«Қыстап қалған құстар» Мектепке дейінгі білім беру

10 ақпан 2015 - Асель Бактыбаевна

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай-балалар бақшасы»МКҚК әдіскері Сыгаева Асель Бактыбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Қыстап қалған құстар»

Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, ақыл-ойын дамыту.Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, құстар суреттері

Әдіс-тәсілдері: Эврестикалық, репродуктивті

Түрі: Кіріктірілген сабақ

Қолданылған білім беру технологиясы: «Тәй-тәй»

Ұйымдастыру кезеңі: Таңертеңгі жылы сәлемдесу. Жылулық шеңбері Мөлдір таза ауада Табиғаттың бәрі оянады. Оян сенде бар бала, Қайырлы таң балалар!

Өткен сабақты еске түсіру.

-Балалар, біз өткен сабақта біз не үйрендік? Балалардың жауабы (Екі аяз ертегісі) Негізгі бөлім: — Балалар қазір жылдың қай мезгілі?-қыс -Қыс айларын атаңдаршы? — Қыста қандай өзгерістер болады? (Балалармен қысқы өзгерістер жайлы әңгімелесу) Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қыстап қалған құстар». Балалар қыс қарлы-боранды, аязды жылдың суық мезгілі. Барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді екен.Әрине суыққа төзімділері ғана қыстап қалады Оларды қыстап қалатын құстар деп атайды. /суретерін көрсетіп, аттарын атап, әр қайсысын сипатап беру/Қарны ашып, жаураған құстар адамдарға жақын келіп, олардан көмек күтеді.Бұл кезде олар қорқуды ұмытып кетеді.оларға адамдар қамқор болып, жем шашады. Тоңып қалмасын деп ұя жасапағаштарға іліп қояды. Енді құстарға арналған мақал-мәтелдер айтып үйренейік.Мақал-мәтелдер:

ØҚұс жеткен жеріне қонады

ØҚұс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады

ØҚар құс басып жейді, сауысқан шоқып жейді.

–Балалар, барлық құстарға тән қандай қасиеттер бар?/ұшады, жем жейді, жұмыртқалайды, қанаты бар/

Сергіту сәті:

Торғай болып ұшайық,ұшып-ұшып алайық. Бүркіт болып аң аулап,қыран құс боп самғайық. Қарға болып жорғалап, қар үстіне қонайық.

Қорытынды:

Енді балалар «Қыстап қалған құстар» ойынын ойнайық. Торғай Торғай, торғай тоқылдақ, Жерден тары шоқып –ап. Бөтекесі бұлтиып, Шиқ-шиқ етіп отырмақ.

Қарға Мынау қарға қарғалар, Қар үстінде жорғалар. Тамақ тапса қарқылдап, Топпен ұшар жалпылдап.

Сауысқан Ала қанат сауысқан, жауыр көрсе жабысқан. Ойда жауыр көрінсе, ойбайлатқан сауысқан. Қырда жауыр көрінсе, қаңқылдаған сауысқан.

-Балалар тағы бір ойын ойнайық.

-Қонып алып жарға, қарқылдайды… (қарға) Өзі сақ,өзі ұзын, Шықылықтап қоймайды. Ағаштан ағашқа тұрмайды Бұл қандай құс?............../сауысқан/

Бейнелеу өнері /жұлмалап қию әдісі/

Балаларды 3 топқа бөлу

1-топ. Құстарды киіндірейк /торғай бейнесі сызылған қағаздарды тарату/ балалар қоғыр түсті қағазды жұлмалап сызбаға жабыстырады.

2-топ. Геомертиялық пішіндермен құстарға ұя құрастырады.

3- топ. Құстарды себетке жинайды.

Балаларды мақтау-мадақтау.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышСауат ашу.Тақырыбы: Балабақшада. Әңгіме құру.

Ұстаздарға"Сүйемін туған тілімді"

ҰстаздарғаОйын арқылы құқықты үйрену

2 сыныпБала тілі-бал

БастауышАспан әлемі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148647

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар