.

2.Тапсырмалар берілді

1-топ. Өлеңнің мағынасын түсіндіреді

2-топ. Өлеңге кешенді талдау жасайды

3-топ. Аналардың атқаратын қызметі. Ауыл өмірімен байланыстырады
3. Сергіту сәті

Жетім қыздың монологы оқылды

Мағынаны тану

Ой толғаныс

4. Жинақтау

1-топ. Бес жол өлең құрастырады

2-топ. Ана туралы өлең құрастырады.

3-топ. Ақындардың ана туралы жазған шығармаларынан монолог айтады

5. Сөздікпен жұмыс Топбасшылары талдайды

Сөздікпен жұмыс.
Көз жасын көлдету — қатты жылау.

Қуаныштан Реніштен

4. Рефлексиялық — бағалау кезеңі
Ана өмір шырағы,
Ана өмір тірегі.
Ана – деген жылы есім,
Жан тербетер ұлы есім.
— Балалар, анамызды біздер өзіміздің жақсы қылығымызбен, жақсы сөздерімізбен қуанта аламыз. Олай болса қазір жылдың қыс мезгілі болғанымен тақтада тұрған құшақ жайған ананың суретіне гүлді жылы тілек айту арқылы көңілдерін жаз етейік.

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап алыңдар.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Өздерін гүлді бояу арқылы бағалайды

5- қызыл түс

4- сары түс

3- көк түс

Кері байланыс

Оқушылар өздері еңбек сабағында дайындаған жүрекшелерін аналарына сезімдерін айта отырып тапсырады.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышАраша

БастауышАра мен шыбын

2 сыныпҮйшік (орыс ертегісі)

Бастауыш3 сынып "Көл" Т.Молдағалиев

БастауышЖ. Қашқынов "Ұнатам күзді мен"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068818

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru