Молшылық күз – береке күз Береке күз – мерекеміз

30 наурыз 2015 - Рая Акимжанова


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімін кеңейте түсу, күз байлықтары – астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру

2. Өлеңді мәнерлеп оқуға, сөзін анық айтуға үйрету

3. Еңбекті және табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Альбомдар: 1. Күздің кереметі

2. Алтын күз

3. Егін – жер шырайы

Сабақтың барысы:

1.Кіріспе

2.Әдеби-музыкалы монтаж

3.Жұмбақтар шешу

Сұраққа жауап алу

1.Бір жылда неше мезгіл бар?

2.Қазір қай мезгіл?

3.Күз айларын ата?

4.Қазір қайсы ай?

5.Күзде қандай өзгерістер болады?

Ақерке:

Күздің бірінші айы – Қыркүйек. Молшылықтың, байлықтың айымын. 1-қыркүйек – білім күні.

Алтын аспан кең далам

Ынтымақты ел маған

Қызыл қырман иесі

Қыркүйегің мен болам

Дияс:

Қоңырау соғылды

Күміс күй төгілді

Күн ғой бір ең тәуір

Бірінші қыркүйек

Даниал:

Қадірлі мектеп, бұл мектеп

Оқыған ата-анамыз.

Атыңды сенің құрметтеп,

Әрқашан еске аламыз.

Е.Бауыржан:

Оқуға алғаш келгенде

Болсын деп білім серігім

Қиялым қанат бергенде

Жүзбек боп ғылым теңізін

Қарсы алды күліп мектебім

Тұр екен дайын партасы

Олжас:

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерде секірді

Аружан:

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Бау-бақша тосады

Тосады достарым

Дастархан толған дән

Жайдары аспаным

Айтолқын:

Нан қоқымын шашпаңдар

Аяқпенен баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар

Ерсұлтан:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Құстар қайтты, ән салып

Бұлт торлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзғы суық басталды

С.Бауыржан:

Күздің екінші айы – Қазан.

Күзгі жиын-теріннің соңғы айымын,

Қазан айының алғашқы жексенбісі – мұғалімдер мерекесі

Елдар:

Оқу оқы, еңбек ет

Демал досқа бер көмек

Отанды сүй, адал бол

Өнегелі адам бол

Аруана:

Күздің үшінші айы – Қараша

Күздің соңғы айымын, қыстың жақын қалғанын хабарлаймын

Молшылық күз – береке күз

Береке күз – мерекеміз

Айбек:

Қараңдаршы көзің тоймас

Күз деген бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың ішін

Бір молшылық жатқан шалқып

Ал, балалар, кім біледі

Неге айтамыз алтын күз деп?

Нұрай (жеміс):

«Алтын күз» деп

Біз айтамыз сол үшін де

Сары алтындай сары қауын

Көп піскен соң бау үшін

Ақжол (қарбыз):

Аласы бар, жасылы бар, көгі бар

Ішін ашсақ, қара мөлдір дәні бар

Е.Бауыржан (алма):

Қараймын тауға

Қараймын бауға

Өсіп тұр онда

Қып-қызыл алма

Бекарыс (шие):

Шиемін мен шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

Шұғыла (жапырақ):

Жаңа піскен алма баққа

Көзің тоймас қарасаң да

Қараңдаршы сары алтындай

Жапырақты қайың, талға

Мұны көріп күзді қалай

Теңемессің сары алтынға

Амир (егін):

Қараңдаршы қандай сұлу

Бидай басқан мына дала

Әрбір адым, әрбір жота

Алтын жайып тастағандай.

Жұмбақтар:

Жер астында жез қазық

Жеуге болар ас қазық (сәбіз)

Аласа тауда, алуан алма

Алқызыл болмай, аузыңа салма. (қызанақ)

Сыртым – қызыл, өзім – ақ, денем – доптай

Шешіндірсең жылатам ұрмай соқпай. (пияз)

Концерт Қорытынды

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103575

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар