Математика №1 сабақ. Тақырыбы: Заттың қасиеттері. (үлкен-кіші,ұзын-қысқа,артық-кем).

Математика №1 сабақ. Тақырыбы: Заттың қасиеттері. (үлкен-кіші,ұзын-қысқа,артық-кем).

Сейтбекова Татьяна. Жамбыл облысы, Шу қаласы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп мұғалімі.

Білім беру саласы:№1 сабақТаным

Бөлімі: Математика

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Тақырыбы: Заттың қасиеттері. (үлкен-кіші,ұзын-қысқа, артық-кем).

Мақсаты: Баланың даму денгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау. Заттың қасиеті туралы түсінігін дамыту.

Міндеттері: Балалардың есте сақтау кабілетін арттыру.

Сөздік қоры: артық, кем.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, әңгімелесу.

Қолданылатын көрнекілітер: Шартты белгілері, жемістер, геометриялық фигуралар, сюжетті картиналар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

«Мен кішкентай баламын,

Мен мектепке барамын.

Оқу оқып, білім ап,

Кілең бестік аламын».

Сәлемдесіп достармен

Қуанып мен қаламын.

Қозғаушы мотивациялық.

— Балалар бүгін сендерге мен қажетті оқулықтарыңмен құрал – жабдықтармен таныстырамын. Мынау математика дәптер, мынау шартты белгілер, үлестірмелі материалдар, оқу құралдары, геометриялық фигуралар, қалам, түрлі қарындаштар.

— Мұғалімнің көрсеткен заттарын атап, не үшін қажет екенін айт.

— Балалардың назарын шартты белгілерге аудару. №1 – тапсырма. Жемістерді санау, салыстыру.

— Сөздікпен жұмыс: Больше-артық, меньше- кем.Заттың қасиетін білдіреді.

Шыршаларды салыстыру.

Тапсырма Пішіндер мен түстерді көру. Дид. ойын «Шартты белгілер бойынша затты табу».

Пішіндердің қандай екенін айту, дұрыс боялмаған түстерді атау. Мысалы: дөңгелек- көк т.б.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау

Сергіту сәті:

Бір дененім – білім,

Екі дегенім – еңбек,

Үш дененім – үміт

Төрт дененім – талап

Бес дененім – бірлік

Бірліксіз жоқ тірлік.

Қортындылау: Заттарды түсімен саны бойынша салыстыру, бөлу. Артық, кем, үлкен, кіші түсініктеріне көз жеткізу. Дид. ойын. « Қандай зат екенін тап.»Ойын шарты: заттың қасиетін айту.

Күтілетін нәтиже:

Не білу керек? Артық, кем, үлкен, кіші математикалық түсініктерді ажырата білу керек.

Нені игерді? Заттардың түстерін меңгерді.

Не біледі? Дәптермен жұмыс жасауды біледі.

________________________________________________________________________

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАбайды оқы, ерінбе!..

Орыс тіліПовторение по составу слова

ГеографияГеография пәніне қысқа мерзімді жоспар

ГеографияАфрика материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

Қазақ әдебиетіТуысым – түп-тамырым, қазығым. Тәрбие сағаты.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152366

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар