Мен және менің отбасым (мектепалды)

31 наурыз 2014 - Админ
Мен және менің отбасым  (мектепалды)

                                                                                        Ақтөбе облысы Шалқар  қаласы
                                                                                        №4 орта мектебінің МАД    тәрбиешісі
                                                                                        Мәтенова Жансұлу Жиенбайқызы

 

 

 

Күні: 05.03.2013ж.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті: Айналаны қоршаған  ортамен  таныстыру

Тақырыбы: Мен және менің отбасым

Мақсаты: Балаларға отбасының өте қымбаттылығын, қажеттілігін, бағалы байлық екенін       

                  түсіндіру.

                  Өз ойларын ортаға салып, еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Шығармашылық   

                  қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

                  Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, еліміздің жақсы 

                  азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Айналаны қоршаған орта әліппе-дәптер, күлімдеген күн, түнерген бұлт,  

                      интерактивті тақта, музыка, жүрек, бейне таспа

Әдіс –тәсілдері: шаттық шеңбері, түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау,өлеңдер

Білім салаларының байланыстылығы: қатынас,  математика, музыка, өзін-өзі тану

Әрекет кезеңдері

                       Тәрбиешінің  

                           іс-әрекеті

           Балалардың

             іс-әрекеті

Дәлелдеу -

ояту

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Балалар қонақтармен амандасады

Ұйымдастыру  іздену

-          Қане, балалар қолымдағы тұрған күнді біз мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

ІІ. Өткенге шолу

1-бұлт

-          Бір жылда неше мезгіл бар?

-          Бір мезгілде қанша ай болады?

2-бұлт

-          Күз мезгілінің айларын кім айтады?

-          Алтын күздің ерекшеліктері неде?

-          Кім күз туралы өлең біледі

3-бұлт

-          Қыс мезгілінде қандай айлар бар?

-          Қыста табиғат қалай өзгереді

-          Кім қыс туралы өлең айтады?

4-бұлт

-          Көктемнің айларын атап шығыңдар

-          Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-          Кім көктем туралы өлең біледі?

5-бұлт

-          Жаз мегіліне қандай айлар жатады?

-          Жазда нелер піседі?

-          Кім күз туралы өлең айтады?

ІІІ. Күн ашылды

Күлімде, күн күлімде!

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың қызыл гүліндей,

Қолдарына ту алсын!

Осы жарқыраған күн мейірімін, жан шуағын төксе, адамгершілікті, мейірімділікті, жылы сөздерді кімнен аласыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар балалар  анадан, әкеден, атадан, әжеден, ағадан...

— Олай болса, балалар, бүгін біз «Мен және менің отбасым» тақырыбында әңгімелейміз.

Суреттегі  отбасы мүшелерін ата?

Кімнің немен айналысып жүргенін айтып бер?

Ой шақыру. Күн шуғын толтыру

                   апа           ата      іні

           ана                                     сіңілі

      
    
   
 

 


                    әке         әже     аға

 «Туыстық атаулар» атты бейне көріністі тамашалау Балалар, бүгін біз ата- аналарымыз, туыстарымыз, бауырларымыз  жайлы айтамыз. Ешкім де туысқан – туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да, адамнан  тараған, сонысымен ол көп жапырақты, көп  тамырлы  ағашқа  ұқсайды. Туыстар  дегеніміз – сол  бір  түбірден өскен, бір  ағаштың  бұтақтары тәрізді. Сол  себептен біздің ата- бабаларымыз « Туысым – түп  тамырым » деп  бекер айтпаған.

Сергіту сәті

              Бас бармағым — атам

              Шаңырақ данасы

              Балан үйрек — әжем

              Шаңырақ анасы

              Ортан терек — әкем

              Шаңырақ панасы,

              Шылдыр шүмек — анам

              Ошақ ажары

              Кішкене бөбек — мен

             Бәрінің базары

Мінеки, балалар, біздің бес саусағымызды отбасы мүшелерінің аттарын қойып атауға болады екен.

Ойын: «Жүректен жүрекке»

      
   
     
 

 


         

 
  

 

 


— Сенің отбасында қанша адам бар?

Санап санын жаз?

Б.Серікбаевтің Мен –апамның ай мен күні өлеңін оқу

Апам мені: «Айым!» — дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Апам мен: «Күнім!» — дейді,                                      Мен қуансам, күлімдейді

Сендерді үйлеріңде атаң, әжең,әкең, анаң ,  тәтең, қалай еркелетеді?

Тыңдайды

 

 

 

 

 

 

Балалар жыл мезгілдері туралы

сұрақтарға өз беттерінше жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

Суретке қарап әңгімелеп беруді үйренеді

 

Ата,әже, әке, ана, аға, апа, іні деп өздері тақтаға жазады

 

 

 

 

Балалар бейне көріністі тамашалайды.

Сергіту жаттығуын  қимыл-қозғалыспен орындайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Отбасында қанша адам бар екенін санап айтып жүрекке санын жазып тақтаға жапсырады

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды

 

Отбасы қалай ерке-лететінін айтып береді.

 

 

 

 

Рефлекс   түзету

Қорытынды

Туысқандық  парыз – ағайын – туысқанға  бір  әулеттің  жалғасымыз деген  сезіммен  қарау, соған лайық жақындық  жасап, ілтипат  көрсету, жиі  барып тұру, хал – жағдайын  сұрасып, қажет жәрдем көрсету, қуаныштарында  құттықтап  тұру. Солай  еткенде әр  туыстың отбасы сәулетті, берік те  бекем , берекелі  болмақ.

-Бәрімізде, балалар, ата-анамыздың құшағында

бақытты өмір сүріп жатырмыз.

-Әрқашан аспанымыз ашық болып, күніміз

жарық болып ата-анамыз әрдайым қасымызда болсын. Олай болса «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін бәріміз бірге айтайық.                             

Мадақтау

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әнді ұйымшылдықпен орындайды.

ҰОІӘ-не жақсы қатысқан балалар мадақталады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білді:  Балалар отбасы  мүшелерін  бір-біріне  туыстық  қарым-қатынасын

Игерді:  Суретке  қарап  әңгіме  айтуды, қойылған сұрақтарға толық жауап  беруді  өз ойларын

               еркін жеткізе білуді

Меңгерді: «Мен және менің отбасым» тақырыбын түсініп, ойларын нақты жеткізе білуді  

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083466

Пікірлер (2)
Гульжан # 10 қазан 2014 в 20:03 0
камшат # 8 қазан 2015 в 03:09 0
тех карта керек мад қа арналған

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар