Менің елім - Қазақстан!

12 қаңтар 2016 - Маржан Ахмадиева

 

Тақырыбы: Менің елім-Қазақстан!

Мақсаты:

1. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.

Көрнекілігі мен жабдығы:  Интерактивті тақта, Астана, рәміздер суреттері, сызбалар, мақал – мәтелдер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

 Қайырлы күн құрметті қонақтар!

Аяулы да ардақты ұстаздар!

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің елім-Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп,  инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз Сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Мұғалім:

-Балалар, Отан деген не?

«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз. Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

Мұғалім: Отан  туралы қандай тақпақтар білеміз?

Әлібек:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан — өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Айсұлтан:

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан — өлең, отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Бақтияр:

Отан – осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

 «Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Мұғалім: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Хормен: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады?

Мұғалім: Ендеше, балалар, ақын Мұқағали Мақатаевтың  «Отан туралы» өлеңін кім айтып береді?

Мұғалім: Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Хормен:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев./инт. тақтадан Н.Ә.Назарбаев суретін көрсету/

Мұғалім: Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Интерактивті тақтадан Астананың суреттерін көрсету.

Мұғалім.Балалар, Астанамыз туралы қандай өлең білеміз?

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала – Астанам!

Тың жылдарды бастаған,

Жалған атын тастаған.

Қайта түлеп құлпырған,

Ей, бас қала -Астанам!

Шырқап көкке аспан -ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қала-Астанам!

Мұғалім: Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет?

-Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?

 1986ж желтоқсанда Алматыдағы жастар көтерілісі жайлы айтады.

-Тәуелсіздік құрбандары жайлы кімдерді білеміз?

Оқушылар: Қайрат  Рысқұлбеков, Ләззат Асанова

Интерактивті тақтадан Қайрат, Ләззат суреттерін көрсету.

Мұғалім: Балалар, осы аға-апаларымыз туралы қандай өлеңдер білеміз?

Тапталмасын деп қазақтың кек -ары

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Топты бастап шықты Ләззат алаңға

Толған еді 16-ға небәрі,

Қаһарман қыз, ғажап қыз-

Ұрандады Ләззат қыз.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар.

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Мұғалім:

«Таңбасыз ел болмайды ,

Найзасыз ер болмайды – демекші егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  рәмiздері 1992ж 4 маусымда қабылданды.Кім атап береді?

Оқушылар:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы    

2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік   Елтаңбасы

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны

Интерактивті тақтадан рәміздерімізді, оның  авторларының суреттерін көрсетіп, қысқаша түсінік беру.

Мұғалім:

Балалар, Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-ға жуық қала, 150-ден астам аудан бар.Республика халқының саны -15 миллион. Қазақтан басқа 130-дай ұлттар тұрады.Қазақстан жері -  ұлан байтақ.Батыстан Шығысқа 3000км, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600км-ге созылып жатыр.Жер көлемі бойынша – Қазақстан әлемде – 9 орында. Құстың 480түрі, балықтың 150 түрі кездеседі. Пайдалы қазбаларға өте бай.Дәрілік өсімдіктің 250 түрі бар.

            Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық.Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын қазақ халқына жолдау жолдайды. Биылғы жолдауы ″ Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, қазақстанның жаңа мүмкіндіктері″деп аталады.Бұл жолдауда қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін халықтың әл-ауқатын, тұрмысын жақсарту басты назарда болғаны туралы айту.

Қорытынды.

Мұғалім.

Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екнімізді естен шығармайық. Саналы, білімді азамат болып шығуымыз үшін не істеуіміз керек?

Балалар :

Еңбек етуіміз керек.

Мұғалім:

Біздің қазіргі еңбегіміз не?

Балалар:

Оқу.

Мұғалім :

Оқу, білім туралы қандай мақал –мәтел білеміз.

«Жалғастыр» ойынын ойнайық.

1. Отан –оттан да  … / ыстық/

2. Отансыз адам,

    Ормансыз  ...  / бұлбұл/

3.Кітап білім … / бұлағы/

4.Оқу   ....   құдық қазғандай

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышТәуелсіз елім- Қазақстан!

БастауышСәлем саған, Алтын күз!

БастауышҚош бол, құтты әліппем!

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

Ұстаз үніТақырыбы: Шуағын төккен, төрт көктем!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141961

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар