Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

6 шілде 2015 - Админ
Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Гүлмира Иманбердиева,

«Өркениет» балабақшасының тәрбиешісі,

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылы

.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды?» сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

Көрнекіліктер:Үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, ат, қой, ботақан) үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.

Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Балаларды шеңберге тұрғызып, «Угәй – ай » әнімен:

-Угәй, угәй әніміз,

Арпа- бидай дәніміз,

Ашық болып аспанымыз,

Сәтті болсын күніміз! –деп, балаларға бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Балалардың көңілін суретке аударады.

-Мынау-сиыр, мынау-ат, мынау-қой, Бұлар – үй жануарлары, себебі оларды адамдар бағады күтеді.Олардың сүті, еті- тамақ, жүні, терісі-киім.

Суреттен көрсетіп, аттың, сиырдың,қойдың түстерін сұрайды.Үй жануарларын қайдан көргендері туралы сұрайды.

-Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен? (Көрсетеді, оларды сипаттауды сұрайды).

Балалар өлеңге қуанушылық танытады.Өлеңді тыңдайды.

Балалар суретке көңіл аударады.Түсінуге тырысады.

Сұрақтарға жауап беруге талпынады.

Ойыншықтарды әкеледі.Сипаттауға ұмтылады.

-Мынау –сиыр түсі қара үлкен т.б.

Әкелген ат, ботақан, қой, сиыр рйыншықтарын алып, енді осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.

-Қой «мә-мә»деп маңырайды;

-Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді;

-Ботақан «бө-бө» деп боздайды;

-Ат «иһо- иһо» деп кісінейді.

Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.

Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

1. «Даусынан таны ?» дидактикалық ойыны.

Үнтаспадағы жануарлардың даусынан не екенін табады.

2. «Төлдерін тап!». Суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді.

Ойыншықтарға қуанады.

Бірге қайталайды.

Дауыстарын салады.

Қимыл қозғалыстар жасайды.

Жануарлардың аттарын айтады.

Төлдерін табады.

Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтқызып үйретеді.

Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді.

Күтілетін нәтиже: біледі: үй жануарларының аттарын; игреді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын; меңгереді: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150737

Пікірлер (2)
Жанна # 7 шілде 2015 в 12:35 0
Гүлмира, сабағыңыз өте қызықты! Сізге рахмет! Еңбегіңізге жеміс тілейміз!!!
Базаргул Агимбекова # 9 шілде 2015 в 00:04 0
Табиғат аясындағы үй жануарларын қорғауға олардың тіршіліктегі маңызын білу арқылы ерекшелігін таныту.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар