Математика- ақыл – ой- әуені

25 наурыз 2016 - Адеми Садуова

Тақырыбы: Математика- ақыл – ой- әуені.

Мақсаты:

А) Оқушылардың білімдерін жүйелеу.

Б) Оқушылардың логикалық ойлауын, білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.

В) Еңбекке, өзін- өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың түрі: Оқушыларды екі топқа бөлінеді. Топ аттары және топ басшысы тағайындалады.

Жоспары:

Таныстыру.

«Ойна, ойла»

Сөз мәйегі мәтелде.

Жалғастыр.

Жұмбақтар.

Логикалық ой қозғау.

Ойын түрлеріне байланысты шарттары түсіндіріледі.

Таныстыру. Екі топ эмблемасын, топ аттарын айтып, таныстырады.

«Ойна, ойла».

Тапсырмалары:

Жарты қарбыз 20 теңге тұрады. Бүтін қарбыз қанша тұрады? (40)

Бір таңбалы әр түрлі үш саннын қосындысы көп пе, әлде көбейтіндісіне тең? (1,2,3) .

Барлық сандардың қосындысы көп пе, әлде көбейтісіне көп пе?(көбейтінді).

5 санына бесеу алып 100 санын жаз. ((5+5+5+5)*5=100)

3 Сөз мәйеге мәтелде

Білікті …… жығады.

Білімді…. жығады.

2. Ерке бала- …. жылар

3………. саусақ бірдей емес.

4.Дос егіз болса, дұшпан …..

5. …… тал кессен, …… тал ек.

6. Болар бала……. баспын дейді,

Болмас бала ………. жаспын дейді.

 

4. Жалғастыр:

 

5,1,15,20,25……..

 

8,8, 16,16, 4,4, ………….

 

9,12,15,18,21…….

 

9,1,7,1,5,1,………

 

5. Жұмбақтар:

 

Бұтақ орнына мың бір инесі

 

Компьютер жаны мекені.

 

(Кактус)

 

Батырмасын басасын,

 

Қажет құжат ашасың.

 

(Компьютер)

 

Жүз мүйізі бар,

 

Үстінде киізі бар.

 

(Киіз үй)

 

 

 

Үш таяқтың неше ұшы бар?

 

(6).

 

Логикалық тапсырмалар:

 

5 алманы 5 кісіге тең бөіп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.

 

Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышты мысықтар отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар?

 

Қараңғы бөлмеде керосин шамы мен шырағы қатар тұрса, біріеші қайсысын тұтатар едің?

 

Жыл 12 ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?

 

кг тас ауыр ма,1 кг мақта ауыр ма?

 

Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?

 

Цифрлардың қосындысы 2-ге тең болатын бес таңбалы қанша сан бар?

 

Қорытыңдылау.

 

Жеңген топ анықталып, жеңімпаздар марапатталады.

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115489

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар